ЛОГ-19-1 топ кураторы Г.Е. Шегебаеваның шебер — сабақ өткізу туралы есебі


24 қазан күні ЛОГ-19-1 тобының кураторы жоғары математика кафедрасының оқытушысы Г. Е. Шегебаева «Қазақстан — зайырлы мемлекет » тақырыбында шебер — сабағы өткізді. Топ студенттері «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша берілген тақырыпқа презентация дайындады, сөзжұмбақтар құрастырып, біздің Отанымызға арналған өлеңдер оқыды. Шебер сабағын өткізу барысында топ студенттері үш топқа бөлініп, олардың арасында Қазақстанның қоғамдық, географиялық және саяси өмірі бойынша жарыс өткізілді. Шебер — сабаққа патриоттық тәрбие ҒЗИ әдіскері А. Е. Шарипова, ЖКФ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Т. Оспанғалиева, қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға кураторы Л. М. Күлейменова қатысты.

 

Без рубрики