ҚарМТУ магистранттары Алматы энергетика және байланыс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті


«Өлшеу жабдықтары және приборлары» кафедрасының магистранттары мамандығы

  • 6М071600 Аспап жасау Есімжан А.А., Кәмел А.Е., Баянова М.Е., Әдебиет Д.Ж. Алматы энергетика және байланыс университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Біздің магистранттар AЭБУ ғарыштық инженерия және телекоммуникация институтының электроника және робототехника кафедрасында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың негізгі мақсаты жаңа білім, білік дағдыларын қалыптастыру және бекіту болды.

«Электроника және робототехника» кафедрасында біз жұмыс істедік және зертханалық кабинеттермен таныстық, атап айтқанда: микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелер зертханасы, микроэлектроника зертханасы, желілік технологиялар және байланыс зертханасы, приборлар мен автоматика зертханасы, сонымен қатар өлшеу технологиялары зертханасы. Біз зертханалық стендтерде «Камоззи», «SIEMENS», «FPGA», «деңгей мен жанармай шығынын өлшейтін құрал», «микромеханикалық гироскоптар және инерциялық датчиктер» жұмыс жасадық.

 

Без рубрики