«Менің туған өлкем» шығармашылық конкурсы

Ұлт жоспарын іске асыру барысында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың  бес институционалдық реформасын іске асыру барысында «100 нақты қадам» — 87 қадам бойынша «Азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру» бойынша Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ және «Жас Орда» СК туған өлке тарихы және мәдениеті, қызықты өмірлік оқиғалары туралы «Менің туған өлкем» шығармашылық конкурс жариялайды.

Конкурс шарттары:                                                       

Конкурсқа ниет білдіруші ҚарМТУ студенттері мен магистранттары қатыса алады.  Конкурсқа қатысу үшін:

  1. 2016 ж. 15 ақпан айына дейін өтініш беру (көрсетілген мекен-жайға әкелу немесе электронды пошта арқылы жіберу). Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, курсы, факультеті, мамандығы, жұмысының аты, байланыс телефоны, электронды адресі.
  2. Жұмысты 2016 ж. 1 наурыз айыннан кешіктірмей әкелу.

Қатысушы жеке, сонымен қатар топтық жұмысты да ұсына алады.

Жұмыстың түрлері:

  1. Презентация / презентация үлгісіндегі жоба;
  2. Реферат / мақала (фотосурет міндетті түрде pdf форматында болуы тиіс);
  3. Видео-ролик.

Конкурсқа қатысушылардың жұмысының тақырыбы:

  1. Көше атына байланысты туған өлкенің тарихы (өз қаласының, ауылының негізі қалануы бойынша мерейтойына реферат-мақала).
  2. Туған өлке бойынша туристік маршруттың жобасы (карта, схема және фото қолдану арқылы).
  3. Туған өлке бойынша экологиялық саяхат (туған қаланың, ауылдың және т.б. табиғи объектілеріне саяхат, қорғалатын табиғи аймақтың суреттері, табиғат ескерткіштерін қоса алғанда).
  4. «Туған өлке маркасын жасау» (туған қаланың, ауылдың және т.б. имиджін, танымал ауыл адамдарының айтуы бойынша оның тұрмыс-тіршілігін және т.б. презентация, видео-ролик үлгісінде).

Конкурс жұмыстарын рәсімдеу талаптары.

  1. Реферат / мақала:

Жалпы көлемі: реферат – 15 беттен кем емес, мақала – 5-7 бет

Аралық шегі — бірлік. Қаріп түсі — қара. Негізгі қаріп — «Times New Roman». Кегль (өлшемі) 14 пункт. Беттердің сызықты өлшемі: оң жақ — 30 мм, жоғары, төмен, сол жақ — 20 мм. Абзац өлшемі: толық туралау («ені бойынша»). Қызыл сызық шегінісі — 1,25 барлық мәтін бойынша. Фотоматериалдар рефераттың қосымшасы болып беріледі. Фотоматериалы даются в приложении к реферату. Суреттер жазылуы тиіс, қосымшаға сілтеме міндетті түрде мәтінде көрсетілуі қажет.

  1. Презентация / жоба:

Жобадағы слайд саны – 25-30, в презентация – 15.

Конкурстық жұмыстар келесі ретпен көрсетілуі тиіс:

презентация / жоба – электронды тасымалдау құралы арқылы (тек қана CD, DVD, флеш-карта).

  1. Видео-ролик:

Созылуы 10-15 минут, электронды тасымалдау құралында (тек қана CD, DVD, флеш-карта).

Жұмыстар мына мекен-жай бойынша қабылданады: ҚарМТУ, 4 корпус, каб. 206Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ.

E-mail: niipatriot_kstu@mail.ru

Конкурс туралы мәлімдеме www.kstu.kz

Конкурстың қорытындысы 2016 жылдың 20 сәуір айында өткізіледі және www.kstu.kz.

сайтына қойылады.

Шығармашылық конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлердің құқығы.

  1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом және сертификаттармен марапатталады.
  2. Конкурстың барлық қатысушылары қатысушы мадақтама қағазымен марапатталады.
  3. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің шығармашылық жұмыстары (қатысушының ниеті бойынша) облыстық және республикалық деңгейде ұсынылады.