«LinguaDiscovery» ғылыми студенттік клубының семинарлары

Шетел тілдері кафедрасы студенттер мен магистранттарды «LinguaDiscovery» ғылыми студенттік клубының семинарларына қатысуға шақырады.
Студенттік клубтың басты мақсаты тіл және заманауи мәдениет саласындағы қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелерін зерттеу.
Клуб міндеттері:

  • Шетел тілдерін меңгеру деңгейін көтеру;
  • Студенттердің мәдениетаралық құзіреттіліктерін жетілдіру;
  • Студенттерді ШТ кафедрасының ғылыми- зерттеу қызметіне жұмылдыру;
  • Студенттердің лингвистикалық білімге деген құштарлықтарын арттыру;
  • Студенттерді ғылыми және көркем әдебиеттермен жұмыс істеуге (іздеу, таңдау, талдау, жүйелендіру);
  • Ғылыми пікірталас жүргізуге, өз қорытындысын шығаруға, көпшілік алдында сөйлеуге үйрету;
  • Студенттерді ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, сонымен қатар шетелдік, қатысуға тәрбиелеу.

Клуб келесі бағыттарда жұмыс жасайды:

1. тұжырымдар теориясы
2. шетел әдебиеті
3. елтану
4. аудармашылық мәселелері
5. Лексикология және фразеология
6. тіл және діл

Клуб жұмысында келесі қызмет түрлері жүзеге асады:

  • Пікірталастар
  • Презентацияларды қорғау
  • Дөңгелек үстел
  • Блиц-сауалнама
  • Интеллектуалдық ойын

Отырыстар ұйымдастыру

1. ғылыми студенттік клубы отырысы айына 2 рет. Қажет ақпарат алу үшін шетел тілдері кафедрасының СҒЗЖ-на жауапты оқытушысы С.А. Бейсехановаға бару қажет. (1 ғимарат, 430 б., 56- 59-32, ішкі 1152, әр сейсенбі сайын);
2. отырыс алдын ала таңдалған бағыт, тақырып және отырыс формасы бойынша өтеді;
3. отырысқа дейінгі 7 күн бұрын бағыт жетекшісі отырыстың өтетін тақырыбы, орыны және уақыты туралы ақпарат іледі. Бос орын, мультимедиялық құрал- жабдықпен қамтамасыз ету бағыт жетекшісіне жүктеледі.