Мастер-класс «Биотехнологияларды дамытудағы әлемдік трендте»


  1. Кураторлық сағаттың мастер-классын өткізу туралы мәлімет

Куратор:  Сансызбай Назира Қыдырбекқызы  

Факультет: ФИТ

Кафедра: ИВС

Мамандығы: ВТ

Курс: 1  топ: ВТ-18-2

Өткізілген күні: 22.04.2019  уақыты: 17:00 – 17:50

Аудитория:  бас. корпус, 300 б

 

 Студенттер саны: 30 адам.

 

  1. Кураторлық сағат тақырыбы: Биотехнологияларды дамытудағы әлемдік трендтер.
  2. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерге биотехнология және оны дамытудағы әлемдік трендтер туралы мысалдарын келтіре отырып, түсініктерін тереңдету.
  3. Кураторлық сағаттың міндеттері:

Оқыту: биотехнология және оны дамытудағы әлемдік трендтер туралы студенттердің білімін қорыту, студенттерге «биотехнология» ұғымының маңыздылығын түсінуге жағдай жасау.

Дамытушы: танымдық қызығушылықты дамыту, Биотехнология – экономикадағы бірқатар салалардың сапалы технологиялық дамыған негізгі бағыттарының бірі  жайында ой-өрісін кеңейту, Биотехнологияның әлеуетті мүмкіндіктері және қолданылу ауқымының кең болуы,  нанотехнологиямен бірге жекелеген мемлекеттермен тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықтың экономикасы дамуындағы жетекші факторына айналғаны туралы білімдерін кеңейту, қоршаған ортаны сақтау үшін жауапкершілік сезіміне сенуге тәрбиелеу.

Тәрбиелік: шығармашылық қабілеттерін дамытуға, білім беру ақпаратымен жұмыс істеуге дағдыландыруға, патриоттық сезімін, отанына деген сүйіспеншілікті талдауға, салыстыруды үйрету.Жабдық:  ноутбук, интерактивті тақта, проектор, колонкалар, мультимедиялық презентация, бейнеклиптер.5. Қолданылатын жабдықтар мен дидактикалық құралдардың сипаттамасы: Куратор сағатының мастер-классының толық жоспары, кураторлық сағатының презентациясы, бейнематериалдар, үлестірме материалдар, 300-б аудиторияны қажетті деңгейде материалдық-техникалық жабдықталуы (ноутбук, проектор, колонкалар) бар. Кураторлық сағаттың тақырыбы барынша қамтылған, ақпарат слайдтар мен бейнероликтер түрінде ұсынылған.

  1. Аудиторияның санитарлық-гигиеналық жағдайы: 300-б аудиторияның жағдайы қанағаттанарлық (Жарық, терезелерде жалюзи бар). Қауіпсіздік техникасы бойынша ешқандай заң бұзушылық болған жоқ.
  2. Кураторлық сағатта тәрбие жұмысын ұйымдастыру:

Куратор сағатының уақытша құрылымының сипаттамасы: Кураторлық сағаттың тақырыбын, жоспарын, мақсаттары мен міндеттерін хабарлау (5 мин);Биотехнологияларды дамытудағы әлемдік трендтер » топтарында жұмыс істеу (10 мин);

«Биотехнологияның даму тарихы және оның ағымдағы жай-күйі мен мәселелері» тақырыбы бойынша презентация(10 мин);

Бейне-сұхбатты көру(5 мин);

«Саланың әлемдегі және Қазақстандағы инновациялық даму болашағы» тақырыбы бойынша презентация(10 мин);

«Биотехнология» тақырыбы бойынша кітапханадан көрме(5 мин);

«Биотехнологияларды дамытудағы әлемдік трендтер» тақырыбы бойынша қорытынды(5 мин);.

Кураторлық сағаттың уақытша құрылымы сақталған. Кураторлық сағаттың ақпараттық мазмұны жарияланатын тақырыпқа сәйкес келеді.

Кураторлық сағат тақырыбы толық ашылды, материал көлемі бойынша дұрыс таңдалған, басты ой бөлінген, баяндамашыларда баяндау логикасы ұтымды болды.

Без рубрики