Назар аударыңыз! Бизнес-жобалар байқауына өтінім қабылдау аяқталды!


Құрметі әріптестер және ҚарМТУ білім алушылары, сіздерге Университет студенттері, магистранттары және докторанттары арасындағы бизнес-жобалар байқауына өтінім қабылдау аяқталғанын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда 34 өтінім тіркелді. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту ісіне белсене ықылас танытқандарыңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз!

Байқаудың екінші кезеңі 2018 жылдың 9-23 сәуірі аралығнда өтеді. Өтінімдері екінші турға өткен қатысушыларға 2018 жылдың 7 сәуіріне дейін хабарлама жіберіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы — Инновациялық-кәсіпкерлік қызмет бойынша департаменті (ИКҚД)

Жастар бизнес-жоблары жайлы ақпараттарды Инновациялық-кәсіпкерлік қызмет бойынша департаментінен алыңыздар. №248  кабинет, бас корпус телефон 56-75-97  (ішкі. 2031)

Электронды пошта: dipd_kstu@mail.ru

Без рубрики