«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша іс-шара

30 қыркүйек университеттің бас ғимаратының жиын залында университеттің профессорлық оқытушылық құрамы және студенттерінің ақпараттық топпен: әділет департаменті, Қарағанды облысы бойынша жылжымалы мүлік орталығы, нотариалдық палата және қорғаушылар коллегиясының өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушы- Қарағанды облысының әділет департаменті.

Мақсаты- «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, әділет департаменті құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. ҚР «Әділет органдары туралы» заңының 19 бабының 2 б. 1 т. Сәйкес құқықтық насихаттау саласында әділет органдары құқықтық насихаттауды ұйымдастырудың ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады және заңды түсіндіруге қатысады.

Без рубрики