МІ және Г кафедрасының студенттері жанармай-энергетикалық кейстарды шешу бойынша Чемпионаттың тау-кен ісі бойынша лигасының іріктеуші кезеңнің жеңімпаздары атанды!!! Құттықтаймыз!!!

Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының студенттері жанармай-энергетикалық кейстарды шешу Чемпионат лигасының тау-кен ісі бойынша іріктеуші кезеңінің жеңімпаздары атанды.

 2015 жылдың 19 наурызында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде жанармай-энергетикалық кейстарды шешу Чемпионат лигасының  тау-кен ісі мен электроэнергетика бойынша іріктеуші кезеңі өтті.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі іріктеуші кезеңнің  Чемпионаттағы рөлі ерекше: ҚарМТУ-мен ынтымақтастық ұйымдастырушыларға жанармай-энергетикалық кейстарды шешу бойынша қозғалысты халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, екі ел ЖЭК жастарының жұмысын нығайтатын кең ауқымды жобаларды жүзеге асыруға болады.

ҚарМТУ-ғы іріктеуші кезеңнің жеңімпаздары Мәскеуде өтетін Чемпионат финалында өздерінің Жоғары оқу орнын ғана емес, Республикамыздың бүкіл ЖЭК студенттік жастарын көрсетеді.

ҚарМТУ Чемпионатқа екі жыл бойы қатысып келеді, осы жылы эоектроэнергетика бойынша лигасына қосылғаны айтарлықтай үлкен жетістік.

ҚарМТУ-ғы іріктеуші кезең ҚР Энергетика Министрлігінің қолдауымен өтті. Мекеме басшысы Владимир Школьник атынан жобаның ұымдастырушылары мен қатысушыларына құттықтау сөз жолданды.

«Горняки» командасы тау-кен ісі бойынша іріктеші кезеңнің жеңімпаздары атанды:

  •  Абай Байзак(команда капитаны, Тау-кен факультеті, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы)
  • Сабит Бейсембаев(Тау-кен факультеті, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы)
  • Дарья Волошина(Инженерлік экономика және менеджмент факультеті, «Кәсіпорын менеджменті» кафедрасы)
  • Сания Маматова(Тау-кен факультеті,  «Пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу» кафедрасы»)
march_19_news-1

Студенты кафедры «Маркшейдерское дело и геодезия» КарГТУ Абай Байзак (капитан команды) и Сабит Бейсембаев в составе победившей отборочный тур команды «Горняки»

Іріктеуші кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Чемпионатты ұйымдастырушылары мен қонақтары атынан дипломдар, құнды жүлделер мен естелік сыйлықтар сыйланды. Сонымен қатар командалар Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің мақтау қағазымен марапатталды.

Іріктеуші кезең өту кезінде  жанармай-энергетикалық кейстарды шешу бойынша Чемпионатты ұйымдастырушылары мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің басшылығының кездесуі өтті. Университет ректоры Ғазалиев А.М. Чемпионатты ұйымдастырудың жоғары деңгейін  және осы жоба қазақстандық студенттер алдында ашатын көптеген мүмкіндіктерді  атап өтті. Сонымен қоса, университет Форумның басқа жобалары мен Чемпионаттың шеңберінде өзара ынтымақтастықты дамуға дайындығын айтты.

ҚарМТУ тау-кен ісі бойынша лиганың эстафетасын Чита қаласындағы Забайкал мемлекеттік университетіне тапсырады, 2015 жылдың 24 наурызында келесі кезеңі өтеді.

Электроэнергетика бойынша лиганың кезекті кезеңі Оңтүстік-Орал Ұлттық зерттеу университетінде (Челябинск қаласы) 2015 жылдың 20 наурызында өтеді.

Толығырақ ақпаратты келесі сілтеулерден аласыз: