Қозғалыстағы халықаралық стандарттар

Біздің университетіміздің тарихы мен қазіргі жетістіктері Елбасының қызметімен, оның ғалами инициативалары мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бойынша бағдарламалық нұсқаулар,сонымен қатар жоғары білім саласындағы халықаралық үлгі деңгейіне жетумен тығыз байланысты.

Нұрсұлтан Әбішұлының бұйрығың іске асыру үшін ҚарМТУ негізінде осы таяуда Халықаралық материалтану орталығы үшін құрылған  Ғылым және коммерциялаудың Халықаралық кеңесінің республикалық байқауының жеңімпазы аттанып, 2 миллион АҚШ доллар көлемінде грантқа ие болған Қазақстандағы ең үздік инженерлік бейінді зертханаларының бірі құрылды. Ол инновациялық жүйесінің ұлттық субъектілер басты интеграторы болуға, зерттеулер жүргізуде халықаралық үлгілерді  ілгері бастыруға және халықаралық ғылыми қоғам мен индустриямен қызмет жасаудың дамуына шақырады.

Сонымен қатар ҚарМТУ-да Қазақстан пісіру институты құрылған, оның негізінде «Тоталь» компаниясы «Халықаралық пісіруші», «Пісіру бойынша халықаралық практик» және «Халықаралық инженер-пісіруші IWE» бағдарламалары бойынша халықаралық үлгілерге сәйкес оқытуды бастады.

ҚарМТУ негізіндегі Бірлескен университет мүшелігіне Қазақстанның тау-кен-металлургиялық жүйе құрайтын кәсіпорындарымен, трансұлттық компанияларымен, жетекші ғылыми орталықтарымен бірге әлем авто өнеркәсібінің алыбы болып келетін Минск трактор зауыты, «БелАЗ» және «Амкодор» холдингтары да кірді. ҚарМТУ екінші курсының студенттер дүрмегі Беларусьтағы Минск трактор зауытының кәсіпорындарында іс-тәжірибеден өтті. Ол болашақ мамандарға әлемнің 127 мемлекетіне өз өнімін экспорттайтын машинажасау өндірісінің флагмандарының жұмысын зерттеуге, СББ қазіргі станоктармен және өндірістік роботтармен жұмыс істеуге, компьютерде сызуларды жасауға. Сонымен қатар Қазақстандағы белоруссиялық техниканы жөндеуге және қызмет жасауда мамандандырылған кәсіпорындарда жұмысқа тұруға жүз пайыз кепіл алуға мүмкіндік береді.

Екатеринбургта (Ресей) Қарағанды облыстық әкімшіліктің делегациясының қатысуымен өткен «ИННОПРОМ-2013» халықаралық өндірістік көрме және форум нәтижесі бойынша  ҚарМТУ ғалымдары Орал федералдық университетімен, РҒА ОБ және Свердловск облысының кәсіпорындарымен Кеден одағының мемлекеттерінің индустриялдық аймақтарының қызметтестік бағдарламасының шеңберінде  қара және түсті металлургия, машина жасау және баламалы энергетика саласында инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша жұмысын бастады.

Бес оқу-ғылыми-өндірістік  және жұмыс мамандықтарының орталықтарында СББ-мен станок бағы, тау-кен-шахта жабдықтарының ерекше полигоны, Leica Geosystems швейцариялық фирма өндірісінің геодезиялық кешені, FESTO германиялық-австриялық фирмасының өндірістік кешені, сонымен қатар АҚШ, Швеция және Финляндия өнеркәсіптерінің ерекше пісіру кешендері қызметін атқарады. «Бірлескен университет» инновациялық-білім консорциум қызметінің идеясы мен әсерлі нәтижесі Ресей инженерлік білімінің көшбасшыларының бірі – Томск политехникалық университетінің өкілдерінде үлкен қызығушылық оятты. Білім үдерісінің халықаралық үлгілерге деген бағыты «білім-ғылым-инновациялар» үш таған шеңберінде терең ықпалдастықты қамтиды. Қазіргі парадигманы тиімді түрде іске асыру үшін ҚарМТУ-да 50 ҒЗИ, ғылыми зертханалар мен орталықтар, кіші енгізбелік кәсіпорындарды біріктіретін инновациялық ғылыми-техникалық кешен өз қызметін ойдағыдай атқарады. 2012 жылда инновациялық бөлімшелермен орындалған ҒЗИ көлемі 1,4 млрд.теңге құрады.

Көмір шахта метанның өндірістік пайдалануында негізделген Қазақстанда жаңа энергетикалық сала құру бойынша «жасыл технологиялар» саласында ауқымды жоспарды іске асыру үшін ҚарМТУ-да аңызды кенші, ғалым және азамат – профессор Николай Дриждтың басшылығымен «Метан» орталығы құрылды. «Метан» жобасы «Бизнес жол картасы — 2020» еніп, 4 трлн.м3 құрайтын әлемдегі ең ірі метан қорларының негізінде мемлекет өндірісінің салалардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге арналған. АҚШ-та метан өндірісте бірнеше онжылдықтар бойы пайдаланып, газ өндірудің 10% құрайды, ал Жапонияда мұхит түбінен метан газгидратын өңдеу бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Қазақстанда 34 млрд.т.жоғары жиналған бағалы металл алумен индустрияның қатты минералды қалдықтарын қайта өңдеу үшін тәжірибелі өндіріс құру бойынша ҚарМТУ ғалымдарының инновациялық жобасының үлкен перспективалары бар.

А.Борисенко профессордың ғылыми бастауымен өндірістік экологияның ҒЗИ-да абсолюттік инновация қатарына жататын өндірістік газ тазалау бойынша құрылғылардың ерекше тәжірибелі нұсқалардың зертханалық сынаулары жасалып, өткізіледі.

ҚарМТУ-дағы қайта құру және дамытудың көп бейінді институтының ғадлымдары мен мамандары «Қазақстандағы бейтарап үй» ауқымды жобаның дамытуын жүргізеді, бұл Green Building әлемдік құрылыс трендтің жүзеге асырудың мысалы және қуат тиімді ғимараттардың жобалау мен құрылыстың еуропалық үлгілерінде негізделген. Осы институттың мамандары еурокод  негізінде құрылыстың 15 республикалық нормативтік-техникалық құжаттарын жасап, халықаралық үлгілермен 11 нормативтік-техникалық құжаттардың үйлестіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2013 ж., маусым айының 14 күні ҚарМТУ әлемдік ғылыми орталықтар мен зертханалардың потенциалын пайдалану негізінде білім жобаларын және ғылыми зерттеулерді бірге дамыту үшінотандық білім және ғылым флагманы — Назарбаев Университетімен қызметтестік туралы келісімге қол қойды.

Әлем білімінің мәселелерін шешудегі драйверлар бұл әр түрлі білім жүйелерінің қатысуымен ірі халықаралық жобалар мен бағдарламалар болып табылады.

ҚарМТУ  ТEMPUS, Erasmus Mundus, «Синергия», ШЫҰ Университетінің халықаралық білім жобаларына белсене қатысады. Сонымен қатар ҚарМТУ – Қазақстандағы  «ЭКСПО-2017» дайындығына үлкен маңызы бар «Энергетика» және «Экология» өзекті бағыттар бойынша ШЫҰУ негізгі университеті және FESTO германиялық-австриялық концерн қамқорлығымен іске асырылатын «Синергия» халықаралық жобасының жалғысз қатысушы.

ҚарМТУ негізінде 2011 жылдан бастап Шихэцзы және Бейжин университеттерімен тығыз байланыста болатын студенттер мен оқытушыларды қытай тілі мен мәдениетіне оқыту бойынша Конфуций Институтының филиалы қызметін атқарады.

Ақырғы жылдары Топ-20 және Топ-500-ге енетін, жоғары білім көшбасшылары, оның ішінде Гарвард және Гонконг университеттері, жетекші университеттердің 200-ден астам беделді ғалымдар мен мамандары ҚарМТУ-ға сабақ, семинар және ғылыми дәріс беруге келді. Кері қозғалыс та өсуде: «Болашақ» бағдарламасы және академиялық мобильділіктің шеңберінде мыңнан астам ҚарМТУ-дың студенттері, магистранттары және жас оқытушылары әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында обілім алды және ғылыми машықтанудан өтіп, алған тәжірибесін Қазақстанда қолданады. Жандос Оразалин сияқты «Болашақ» бағдарламасының түлектері Массачусетс технологиялық институтын бітіріп, оқуларын PhD докторантурасында жалғастырады.

Академиялық алмасу бойынша жүйелік жұмыс, әлемдік университеттер мен Назарбаев университетінің тәжірибесін ғылыми зерттеулер мен оқу үдерісіне зерттеп, енгізу Қар-МТУ-дың инновациялық дамуына халықаралық үлгі негізінде жаңа сапалы күш берді.

2013 ж., қаңтар айында ҚарМТУ-дың сайты Webometrics халықаралық рейтингісінде қазақстандық университеттер арасында үшінші орынға ие болып, 20 000 әлем университеттері ішінде 2 385 орынға ие болды. Білім және Ғылым Министрлігінің рейтингісінде ҚарМТУ ең үздік қазақстандық университеттер Топ-30 жоғары орындарының біріне енді. Сонымен қатар университеттің 17 білім бағдарламасы республикалық рейтингте бірінш орыннан үшінші орынСонымен қатар университеттің 17 білім бағдарламасы республикалық рейтингте бірінш орыннан үшіншіге дейін жетекші орындарға ие болды. Тәуелсіз қазақстандық агентігінің негізгі рейтингісінде ҚарМТУ мемлекеттік техникалық университеттердің ішінен үшінші орынға ие болды.

2012 жылдың, желтоқсан айының бірі күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні Нұрсұлтан Әбішұлы ҚарМТУ-ға сапарымен келгенде, біздің ұжымымыз дамуға деген шабыттандыратын ынталылық алды және Президент ҚарМТУ-ның құрметті қонақтар кітабында өз жазуын қалдырды: «Мен Қазақстанға инженерлік кадрлар ұстаханасы болып келетін осы оқу орында білім алғаны үшін мақтан тұтамын» .

Маусым айының 20-21 күндері ҚарМТУ-да «Ғылым, білім және өндіріс – «Қазақстан — 2050» Стратегиясының жетекші факторлары» (Сағынов оқулары) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, осы конференцияның шеңберінде жетекші ғылыми орталықтар мен университеттердің 250 алымдар мен сарапшылары, әлемнің 24 мемлекетінің өндірістік корпорацияларының өкілдері, қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен «жасыл» экономика және ЭКСПО-2017 инновациялық бағыттары бойынша 14 «дөңгелек үстел» және панельді талқылаулар өтті.

Модераторлары Бірлескен университеттің жүйе құрайтын компаниялардың жетекшілері , ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ғылымның беделді қызметкерлері мен ірі сарапшылары болып келетін модераторлардың талқылаулар, пікірталас нәтижесі бойынша ЭКСПО-2017 дайындығы мен мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшуі «Қазақстан — 2050» Стратегиясының басым міндеттерін іске асыру бойынша ұсыныстар қабылданды. Олар ҚР Үкіметіне жоғары білім жүйесінің реформалау тұжырымдамасын құру, мемлекеттің құрылыс саласын техникалық тәртіптеу, халықаралық үлгіге көшу бойынша бастамалар мен ұсыныстарын қамтиды. ҚР индустриаландыру картасы мен «Бизнес жол картасы-2030-ке» енетін ауқымды жобаны іске асырудағы ұсыныстар көрсетілген: қуат-тиімді құрылыс («Қазақстандағы бейтарап үй» жобасы) және энергетиканың баламалы саласын құру («Метан» жобасы) .

ЖОО және оның корпоративті серіктестері Білім және Ғылым Минстрлігіне өзекті ұсыныстар пакетін, сонымен қатар ҚарМТУ негізінде кәсіби білімнің Халықаралық ғылыми-білім консорциум құрумен де байланысты.

Салалық министрліктеріне Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдаманы іске асыру бойынша ұсыныстар, оның ішінде Қарағанды машина жасау консорциумның ҚарМТУ-мен бірге энергияны көп қажет ететін эәне энергия тиімді өнімнің өндірісі (жел және гел құрылғылары, гидродинамикалық қыздырғыштар).

Қарағанды облысының әкімшілігіне аймақтық даму бойынша, атап айтқанда ҚарМТУ негізінде аймақ қажеттіліктеріне барлық деңгейдегі жоғары білікті кәсіби-техникалық кадрларды халықаралық үлгі негізінде дайындау бойынша білім кластері бойынша ұсыныстардың үлкен кешені ұсынылған.

Елбасының планеталық бастама шеңберінде G-Global Қазақстан тұрғындарының барлық жас топтарының қарыжылық сауаттылығын көтеру және инфрақұрылымның тұрақты дамытуына инвестицияларды қамтамасыз ету бойынша VI Астана экономикалық форумның ұсыныстарын іске асырумен байланысты  ұсынымдар дайындалған.

Қатал ғалами бәсекелестіктің шартында Қазақстанның немесе басқа мемлекеттің инновациялық дамуын қазіргі инженерлердің тұрқысыз ойластыруға мүмкін емес. Осындай маман сипаттың көкейкесті өзгеруіне, материалды өндірістің әдістеріне қолма-қол және икемді пікір білдіру керек. Жаңа технологиялық қажеттіліктер, ғалами білім экономикасын қанағаттандыру үшін ол ғылыми-техникалық және инженерлік пәндерді дәстүрлі тар-мамандандырылған игеруге қарағанда басты біліктердің кең түріне ие болу керек. Әр күн сайын өсетін экономика және ұлттық қауіпсіздік бәсекелестігіне арналған технологиялық инноваициялардың маңыздылығы инженерлік қызметінің жаңа басымдылығына шарт қояды.

«Қазақстан — 2050» Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанды инновациялық экономикалық және әлеуметтік принциптердің негізінде үдемелейтін ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіргізу. Тапсырмалардың жаңа парадигма негізінде білім және кәсіби біліктер техникалық білімнің қазіргі жүйесінің басты бағдар негізінде анықталған.

Мамандарды даярлаумен қатар ғалами экономиканың өсетін веторын – «жасыл» энергетика және «жасыл» технологияларды ендіруді есепке алу қажет.

Жуықта біздің бұрынғы серіктесіміз,әлемнің үздік университеттердің ондығына кіретін  Гонконг университетінің профессоры Дэниел Черчиль Қазақстанға, оның халқына және біздің Президентке деген шынайы сұқтанысын білдірді. Серб болып туылған соң, мықты көшбасшысы болмаған соң, Сербия халқысының жағдайы қауіпке төңіп, ол және оның отандастары Отанынан тыс қызмет істеуге мәжбүр болғанын айтты. Сонымен қатар профессор Қазақстанды алдыда бақытты тағдыр және үлкен болашақ күтетінін атап кетті, себебі біздің мемлекетіміз Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көрнекті және данышпан елбасыға ие. Осыған байланысты мен Бірлескен университеттің ауқымды потенциалын және үздік әлемдік тәжірибе негізінде ұлттық инновациялық жүйе құру үшін Президентпен құрылған жағдайды тиімді пайдалану үшін ҚарМТУ ұжымы барлық күш салатынын атап айтқым келеді.

 

Арыстан ҒАЗАЛИЕВ,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректорыҚР ҒҰА академигі,  Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 

Казахстанская правда дерекнамасына сілтеме

Без рубрики