«Ұлы Отан соғысы 21 ғасыр жастарының көзімен» конференциясы


2015 жылы 5 мамырда сағ 10:00 ҚарМТУ Бас ғимаратының жиын залында «Ұлы Отан соғысы 21 ғасыр жастарының көзімен» атты V Республикалық студенттік ғылыми- тәжірибелік  конференциясы өтті.

Конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлегендер: ҚР БҒМ жастар саясаты департаментінің төрағасы  Карибжанова Р.С., ҚарМТУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғзалиев А.М., сонымен қатар Қарағанды облыстық  соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Торегожин О.Т.9 мая

Пленарлық отырыста ҰОС ардагерлері, тың еңбекшілері, мұражай өкілдері, Қарағанды университеттерінің оқытушылары мен студенттері баяндама жасады.

Конференцияның басталуы- сағ 10:00 ҚарМТУ Бас ғимаратының жиын залы.

Форум жұмысы үш секцияда жүрді: «Тың еңбекшілері мен мәдениет қызметкерлерінің Ұлы Отан Соғысы жылдарында советтік елдің жеңісіне қосқан үлесі», «Ұлы Отан соғысы ерлерінің мысалында қазіргі жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу».

 Конференцияның жабылуы, 17:00 –де ҚарМТУ «Жас Орда» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен өтетін ІІІ жыл сайынғы ҚарМТУ ректорының баллы өткізілетін  «Ариста» мейрамханасында өтті. Іс-шара Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына ұштастырылған. Университеттің 70 үздік жұбы қонақтарды классикалық билерімен қуантты.

Бал Қали байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Қазақ ұлттық аспаптарының академиялық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті. Іс-шара мерекелік от шашумен аяқталды.

Без рубрики