2011-2012 оқу жылының іс-шаралары

 

2011-2012 оқу жылының іс-шаралары

«Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының 2011-2012 оқу жылының іс-шаралары

 

Жарты жыл ішінде «Ақниет» жастар қайырымыдылық ұйымның жұмысы белсенді түрде жалғасты. Семестр ішінде олар ауқатсыз отбасылар мен балалар үйлеріне ойыншықтарды жинап, саралады: балалар үйлеріне модераторлар волонтерлер тобымен дамыту бағдарламасымен шығулар ұйымдастырылды: «Ойын бас» жобасының ойын акцияларына да қатысты.

Қыркүйек айында ЖҚҰ «АҚНИЕТ» волонтерлері «Мектеп апаратын жол». Акция кезінде ҚарМТУ-да көп кеңсе жабдықтары жиналды: дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, жазу дәптерлері және т.б. Бұл заттар студенттер, «Жас Орда» кәсіби одағы және профессорлық-оқыту құрамының күштерімен жиналды. Жиналған заттар салтанатты жағдайда Қарағанды облысының Балалар құқықтарын қорғау Департаменті өкілдерімен Департаментке хабарласқан ауқатсыз отбасыларының балаларына берілді. Салтанатты бөлімінен кейін балалар бір-бірімен танысып, шай ішуге барды.

Қазан басында ҚарМТУ-дың бас ғимаратында Ақпараттық флеш-моб өтті. Бұл акцияның мақсаты «Ақниет» қатарына жаңа волонтерлерді тарту, волонтерлік пен қайырымдылықты насихаттау.

Қазан айында ҚарМТУ-да алғаш рет ЖҚҰ «Ақниет» волонтерлері «Қысқы жерқойма дайындайық» акциясын өткізді. Акция мақсаты: «Милосердие» үйінің мүгедек және қарт адамдарына күзгі бақ өнімін және жылы киімдерді жинау. Жиналған өнімдер «Милосердие» тұрғындарына оларға арналған концерт кезінде берілді.

«Қарттар күні» алдында ҚарМТУ волонтерлері ҚарМТУ-дың бұрын болған қызметкерлеріне барды. Сонымен қатар волонтерлер «Милосердие» қарттар мен мүгедектер үйіне барып, құттықтау сөздерін айттып, шағын сыйлықтарын сыйлады.

16 қараша- Дүниежүзілік Төзімділік күні, ҚарМТУ-дың бас ғимаратының конференц-залында «Төзімділік  — ақ жүректілік пен қайырымдылық негізі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел кезінде ҚарМТУ студенттері, мектеп оқушылары, Қарағанды қаласының БҚҚД өкілдері қазіргі әлемдегі қайырымдылық пен төзімділік сұрақтарын талқылады. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысын жасағанда, қатысушылар шешім жасады.

 18 қараша күні ҚарМТУ Жастар орталығында дәстүрліге айналған «Таңшолпан», «Әсем», «НОДА» балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «Күзгі бал» ұйымдастырды. Балаларға өлеңдермен, билермен, конкурстармен ойын-сауық бағдарламасы көрсетілді. Іс-шара барысында балалар ішінен патша және патшайым тағайындалып, аспанға әуе дирижаблі жіберілді.

18 қараша күні Дүниежүзілік балалар күні ҚарМТУ Жастар орталығында БҚҚД өкілдерімен ұйымдастырылған іс-шара өтті. Оның барысында «Елеусіз балалар» фильмінің үзіндісі көрсетілді, бұл жерде Балалар құқытарын және қаңды мүдделерін қорғау Департаменті инициативаларын ұсынып, «Ровесник» аула клубынан оригами бойынша мастер-класс өткізілді. Іс-шараға ҚарМТУ студенттері мен Қарағанды қаласының оқушылары қатысты.

5 желтоқсан күні ЖҚҰ «Ақниет» қатысушылары Дүинежүзілік волонтерлер күніне орайластырылған іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді. Бұл іс-шараның барысында қала көшелерінде қайырымдылықты насихаттайтын күнтізбелер таратумен ақпараттық флеш-моб өткізілді. Қала волонтерлеріне волонтерлік инициативалар ұсынылып, «Ақниет» қатысушыларына мадақтау қағаздары, волонтердің жеке кітапшасы берілді.

ҚР Тәуелсіздіктің 20-жылдығының шеңберінде Қарағанды қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілер арасында «Эрудит» зияткерлік ойындар («Не? Қайда? Қашан?» және «21 ғасыр көшбасшысы») ұйымдастырылып, жүргізілді. Бұл іс-шарада Қарағанды қаласы мен облысының алты балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді.

Жаңа Жыл қарсаңында ҚарМТУ волонтерлері мен БҚҚД қызметкерлері «Аяз Атаға хат жазу» акциясын ұйымдастырды. Қарағанды қаласының ауқатсыз отбасылардың 55 балалары сиқыршыға хат жазды. 5 қаңтар күні жиналған сыйлықтарактерлер труппасының көрінісі кезінде берілді.

24 ақпан күні «Сен және сенің құқытарын» республикалық акцияның қамқорлығымен НОДА интернатының балаларына «Менің құқығым бар» викторинасы өтті. Оның басты мақсаты – балаларды ойын формасында олардың негізгі құқықтарымен таныстыру болды. Іс-шара көңілді және еркін жағдайда өтіп, барлық қатысушыларға жағымды эмоцияларды сыйлады.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚарМТУ волонтерлері «Милосердие» қарттар мен мүгедектер үйіне барып, осы үйдің әйелдерін концерттік бағдарлама мен тәтті тағамдармен құттықтады. Студенттерді өте жылы қарсы алды, ал студенттер де үлкен ғанибетпен қарттарға барады.

10 ақпан күні Қарағанды қаласының оқушыларына мейірімділік пен қайырымдылық идеяларын насихаттау мақсатымен тренинг өткізілді. Тренингке 15 оқушы қатысты, кейіннен олар өз құрбылары арасында волонтерлік идеяларын таратады.

5 – 8 мамыр күндерінің аралығында халықаралық волонтерлік алмасу шеңберінде біздің ЖОО-ға Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академияның студенттері келді. Студенттерге «Ақниет Жастар қайырымдылық ұйымының жұмыс негіздері» тақырыбына тренинг өткізіліп, олар ҚарМТУ волонтерлері жүзеге асыратын жобалар мен жұмыстың ойын формаларымен танысты; «SOS Теміртау Балалар ауылына» барып, «Ойын бас» командасымен танысты. Сонымен қатар студенттер ҚарМТУ және қарағанды қаласы бойынша экскурсияда болып, «Мистер ҚарМТУ- 2012» конкурсына да барды. Келесі жылы біз бірге ұйымдасып волонтерлік жобаларды жоспарладық.

Сонымен қатар мамыр айында Ақниет волонтерлері дәстүрлі қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа кеңсе жабдықтары мен ойыншықтар сатып алынып, НОДА мектеп-интернатының балаларына берілді.

Біздің ЖОО студенттері  балалар еңбегін пайдалануға қарсы Ұлттық ақпараттық кампаниясының жабылу шеңберінде акцциялар мен Балаларды қорғау күніне қарсы қалалық акция ұйымдастыруда волонтерлер рөлінде болды.

Тамыз айының басында Қазақстан бойынша «Мектепке апаратын жол» қайырымдылық акциясы басталды, оның мақсаты ауқатсыз отбасылардың балалары мен жетім балаларға кеңсе заттары түрінде материалды жәрдем көрсету болды.

Бұл акцияға қатысамын деген тілеушілерді ҚарМТУ жастар саясатының Департаментіне (Жастар сарайы ғимараты)  немесе 87009609770 тел.арқылы хабарласуды сұраймыз.

Бұл жерге Сіз кеңсе жабдықтарын әкеліп немесе осы акция бойынша қажетті ақпаратты біле аласыз. Акция қорытындысы  қыркүйек айының аяғында жасалады.

Без рубрики