Мини-футбол бойынша жарыс


2016 жылы 13 қараша сағат 10.00-ден 17.00 дейін Университет Спорткешенінің №2 спорт залында «Армандастар Ордасы» ТК мен «Серпіндестер Ордасы»жатақханаларында тұратын студенттер арасында

мини-футбол бойынша жарыс өткізілді.

Жарысқа А және Б топтарына бөлінген 6 команда қатысты. Жартылай финалға жоғары ұпай алғандар мен өз топтарында 1 және 2 орын алған командалар шықты.

Бірінші жартылай финалда «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасының 5-ші және 8-ші қабаттағы комнадалары кездесті, ал екінші жартылай финалда  4-ші қабат пен «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының командасы кездесті. Финалға 5-ші және 4-шіқабат комнадалары өтті.

Жарыстың нәтижелері:

I орын – «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасының 5-ші қабат командасы;

II орын – «Армандастар Ордасы» ТК жатақханасының 4-ші қабат командасы»;

III орын – «Серпіндестер Ордасы»жатақханасының командасы.

Барлық командалар құрметті грамота және дипломдармен марапатталды. 1-ші орынды иеленген команда «ҚарМТУ жатақханаларының күзгі жүлдегері» иесі атанды.

ML4Dr3OXAY4 Bq5xCz_BOC4 3aOQb-C_cTs

 

Без рубрики