«ҰЛЫ ЕЛДІҢ ҰЛЫ ІСТЕРІ»


2016 жылдың 3 желтоқсанында «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының акт залында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын 1-2 курс студент белсенділерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Ұлы елдің ұлы істері» атты мерекелік концерт өтті. Концерттің қонақтары «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А., ИТФ ТІ жөніндегі декан орынбасары Амантаев Н.Г., топ кураторлары және «Серпіндестер Ордасы» жатақханасының меңгерушісі Гульзифа Сафуановна мен жатақхана қызметкерлері болды. Мерекелік іс-шараның шымылдығын сиясы кеппеген өлең шумақтарымен МВ-15-1 тобының студенті Асылбек Атабек ашты.

Мәңгілік ел

Елім дамып болашақтың жолында,

Өркендегін бұл қалыптан тайынба,

Жүйріктерден оза шауып, бәйге алып,

Жастарынды қызуқанда дайында.

«Мәңгілік ел» — бір халықтың мақсаты,

Өркендесін ашық болсын аспаны.

ЕХРО-ны қолға алдық тізгіндеп,

Іске тарттық талап қуған жастарды.

«Мәңгілік ел» — Елбасының Жолдауы,

Жолдауы ол болашақ ел толғауы.

Көк теңіздей ашық болса аспаны,

Атырармыз елмен талай таңдарды.

Тәуелсіз ел өркендеуде тағандап,

Тарих жазды болашаққа жариялап.

Өркениеттің өзегінен бүгінге,

Кезеңдерді бөліп қойып бағандап.

«Мәңгілік ел» — ол жастардың қолында,

Өркендеумен айналар жас жалынға.

Тілім дамып, руханиятым өссе әлі,

Биік тұрар отыз елдің жанында.

Елбасымыз елдің ұстап тізгінін,

Дамытуда қазақтың бар өңірін

Бір Тәңірім әрқашан да жар болып,

Жасай берсін «Мәңгілік ел» мәңгілік!

Аталған концерттің мақсаты – Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу болып табылды.  Мерекелік іс-шара барысында студенттер Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі, сондықтан да олар үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш екенін атап өтті.

Студенттер концертте өз өнерлерін көрсетті: ГПР-16-1 тобының студенті Жакипов Сұлтан, Сейітжаппар Нұртемір, МВ-15-1 тобының студенті Асылбек Атабек  Қайсар рухты «Қайрат Рысқұлбековтың ерлігі» атты көрініс қойды, МВ-16-1 тобының студенті Сеилхан Руслан «Туған жер», СТ-16-1 тобының студенті Манап Ерғали «Егемен Қазақстан» атты әсем әндерін шырқап, көрерменнің көңілінен шықты.

Без рубрики