Мамандықтар


Мамандықтардың жалпы сипаттамасы

Кәсіпорын менеджменті кафедрасы 5В050700 «Менеджмент», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бакалаврларды даярлайды, сонымен қатар техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша бакалаврларды даярлау бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады.

5В050700  – «Менеджмент» мамандығы бойынша бакалаврларды мемлекеттік тілде және орыс тілінде даярлайды. Оқу барысында студент 140 кредит жинауы қажет, соның ішінде 8 кредит іс-тәжірибеге жатады.

5В050700 – «Менеджмент» мамандығына қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Білім және ғылым Министрлігінің ережелеріне сай жүргізіледі.

Даярлау білім берудің екі формасында жүргізіледі – күндізгі (4 жыл),  қысқартылған күндізгі (2,5 жыл), сырттай қысқартылған (3,5 жыл) және жоғары білім базасы негізінде.   Жоғары білім берудің сәйкес бағдарламасын меңгерген студенттерге менеджмент бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Студенттерді оқыту 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

— басқарушылық қызмет;

— жобалау қызметі;

— кәсіпкерлік қызмет.

«Менеджмент» мамандығының түлегі келесідей кәсіби қызмет салаларында жұмыс істей алады: экономиканың нақты секторы, қаржылық-банктік сала, бизнес и кәсіпкерлік.

Оқу барысы аяқталған кезде түлектер мемлекеттік емтихан тапсырады және дипломдық жұмыстарын қорғайды.

Берілетін дәреже/біліктілік: сервис бакалавры

Кредиттер: 140

Оқу деңгейі: бакалавр

Бағдарлама бойынша қабылдау талаптары:

— коммерциялық негізде –  50 баллдан төмен емес

— грантқа – конкурс негізінде

Қорытынды емтихан: кешенді емтихан.

5В050100 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.  Оқу барысында студент 142 кредит жинауы қажет, соның ішінде 10 кредит іс-тәжірибеге жатады.

Бiтiрушiнiң бiлiктiлiгi – мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Даярлау білім берудің екі формасында жүргізіледі – күндізгі (4 жыл),  қысқартылған күндізгі (2,5 жыл), сырттай қысқартылған (3,5 жыл) және жоғары білім базасы негізінде.

Студенттерді оқыту 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

— аймақтық экономика;

— әлеуметтік-экономикалық жоспарлау;

— мемлекет және бизнес.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының түлектері болашақта басқару жүйесінің мемлекеттік  мекемелерінде, жергілікті басқару органдарында қызмет етудің негіздеріне даярланады.

Кафедрада пәндір бойынша жасалған оқу бағдарламалары, кафедраның ғылыми және педагогикалық қызметі нарыққа қажет мамандарды даярлауға бағытталған.

Кафедра мамандықтарында білім алушылардың арасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің конкурстарына қатысушылары, ҚР ірі компанияларның конкурстарының жеңімпаздары, институтаралық және спорттық жарыстардың қатысушылары мен жеңіскерлері бар.

Кәсіпорын менеджменті кафедрасы 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистрларды даярлауға мүмкіндік беретін лицензия иегірі, оқыту білім беру бағдарламасына сәйкес бір жылдық және екі жылдық даярлау бойынша жүргізіледі.

Магистратураға қабылдау екі пән (шет тілі және арнайы пән) бойынша емтихандардың нәтижесі негізіндегі конкурс бойынша жүзеге асырылады.

Кiрiспе емтиханның бағдарламасына келесідей пәндер енгізілген:

— мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі;

— менеджмент;

— мемлекет және бизнес.

Жоғары оқудан кейінгі білім мамандығының типтік оқу жоспары

ОМЖС. Жоғары оқудан кейінгі білім

Без рубрики