Үлгілік қағидалар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы «   »  №   қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің  2012 жылғы 19 қаңтардағы

№ 111 қаулысымен бекітілген

 

 

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

  Жалпы ережелер

 Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
  2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

  1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру грантын орналастыру конкурсы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

  1. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

  1. Осы Үлгілік қағидалардың 64-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
  2. Осы Үлгілік қағидалардың 64-тармағында белгіленген шекті балды алмаған кешенді тестілеудің қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және кешенді тестілеуге қатыспаған адамдар үшін жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін кешенді тестілеу қайта өткізіледі.
  3. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 64-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе кешенді тестілеу қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 64-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледж) білімі бар адамдарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Жоғары білімі бар адамдарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

  1. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

  1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

  1. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар оқу орындарында жүзеге асырылады.
  2. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

 

 

  1. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі

 

  1. Арнаулы немесе шығармашылық емтихандар өткізілетін мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Педагогикалық немесе шығармашалық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.

  1. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.
  2. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.

Шығармашалық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтармен түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

  1. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан мекенжай бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

  1. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар жеделдетілген оқу мерзіммен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер бір шығармашылық емтихан тапсырады.

  1. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
  2. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  3. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін 1-бөлімнің – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі);                 2-бөлімнің – екі бейіндік пәннің балдары ескеріледі.

Жеделдетілген оқу мерзіммен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін 1-бөлімнің – жалпы бейіндік пән; 2-бөлімнің – бір бейіндік пәннің балдары ескеріледі.

  1. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
  2. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссиялар құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  3. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
  4. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
  5. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер қабылдау рәсімі көрсетіледі.
  6. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан                 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.

  1. Шығармашылық емтихан бойынша 15-тен төмен (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар), немесе емтиханға келмеген адамдар осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға жіберілмейді.
  2. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомостарымен, арнаулы емтихан – жіберу ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен рәсімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
  3. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
  4. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.
  5. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша даулы мәселелерді шешу мен талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, емтихан өткізілетін кезеңде арнаулы және шығармашылық емтихан тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орнында жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
  6. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады. Өтініштер арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
  7. Апелляциялық комиссияның шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  8. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ерікті нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

 

 

  1. ҰБТ және кешенді тестілеуді өткізу.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

 

  1. ҰБТ немесе кешенді тестілеу тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пунктерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдарға ҰБТ немесе кешенді тестілеу адамның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

  1. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тәртіпті сақтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жоғары оқу орындарына түсетін адамдарды ҰБТ және кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – мемлекеттік комиссия) құрылады.
  2. ҰБТ немесе кешенді тестілеуді өткізу технологиясының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ҰБТ өткізу пунктері мен базалық жоғары оқу орындарына білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.
  3. ҰБТ-ға қатысу үшін оқуға түсуші ҰБТ өткізу пунктеріне белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, 3×4 көлеміндегі екі фотосуретті, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3×4 көлеміндегі екі фотосуретті, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ағымдағы жылы бітірушілері білім беру ұйымынан мамандықтың коды және атауы көрсетілген оның ұқсас екенін растайтын анықтаманы қоса ұсынады.

  1. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін оқуға түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті, 3×4 көлеміндегі екі фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын (бар болса) тапсырады.
  2. Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін тиісті адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті, тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртекті тапсырады.
  3. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында ҰБТ өткізу пунктері жүргізеді. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 1 – 20 маусым аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді, осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін – 1 – 8 тамыз аралығында, осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысу үшін  өтініштерді қабылдауды 5 – 12 қаңтар аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
  4. ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген кешенді тестілеу 17 – 23 шілде аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 19 – 24 тамыз аралығында өткізіледі. Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу 20–24 қаңтарда өткізіледі.
  5. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін ҰБТ және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1) 1-бөлім – Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі);

2) 2-бөлім – екі бейіндік пән.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері тестілеуді бір бөлім – Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша өз қалауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырады.

  1. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
  2. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеу оқуға түсушілердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөлім бойынша өткізіледі:

1) 1-бөлім – жалпы бейіндік пән;

2) 2-бөлім – бір бейіндік пән.

  1. Кешенді тестілеудің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
  2. ҰБТ-ға және кешенді тестілеуге 3 сағат 50 минут бөлінеді. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеуге 1 сағат 40 минут беріледі.
  3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін тест тапсырмаларының саны:

1) Қазақстан тарихы бойынша – 20;

2) математикалық сауаттылық бойынша – 20;

3) оқу сауаттылығы бойынша (оқу тілі) – 20;

4) әр бейіндік пән бойынша – 30 болады.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін тест тапсырмаларының саны:

1) жалпы бейіндік пән бойынша – 20;

2) бейіндік пән бойынша – 40 болады.

  1. Әрбір бес жауаптан бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – 1 балмен, көптеген ұсынылған дұрыс жауаптардан бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бары 2 балмен бағаланады.
  2. ҰБТ немесе кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл – 140.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар үшін ҰБТ немесе кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл – 120.

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл – 70.

  1. ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу ҰБТ өткізу пунктерінде немесе ҰБТ немесе кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
  2. Дұрыс жауаптардың коды тестілеу нәтижелерін өңдеу аяқталғаннан кейін ілінеді.
  3. ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижелерін мемлекеттік комиссия тестілеу өткізілген күні жариялайды.
  4. ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір тестілеуге қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тестілеу өткеннен кейінгі күнтізбелік үш күн ішінде береді.
  5. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ және кешенді тестілеуге қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апелляциялық комиссия) және ҰБТ өткізудің әрбір пункті мен әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссиялар ҰБТ және кешенді тестілеудің нәтижелерімен және (немесе) тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

  1. ҰБТ өткізу пункті және базалық жоғары оқу орны жанынан құрылатын апелляциялық комиссияның төрағасын оның мүшелерінің арасынан білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді, ал оның құрамын ҰБТ және кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітеді.
  2. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды, республикалық апелляциялық комиссияға адамға балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді және оны апелляцияның қорытындысы туралы хабардар етеді.
  3. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер ҰБТ және кешенді тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия оларды бір күн ішінде қарайды. Өтініш берушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

Апелляциялық комиссия әр адаммен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Адам апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.

  1. Тестілеудің нәтижесімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
  2. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның адамға балдар қосу туралы ұсынысының негізділігін қарайды және шешім қабылдайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

 

 

  1. Жоғары оқу орындарына қабылдау

 

  1. Студенттер қатарына қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10 – 28 тамыз аралығында өткізеді.

Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін,     086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмысшының жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.

Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын қоса береді.

  1. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады.

  1. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде                  5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл, бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу және шығармашалық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша – кемінде               60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде  50 балл, оның ішінде                     1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашалық емтихан бойынша – кемінде 5 балл, бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған) бітірушілері қабылданады.

Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.

Өтінішке ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

  1. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, адамдар тестілеу нәтижесінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) 5 балдан кем және әр бейіндік пәннен 15 балдан кем алған жағдайда (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін жалпы бейіндік пән бойынша – 5 балдан кем және бейіндік пән бойынша – 13 балдан кем) ақылы негізде оқуға қабылдануға немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға жол берілмейді.

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға түсуші адамдар тестілеу және шығармашалық емтихан нәтижесінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі) 5 балдан кем және әр шығармашылық емтиханнан 15 балдан кем алған жағдайда (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашалық емтихан бойынша – 5 балдан кем және бейіндік пән бойынша – 13 балдан кем)  ақылы негізде оқуға қабылдануға немесе білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға жол берілмейді.

Оқуға қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

  1. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орнына түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясының пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындысын міндетті түрде бере отырып медициналық куәландыруды ұсынады.
  2. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының банкте қаралып жатқандығы туралы тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенті қатарына қабылданады.

Бұл ретте оған білім беру кредитін ресімдеу кезеңінде білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмайды.

  1. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

  1. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша және белгіленген мерзімде ақпарат ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін он күндік мерзімде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмесін, сондай-ақ білім беру грантынан бас тартқан иегерлер куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген адамдардың деректерін (Т.А.Ә., мамандығы) ұсынады.
  2. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.

 

Жоғары білімнің білім беру

бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың

үлгілік қағидаларына

1-қосымша

Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі

Коды Мамандықтардың атаулары
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
1 2
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 Педагогика және психология
5В010500 Дефектология
5В010900 Математика
5В011000 Физика
5В011100 Информатика
5В011200 Химия
5В011300 Биология
5В011400 Тарих
5В011500 Құқық және экономика негіздері
5В011600 География
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000 Кәсіптік оқыту
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
5В012500 Химия-Биология
5В012600 Математика-Физика
5В012700 Математика-Информатика
5В012800 Физика-Информатика
5В012900 География-Тарих
5В013000 Тарих-Дінтану
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
1 2
5В010400 Бастапқы әскери дайындық
5В010600 Музыкалық білім
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
5В010800 Дене шынықтыру және спорт
5В020600 Дінтану
5В021500 Исламтану
5В040100 Музыкатану
5В040200 Аспаптық орындаушылық
5В040300 Вокалдық өнер
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері
5В040500 Дирижерлеу
5В040600 Режиссура
5В040700 Актерлік өнер
5В040800 Искусство эстрады
5В040900 Хореография
5В041000 Сценография
5В041100 Композиция
5В041200 Операторлық өнер
5В041300 Кескіндеме
5В041400 Графика
5В041500 Мүсін
5В041600 Өнертану
5В041700 Сән өнері
5В042000 Сәулет
5В042100 Дизайн
5В042200 Баспа ісі
5В042300 Арт-менеджмент
5В050400 Журналистика
5В051400 Қоғамдық байланыс
5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы
5В140100 Орындаушылық өнер
5В140200 Халық аспаптары
5В140300 Ән айту өнері

 

Жоғары білімнің білім беру

бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарына оқуға

қабылдаудың  үлгілік қағидаларына

2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

 

Коды Мамандықтардың атаулары Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
1 2 3
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Педагогикалық жағдаятты шешу
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Педагогикалық жағдаятты шешу
5В010300 Педагогика және психология Педагогикалық жағдаятты шешу
5В010500 Дефектология Педагогикалық жағдаятты шешу
5В010900 Математика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011000 Физика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011100 Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011200 Химия Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011300 Биология Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011400 Тарих Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011500 Құқық және экономика негіздері Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011600 География Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012000 Кәсіптік оқыту Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Педагогикалық жағдаятты шешу
1 2 3
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012500 Химия-Биология Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012600 Математика-Физика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012700 Математика-Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012800 Физика-Информатика Педагогикалық жағдаятты шешу
5В012900 География-Тарих Педагогикалық жағдаятты шешу
5В013000 Тарих-Дінтану Педагогикалық жағдаятты шешу
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
1 2 3 4
5В010400 Бастапқы әскери дайындық Спорт түрлері бойынша нормативтер Спорт ойындары
5В010600 Музыкалық білім Орындау шеберлігі Жалпы музыкалық қабілетін көрсету
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) Кескіндеме (натюрморт)
5В010800 Дене шынықтыру және спорт Мамандану бойынша нормативтер Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер
5В020600 Дінтану Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
5В021500 Исламтану Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан
5В040100 Музыкатану Музыкалық әдебиет бойынша ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан
5В040200 Аспаптық орындаушылық Соло бағдарламаны орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан
5В040300 Вокалдық өнер Соло бағдарламаны орындау Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері Соло бағдарламаны орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан.

Гармония және этносольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан (домбыра мамандығы бойынша)

5В040500 Дирижерлеу Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
5В040600 Режиссура Жазбаша жұмыс Ауызша емтихан немесе көрсетілім
5В040700 Актерлік өнер Актерлік шеберлік, сахна тілі Би, вокал немесе коллоквиум
5В040800 Эстрада өнері Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио
5В040900 Хореография Орындау шеберлігі Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан
В041000 Сценография Сурет, кескіндеме Композиция
5В041100 Композиция Представление сочинений жанров малой формы.Коллоквиум по музыкальной литературе Устный экзамен по гармонии. Диктант по сольфеджио
5В041200 Операторлық өнер Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру «Әлем және казақ киносының тарихы» бойынша ауызша емтихан
5В041300 Кескіндеме Сурет, кескіндеме Композиция
5В041400 Графика Сурет, кескіндеме Композиция
5В041500 Мүсін Сурет, мүсін Композиция
5В041600 Өнертану Жазбаша жұмыс Өнертану бойынша ауызша емтихан
5В041700 Сән өнері Сурет, кескіндеме Композиция
5В042000 Сәулет Сурет Сызу
5В042100 Дизайн Сурет Сызу
5В042200 Баспа ісі Еркін тақырыпқа жазбаша эссе Мәтінді редакциялау
5В042300 Арт-менеджмент Реферат немесе арт-жобаны таныстыру Коллоквиум

 

5В050400 Журналистика Шығарма Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
5В051400 Қоғамдық байланыс Еркін тақырыпқа жазбаша эссе Ауызша презентация
5В090600 Мәдени-тынығу жұмысы Орындау шеберлігі Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері
5В140100 Орындаушылық өнер Соло бағдарламаны орындау Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
5В140200 Халық аспаптары Соло бағдарламаны орындау Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
5В140300 Ән айту өнері Соло бағдарламаны орындау Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант

* — жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға түсушілер үшін.

Без рубрики