Мамандықтар

Бакалаврда мына мамандықтар бойынша:

5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

5В070700 – Тау-кен ісі

5B071100 – Геодезия және картография

5B073100 – Тіршілік әрекетішің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

5В070800 – 5В070800 — Мұнай және газ

Магистратурада мына мамандықтар бойынша:

6M070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
6M070700 – Тау-кен ісі
6M071100 – Геодезия
6M073100 – Тіршілік әрекетішің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
6M074100 – Картография
6M074700 – Пайдалы қазба кен орындарын барлау мен іздестіру геофизикалық әдістері
6M074900 – Маркшейдерлік іс

Ph.D Докторантурада мына мамандықтар бойынша:

6D070700 – Тау-кен ісі
6D070600 — Геология


5В070600 – Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

Бакалавриат, оқу мерзімі — 4 жыл. Оқуды бітіргеннен кейін бакалавр ака- демиялық дәрежесі беріледі.

Геология ғылымының көп бөлімдері адамның тәжірибелік ісіне тікелей қатынасы бар — пайдалы қазбаларды іздеуде, барлауда жэне өндіруде, теңіздерді, космосты игеруде. Геология біздің планета-мыздың жаратылысы жэне дамуы жөнінде, Жердің ішкі құрылысы және сыртқы сфера-лары туралы, Жердің басқа космостық де-нелерімен аралас байланысы жөнінде терең теориялық білім береді.

Геологтарды мьша бағыттарда дайындайды: металды пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және оларды барлау; мұнай жэне газ, тас көмір, құрылыс материалдар кен орындарьшың геологиясы жэне барлау; тау-кен өнеркәсіптік геология; гидрогеология — жер асты сулары ауыз суы ретінде, техникалық өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, балшықты сумей жэне шипалы жерлердің шикізаты ретінде пайдалануда; инженерлік геология –грунттарды ғимараттар мен құрылыстардың фундаменттерінің негізі, автокөлік және темір жолдарының, көпірлердің негізі және жер асты құрылыстары мен тоннельдер тұргызылатын орта ретінде пайдалану.

Мамандарды дайындауга жогаргы білімді және тәжірибелі оқытушылар сабақ береді. Профессор-оқытушы құрамы жогаргы мамандандырылган, жақсы материалдық-техникалық базамен қамтылған, инженерлік кадрлар, қазіргі компьютерлік технологиялары, жер қабыршақ ағатын терең түсінетін процесстер қабілетті әзірлеп көмбе кен орындарын барлауға мүмкіндік береді.

Барлық геологиялық циклды оқып білген геолог маманы:
1. Әр түрлі масштабтағы геологиялық карталарды құрастыру, түсіру жұмы-старын жүргізеді
2. Жаңа кен орындарын іздеу және барлау жұмыстарын жүргізеді
3. Кен орындарының геологиялық ерекшеліктерін болжауға және дәстүрлі өңдеулер бойьшша ұсыныстар беру жұмыстарымен айналысады.
4. Ғ арьпптық денелер және тағы басқа жердің ғаламшар төңірегіндегі ғылыми зертте-удің іздеулерімен шұғылданады.

Біздің мамандықтарымыз бойынша бітірген Кафедра түлектері геологиялық — ұйымдар-да, мемлекеттік бақылау орьшдарында, экология, жер қойнауын орынды пайдалану және қоргау басқармаларында, тау — кен, металлургия,энергетика өнеркәсіптерінде ғылыми — зерттеу жэне жобалау мекемелерінде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында жұмыс істей алады.

Біздің түлектеріміз геологиялық мьшадай тау-кен мекемелерінде ЖАҚ «Центргеолсъемка», Жайремский ГОА, АҚ «Казахмыс», Угольный департамент АҚ «Арселормиталл Темиртау»,ААҚ «Азимут Энерджи Сервисез», ААҚ «Геол Логин Сервис», «Беккер Хъюз Сервиз Интернешнл Инк» корпорация филиалдарында жұмыс істейді.

Оку жүйесінде курстық жұмыстар мен проектерді орындау үшін компьютерлік техника пайдал аныл ад ы.

Кафедраның бітіруіиілері болашақта та-лап етілген мамандыққа бағытталған. Каз-геология ұлттық серіктестігінің білімімен байланысты геологиялық құрамындағы басқарулары геологиялық экспедициялар-ды жоспарлайды.

Оку мемлекеттік жэне орыс тілінде жүргізіледи

Кафедраның мамандыгы мемлекеттік оқу грантына кіреді


5В070700 — Тау-кен ісі

Қазіргі қоғамда пайдалы кендерді өте көп мөлшерде тұтынусыз өмір сүру мүмкін емес. Жыл сайын қара және түсті металдар, құрылыс материалдарының (гравий, щебень, құм), жылу беретін кен байлықтарының (көмір, мұнай, газ) миллиардтаған тонналары жер қойнауынан өндірілуде. 90% астам энергия минералды шикізат түрлерінен өндіріледі, сондықтан оны қазып өндіру мен пайдалануға қатысты адамның инженерлік әрекеті ең мәртебелі және келешегі бар болып табылады.

Бірде-бір мемлекет дамыған өнеркәсібі болмай тәуелсіз және өркениетті ел қатарына жатпайды. Материалдық өндіріс шикізаттық базасыз іске асырылмайды, ал шикізаттық база – бұл кен орындары, оларды қазып өндіру мәселелерімен осы мамандандыру түрінің түлектері айналысады. Олардың жұмыстарының тиімділігінен Қазақстанның болашағы, оның әлемдік өркениетті елдер қатарындағы орны анықталады.

Тау-кен ісі ертеден «тау-кен өнері» деп аталатын бұрыннан қалыптасқан дәстүрлермен байланысты және де ол шығармашылық бап пен жанқиярлықты талап етеді. Бұл өжет және батыл адамдардың кәсібі.
Барлық – мұнай, көмір, рудалы кен орындары уақыт өткен сайын біртіндеп сарқылады да жаңадан, техногенді кен орындар пайда болады, олар қазірдің өзінде және келешекте де өндірілуге қолға алынады.

Олар прогрессивті механикаландыру және автоматтандыру әдістері мен құралдарын қолдана отырып жеарсты кен жұмыстарын шебер және кәсіби деңгейде жүргізуді, сондай-ақ тау-кен өндірісін басқару, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау әдістері мен амалдарын үйренеді.

Пайдалы кен орындарын жер асты қазып өндіру – тау-кен өндірісінің аса талап етілетін мамандықтардың бірі. Осы мамандықтын түлектері болашақта директор, бас инженер, бас технолог, шахты және кеніш учаскесінің бастығы бола алады. Бұл өндірісте аса жоғарыбағаланатын дәреже. «Тау-кен ісі» мамандығы түлектерінің ішінде министрлер, депутаттар, әкімдер бар, демек дәрежесінің өсуi үшiн кең алқап.

Кен орындарын ашық әдіспен қазып өндіру – минералды шикізатты өндірудегі ең тиімді және қазіргі жағдайда ең перспективті әдіс болып табылады. Біздің елде ашық әдіспен өндіруге қолайлы кен орындары жетерлік. Бұл жайт көбіне осы сала бойынша мамандардың қажеттілігін дәлелдейді.

Оларды дайындаудағы басты бағыт – алдыңғы қатарлы, табиғат және қорсақтаушы технологияларды, инженерлік қызметте ақпараттық және басқару технологиялардың бүгінгі күнгі жетістіктерін қолдануды үйрету болып табылады.

«Маркшейдерлік іс» траекториясының түлектері:
— геология, кен орнының жату пішіні мен геометрия-сы, кеннің қасиеттері;
— жер беті мен кен қазбаларын өлшеп түсіру әдістері, кен жұмыстарына бағыт беру және оларды бүгінгі күнгі аспаптарды (лазерлі өлшегіштер, бағыт көрсеткіштер, электронды теодолиттер мен жарық қашықөлшегіш-терді) қолдана отырып дұрыс жүргізуін қадағалау;
— пайдалы кендерді қазып алу толықтылығын қадағалау және тау-кен жұмыстарын жоспарлау тәсілдері;
— жер бетінің және тау жыныстарының сырғу үдірістері, кен жұмыстарының кері әсерінен қорғау шаралары жайында білімдер алады.

Жаңа буынды аспаптармен жұмыс істеу маркшейдерлерден жоғары деңгейлік компьютерлік дайындықты талап етеді.
Бакалавр шақты құрылысшысы – бұл кең профильді мамандар. Оқу барысында олар шақты, кеніш, төнел, метрополитен, жерасты сұйық пен газ қоймаларын салу, сондай-ақ жер бетінде өнеркәсіптік ғимараттар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық объектілер құрылысы жөнінде мағұлыматтар алады.
Оқу барсында студенттер жалпыинженерлік пәндермен қатар жерасты объектілері мен жер бетінде ғимараттарды салу техникасы мен технологиясын, оларды жобалау принциптерін, шақты құрылысы экономикасын, өндірісті ұйымдастыру мен басқару негіздерін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау әдістерін зерттеп оқиды. Кен орындарын жерасты және ашық әдіспен қазып өндіргенде қолданатын аттырып-жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазы беріледі.

Осы мамандықтың түлектері шақтыларды, кеніштерді, байыту фабрикаларын және басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мекемелерді басқаруды ойдағыдай іске асыруда. Олардың қазіргі кездің өзінде Қарағанды көмір бассейнінде, мыс, мырыш, алтын және т.б. кен байлықтарын өндіретін жаңғыртылып және жаңадан салынып жатқан кеніштері бар Жезқазған мен Шығыс Қазақстан аймағындағы кәсіпорындарда да жұмыс істеуге қажеттілігі мол.
Бұл мамандандықтың түлектері жалпытехникалық, гуманитарлық және экономико-құқықтық кең спектрлі білімдері бар білімдар маман – тау-кен ісінің бакалавры квалификациясын алады.

5В070700 «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша «Тау-кен ісі» бакалавры оқу уақыты ішінде икемделеді:
• өндірістің жаңа технологиясын білу;
• тау-кен қазбаларын жүргізу өзіндік құн шығындарын анықтау (көмір, кен);
• жағдайының, технологияның және өндірісті ұйымдастыру деңгейінің анализі;
• компьютерлік бағдарламаның және ақпараттық техниканың қолданылуы;
• тау-кен өнеркәсібінде басқарудың біліктілігі.


5B071100 – Геодезия және картография

Жер бетінде электронды геодезиялық аспаптар көмегімен әртүрлі масштабты карталарды салу мақсатымен аспаптық өлшеумен, өндірістік және әртүрлі азаматтық ғимараттарды салу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстармен айналысады.

Бiтiрушiлердiң кәсiби қызметiнiң объектерi болып табылады:
— құрылыстардың және ғимараттардың құрылыс алаңдары;
— iргелi ғимараттар және құрылыстар;
— пайдалы қазбалар орындары;
— мемлекеттік геодезиялық торлар;
— картографиялық аспаптар мен жабдықтар;
— жер бетінің әртүрлі масштабтағы карталары.

«Геодезия және картография» мамандығының түлектері келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
— өндiрiстiк – технологиялық: мемлекеттік және ведомстволық триангуляция торларында бұрыштық пен сызықтық өлшеулер, барлық класстар мен разрядтардың трилатерациясы мен полигонометриясы; барлық класстардың нивелирлік жұмыстары; геодезиялық өлшемдердiң нәтижелерiн өңдеу, карталарды редакциялау және шығару;
— жобалық: нақты геодезиялық жұмыстардың техникалық жобаларын құру; құрылыс алаңдарда геодезиялық жұмыстарды жүргізуді жобалау; құрылстардың әртүрлі объектерінде топографиялық-геодезиялық іздеулерді жобалау.

ҚарМТУ-де оқу кезінде студенттер қазiргi электронды аспаптармен шұғылдануға, түрлі геодезиялық тапсырмаларды шығару үшін GEMCOM және CREDO автоматтандырылған жүйелерін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. «Геодезия және картография» мамандығының түлектері карталарды редакциялау мен шығару үшін, түрлі ғимараттарды жобалау, салу мен пайдалану, іздену кезінде топографо-геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру және орындау үшін дайындалған.

Студент өзінің оқуын жоғарғы оқу орнында профильдік және ғылыми магистратурасында жалғастыра алады, құрылыс алаңдарында және жол құрылысы орындарында геодезист болып, топографо-геодезиялық кәсіпорындарында топограф болып жұмыс істей алады.

Қолданбалы геодезия халық шаруашылығы тапсырмаларын шешу үшін геодезиялық аспаптар көмегімен жер бетінде аспаптық өлшеулермен айналысады.

Оқу кезінде студенттер қазіргі геодезиялық тәсілдерді және аспаптарды (электронды тахеометр-автомат, лазерлік нивелир мен көрсеткіштер), компьютерлерді, геоақпараттық жүйелерді үйренеді.

Студенттерді оқытудың маңызды элементі геодезиялық, арнайы және өндірістік тәжірбиелерден өту болып табылады.

Тәжірбиеден өтіп және емтиханды тапсырғаннан кейін студенттерге «Геодезиялық қызметтің жұмыскері» деген квалификация беріледі. Жылда тәжірбиеден 100 астам студент өтеді.

Кафедра студенттерінің өндірістік тәжірбие базалары ретінде келесі ірі геодезиялық және тау-кен өндіру кәсіпорындары болып табылады: ААҚ «Караганда ГИИЗ и К*», АҚ «Азимут», ДГП «Караганда НПЦзем», Қалалық жер кадастры, РМҚӨ “Центрмаркшейдерия”, ЖШС “Корпорация Казахмыс”, КД АҚ «АрселорМиттал Темиртау», АҚ “ССГПО”.

Геодезистер инженерлік техникалық тапсырмаларды шешеді:
— іздеу кезінде, инженерлік құрылыстардың және ғимарттардың деформациясына бақылау жасағанда және жобалау, салу, пайдалану кезінде;
— елді мекендерде сәулеттендiру және көгалдандыруда, жер мен ормандастыруда, топырақтарды кептiру және суландыруда;
— Ел мен аймақ территорияларының картасын жасағанда.

Түлек геодезист, жобалаушы топограф, ғылыми қызметкер және профильдік және ғылыми магистратурада оқуды жалғастыра алады.


5B073100 – Тіршілік әрекетішің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Бітіруші-бакалаврлардың кәсіптік қызметінің объектілері табиғи, техногенді, әлеуметтік, ақпараттық жүйелер және олардың құрауыштары; әскери-өнеркәсіптік кешенді, индустрияны, ауыл және коммуналдық шаруашылықтарды, өндіру және тұтыну сфераларын қосқанда, экономиканың барлық салалары; экономиканың және онда халықтың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін, адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің өліміне әкелетін, экономикаға, табиғи ортаға және азаматтардың меншігіне зиян келтіретін, мекендеу аймақтарының объектілері болып табылады.

Бітірушілер еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану, төтенше жағдайлар, құқықтық нормалар және сәйкес нормативтік талаптар; қауіпсіздіктің теориялық негіздері, экологиялық, химиялық, радиациялық, өрт, биологиялық қауіпсіздік жэне басқа түрлері, құтқару ісінің негіздері, медицина, алапаттар; ақпараттық технологиялар және компьютерлік сауаттылық облысында кәсіби даярланған.

Бітіруші әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару; табиғатты қорғау шараларын жэне тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі облысындағы шараларды ұйымдастыру және жоспарлау; кәсіп-орындар мен ұйымдардың техникалық, экологиялық сараптамасының, аудитінің; қауіпсіздікті қамтамасыз етудің технологиялық жүйелерін талдау жэне есептеу бойынша практикалық міндеттерді шешу облысында есептеулерді жэне инженерлік жүйелерді орындау; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану нормалары сақталмаған кезде келтірілетін нақты зиянды; жобаланатын шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтау принциптерін білу керек.

Бітіруші ғылыми зерттеулер, жобалау, конструкциялау және өнертабыстық шығармашылық облысында теориялық және практикалық дайындықтан өтеді; қоршаған ортаны және оны құраушыларды (ауа бассейні, су, жер, биотикалық ресурстар, топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі) өнеркәсіптік өндірістің және адамның шаруашылық қызметінің жағымсыз әсерінен қорғауды түрғындарды және кэсіпорындарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық және қолданбалы міндеттердің шешімдерін алады.

Бітіруші өз қызметінде ұйымдастырушы-басқару, бақылау-инспекциялық, жобалық-конструкторлық қызметті орьшдайды.

Оқу бітірген соң бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірген соң түліктердің төтенше жағдайлар, кәсіпорындардың, ұйымдардың жэне мекемелердің қауіпсіздік техникасы жэне өндірістік санитариясы қызметтерінде, мемлекеттік қадағалау органдарында, құтқару қызметтерінде, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде, өрттен қорғау бөлімшелерінде, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, орманды, су ресурстарын, жер қойнауларын және жер ресурстарын қорғау және т.с.с. мәселелерімен айналысатын ұйымдарда, өнеркәсіптің кез-келген саласының кез-келген кәсіпорнында жұмыс істеуге құқығы бар.

Бітіруші магистратурада оқуын жалғастыруға дайындалған.

ҚарМТУ-да берілген мамандық бойынша магистратура бағдарламасы бойынша дайындық жүргізіледі.

Төртінші пән: физика
Бейінді пән: математика
Оқу мерзiмi – 4 жыл