ММҚУ-да машықтану


2015 ж. 10- 19 наурыз аралығында Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті «Менеджмент және жаңашылдықтар» кафедрасының ЖОО-мен ынтымақтастықты дамытуы шеңберінде ҚарМТУ-дың «Кәсіпорын экономикас» кафедрасының 6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистранттары машықтанудан өтті. «Экономиканың тұрақты даму механизмін жетілдіру» атты машықтану бағдарламасы мекемені стратегиялық басқару және қаржы менеджменті мәселелеріне арналған шеберлік- сағаттарынан тұрды.Ең өзекті мәселелердің арасында макроэкономикалық тұрақсыздық кезеңінде экономикалық үдерістерді, валюта бағамын және еңбек нарығын реттеу тақырыбын ерекше айтуға болады.
Сонымен қатар, ММҚУ оқытушылары ҚарМТУ магистрлерінің магистрлік жұмыстары бойынша жеке кеңесткр берді.

Без рубрики