Дөңгелек стол «Рухани жаңғыру – туған жер»


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасы

Өткізілген дөңгелек стол туралы есеп беру

«Рухани жаңғыру – туған жер»

 

Өткізілген күні: 23 қыркүйек2019ж.  Уақыты: 15.05-15.55

Өткізілген жері: корпус/ауд.: бас корпус, 430 ауд.

Қатысушылар: СИБ  тобының студенттері Амагелді Алишер, Амангелді Мұхтар, Дүйсенбек Айман, Ермек Ернұр, Несипбаева Алуа, Ерболат Ардақ , Карипбекова Айжан, Мухамедсадиков Алмат

Студенттер саны: 49 адам.

Сараптамалық анықтама: дөңгелек стол Елбасының «Рухани жаңғыру – туған жер» жалпыұлттық бағдарламасы төңірегінде өткізілді.

Іс-шара барысында «Рухани жаңғыру- туған жер» бағдараламасының негізгі бағыттары, ерекшеліктері мен құндылығы қарастырылды.

Іс-шараның мақсаты келесі аспектілерді қамтыды:

  1. Студенттердің бойында отанға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Елбасы ұсынған бағдарламаға сәйкес, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, білімді, санасы ашық жастар-ел болашағы екенін түсіндіру.
  2. Студенттерге жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек екендігін жеткізу.
  3. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалу керектігін түсіндіру.

4.Студенттердің бойында отансүйгіштік, тарихына, салт дәстүріне, мәдениетіне деген махаббатты қалыптастыру.

Атқарылған жұмыстың нәтижелері: біздің еліміздің тарихи дәуіріне деген қызығушылықты ояту, отансүйгіштік пен азаматтылықты тәрбиелеу, ел болашағын ойлайтын, өткен тарихын білетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтейтін, болашаққа сенімді қадам басатын саналы ұрпақ тәрбиелеу.

БАҚ шақыру, ҚМТУ ақпараттық қызметі, блогерлер және т.б.: қарастырылған емес.

Жауапты ұйымдастырушылар:  Коккоз М.М., Жұмабай А.Р., Дүйсенбекова С.Д., Исин Б.Д., Кулбаева Л.Н.,

 

 

Без рубрики