Менің таңдауым ҚарМТУ


ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР!

Мамандықты және білім алатын ЖОО таңдау — өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті сіздерге өз есігін ашып, мамандықтардың және даярлық бағыттарының кең спектрін ұсынады. Біз сіздерге бакалаврларға, магистрлерге және докторанттарға арналған оқу бағдарламаларын ұсынамыз.
Қазіргі уақыт маманды даярлау сапасына жоғары талаптар қояды. Осыны мойындап, біз білім беру жүйесін жаңарту жолымен жүріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанда да, шетелде де басқа ЖОО-мен, өнеркәсіптік және ғылыми ұйымдармен көп жақты байланыстарды белсенді дамытамыз. Университет Американың, Еуропаның және ТМД ең ірі ЖОО: Луизиана техникалық университетімен (АҚШ), Фрайберг тау-кен академиясымен (Германия), Томск политехника-лық университетімен, РХДУ, МЭИ, Мәскеу болат және қорытпалар институтымен және басқалармен екі дипломды білім беру бағдарламасын іске асырады. Университет Ресейдің, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Германияның, Францияның, Украинаның, Чехияның, Беларусьтің, Қытайдың және әлемнің басқа елдерінің ЖОО-мен ынтымақтастық туралы 100-ге жуық шарттар мен меморандумдар жасасты. ҚарМТУ магистранттары мен докторанттарының 70%-дан артығы осы елдерде ғылыми машықтанудан өтті және екі дипломды білім беру бағдарламалары шеңберінде білім алады.
Еліміздегі ең үздік әскери кафедраның бірінің негізінде Қазақстанда алғаш рет әскери- техникалық институт ашылды.
Университеттің қарқынды дамуы ЖОО Басшылығы, Корпоративті Университет, Электрондық Университет, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өнегесінде Патриоттық тәрбие беру, электрондық пошта арқылы жұмыс істейтін Ата-аналар комитеттері, Студенттердің өзін-өзі басқаруы, Техникалық және кәсіптік, сондай-ақ Әскери білім теңдессіз модельдерін құрумен және практикаға сәтті ендірумен қамтамасыз етілген.
Қытай тілін дамыту жөніндегі Бас басқармамен бірлесіп, ҚарМТУ жанында Конфуций Институты ұйымдастырылған.
Университет ғалымдарының арқасында ЖОО-да инновациялық сипатты иеленген озық зерттеулер басым.
Біздің ЖОО стратегиялық мақсаты – бұл оқыту сапасы жоғары және түлектері бүкіл әлемде талап етілген инновациялық-зерттеу университетін құру.
Біздің Университетімізге тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге басқа елдердің азаматтары да оқуға түсе алады. Егер сіздер өздеріңізді лайықты мансаппен, материалдық игілікпен және қоғамдағы құрметпен қамтамасыз еткілеріңіз келсе – ҚарМТУ сіздердің таңдауларыңыз!

ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Арстан Мәуленұлы ҒАЗАЛИЕВ

Без рубрики