МИИДБ-2 бойынша бейіндік магистратура түлектерінің диплом алу рәсімі


23  ақпан күні ҚарМТУ-дың «Жастар әлемі» Жастар сарайында МИИДБ-2 мамандарын даярлау бойынша жаңа тәжірибелік-бағдарлық білім беру бағдарламаларына сәйкес бейіндік магистратураны бітірген түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

2017 жылдың басында осы бағдарлама бойынша университетімізді «Робототехника. Басқару жүйелері», «Металлургиядағы нанотехнология» бағыттары бойынша білім алған алғашқы 120 магистрант  бітірген болатын. Олардың барлығы қазіргі таңда қызметке орналастырылған.

Биылғы жылы аталмыш бағдарлама аясында білім ордамызды 9 бағдарлама бойынша 319 магистрант тәмамдады. Бұл бағыттардың 7-уі алғаш рет енгізіліп отыр. Олар: «Тау-кен өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар», «Геология және пайдалы қазбаларды барлаудағы инновациялық технологиялар», «Тау-кен ісіндегі инжиниринг», «Тау-кен кешеніндегі инновациялық технологиялар. Геотехника», «Нанотехнология және наноматериалдар», «Жылу жүйелері мен станцияларының өндірістік  инжинирингі», «Металлургиядағы құрылыс  инжинирингі». Биылғы жылғы түлектер де Қарағанды облыс Индустриаландыру картасы бойынша үшжақты келісімшарттар негізінде жұмысқа орналастырылады.

Салтанатты рәсімде түлектерге ҚарМТУ бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Аристотель Исағұлов, Жұмагелді Байжанов, Фарид Низаметдинов, Иосиф Брейдо, Мақат Дастан сынды техник ғалымдар сәттілік пен табысты еңбек тіледі.

Жиын білім ордамыздың шығармашылық студенттік ұжымдарының ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламамен соңына ерді.

 

 

 

Без рубрики