«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

2015 ж. 10 тамыз- 13 қыркүйек аралығында ҚарМТУ қабырғасында «Ақниет» Жастар қайырымдылық ұйымы жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталмыш акция шеңберінде ҚарМТУ студенттері мен профессорлық- оқытушылық құрамы мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтарды жинады. Инженерлік экономика және менеджмент факультеті, БЖТ және ӨЭжәнеХ кафедралары, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭББТ ҒЗИ көп үлес қосты.

Жиналған қайырымдылық көмек «Үміт» мүгедектер қауымдастығы және «Ақ бота» даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығының балаларына жіберілді.

«Ақниет» ЖБО волонтерлары балаларға жаңа оқу жылына қуаныш пен энергия сыйлаған сауық кешін ұйымдастырды.

Без рубрики