«Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференция


2015 жылдың 9 қазанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бас ғимаратының акт залында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, ұлт жанашыры Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдығына арналған«Ұлттық рухтың символы – Жұмабек Тәшенев» республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференция мақсаты – аса көрнекті мемлекет қайраткерінің елге сіңірген ересен еңбегі, ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамдағы алған орны туралы   келелі әңгіме қозғап, оның Елдік туын тұғырынан түсірмей жасаған ерлік істерін үлгі-өнеге етіп, рухани игіліктерді танып білуге, өткен тарихымызды зерделеуге ұмтылдырып, қазақ жастарына патриоттық тәрбие беру.

Жұмабек Тәшенев – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Халқымыздың біртуар ұлының отансүйгіштік, ұлтжандылық, намысшылдық және жүрек жұтқан ерлік үлгісі егемен ел атанып, тәуелсіздік туын желбіреткен тұтастай қазақ еліне, соның ішінде қазіргі қайраткерлер мен санаткерлерге жігер-қуат берері сөзсіз.

Конференцияға:

Т.Қ. Өмірзақов (ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, ҚарМТУ-дың құрметті профессоры);

М.Ж. Байғазин (жазушы, тәшеневтанушы);

Б.Т. Әлімжанов (ақын, әдебиет пен өнер зерттеушісі, драматург, мәдениет қайраткері);

С.Ж. Тәшенев, Ф.С. Тәшенева, Л.Б. Абдушкурова (ұрпақтары);

С.Ж. Дүйсен (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты);

Ғ.М. Қарасаев (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, бөлім бастығы, тарих ғылымдарының докторы, профессор);

Без рубрики