Молодежь – будущее нации


Ақпан айының 21 күні колледж директоры – Н.А.Смағұлованың қолдауымен 1 курс  студенттері: Бастами Аружан, Нарова Амина, Сайдолла Алтынжан, Серікхан Тәуіржан, Бұқпанов Рауан, Бегалиев Ернұр  «Сарыарқа» телеарнасында өткен, журналист   Асылбек Тойбек жүргізетін   «Ойталқы»  бағдарламасына қатысқан болатын.  Бағдарламада талқыланған басты тақырып: «Жас бозбалалар мен бойжеткендердің қоғамдағы орны».  Бағдарлама барысында бозбалалар мен бойжеткендердің қоғамда алатын орындары, арқалаған міндеттері Отан, ел алдындағы жауапкершіліктері сөз болды. Ел тірегі болатын келешек ұрпақтың бүгінгі пайым-пікірі өмірге деген көзқарасы, ұстанымы өте маңызды. Оларға дұрыс бағыт-бағдар беріліп, білімі мен білігін жетілдіру – бүгінгі аға ұрпақтың мойынында. Сондықтан мұндай шараларға колледж студенттерінің атсалысуы маңызды деп білеміз. Себебі, әр студент тұлға, келешек ел азаматы ретінде қалыптасуы осындай игі бастамаларда кеңінен талқыланады.

Айзада Рахымжанова
Оқытушы

Без рубрики