Магистрлік бағдарламалар бойынша білім алу

Сколковский білім және ғылым институты (Сколтех) 2015 жылдың күзінде басталатын магистрлік бағдарламалар бойынша оқуға өтініштер қабылдайды:

Ақпараттық ғылым және технологиялар:

  • Ақпараттық және есептеуіш технологиялар;
  • Энергетикалық ғылымдар және технологиялар;
  • Энергетикалық жүйелер;
  • Мұнай-газ өндірісі;
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.

Өтініштер РФ азаматтары үшін 2015 ж. 16 ақпанына дейін (сағ 9:00 Мәскеу уақыты бойынша) және шетелдік азаматтар үшін 2015 ж. 19 қаңтарға дейін apply.skoltech.ru-да қабылданады.

Талапкерлерге қойылатын талаптар:

Оқуға түсушілер бакалавриаттың соңғы курс студенті болуы керек немесе келесі мкамандықтар бойынша жоғары білім туралы дипломы болуы қажет: техника ғылымдары, математика, қолданбалы ғылымдар, физика, химия, биология немесе сабақтас ғылымдар саласында. Гуманитарлық немесе әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылатын студенттер Сколтехтің төрт бағдарламасының біріне сәйкес келетін салада білімі болуы қажет.

Орта академиялық балл (GPA): жоғары академиялық үлгерім. Күтілетін орташа балл – 5 балдық жүйеден 4.5 және жоғары.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі: өтінішіті онлайн түрінде беру барысында TOEFL немесе  IELTS емтихандарының нәтижесін жіберу қажет емес. Дегенмен қатысушыларға бұл емтихандарды тапсыруға кеңес береміз, себебі іріктеу кезеңіне қатысушылар ағылшын тілінен тест тапсырады. Сколтех студенттерінің TOEFL бойынша орташа баллы– 99/120. TOEFL-ды бұрын тапсыратын қатысушылар Сколтехтің TOEFL-ға арналған кодін көрсетуді ұсынамыз- 2909. TOEFL немесе IELTS-тің тек қана ресми нәтижелері қабылданады. Басқа оқу орынына түсу үшін тапсырылған IELTS немесе TOEFL емтихандарының нәтижелері қабылданбайды.

Ағылшын тілі туған тілі болып табылатын студенттер (яғни, АҚШ, Канада, Ұлыбританияда, ирландия, Австралия және Жаңа Зеландияда туған студенттерге қатысты), сонымен қатар, АҚШ, Канада, Ұлыбританияда, ирландия, Австралия және Жаңа Зеландияда білім алған студенттер  TOEFL немесе IELTS тапсырудан босатылады.

Сколтехқа түсу үшін  Graduate Record Exam (GRE) талап етілмейді. Дегенмен, жалпы GRE нәтижелерін қабылдаймыз. Тесттің ресми нәтижелері Сколтехқа білім беру қызметі (ETS)  арқылы жіберілуі тиіс.  GRE  үшін сколтех коді – 1294.

Академиялық анықтама: қатысушы бұрын оқыған барлық мекемелерден үлгерімі туралы анықтама әкелуі тиіс. Онлайн өтінішке электронды түрде барлық құжаттардың көшірмесін қосу қажет, ал оқуға түскен студенттерден логотипі бар конвертке салынған университеттен келесі мекен-жайға жіберілетін, мөр басылған ресми құжаттар көшірмесі талап етіледі;

Студенттермен жұмыс істеу бөлімі

Сколковский білім және ғылым институты (Сколтех), Новая көш., 100, Каракорум ғимараты, 7-ші қабат, Сколково, 143025, Ресей Федерациясы

Әр қабылданған студентке:

Оқу ақысын өтейтін грант

Айлығының көлеміндегі шәкіртақы

Медициналық сақтандыру

15 ғылым, инновация және білім беру  зерттеу орталықтарының, соның ішінде MIT жұмыстарына қатысатын серіктес университеттерде академиялық ұтқырлық бойынша білім алуға мүмкіндік

Жаңа үлгідегі университет құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік алады.

Жарыстық іріктеу үдерісі туралы толық ақпарат Сколтех сайтында орналастырылған: http://www.skoltech.ru/admissions/apply/

Толық ақпарат Халықаралық байланыс бөлімінде (бас ғимарат, 309а б.)

Без рубрики