Корпоративті университет


Қазақстан Республикасындағы ең бірінші Корпоративті Университет дамуы бәсекелесе алатын мамандарды дайындауда маңызды қызмет атқарады. ҚарМТУ базасындағы Корпоративті Университет- бұл Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекістанның 48 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, ЖОО және ғылыми мекемелерін: «АрселорМиттал Темиртау», «Қазақмыс», «Евразийская промышленная химическая группа», УГТУ-УрФУ, ИГУрО РАН (Россия), ERSAI (Қазақстан – Италия), ССГПО, KEGOC, «Силициум Казахстан», Навоий машина жасау зауыты және т.б. қамтыған жiгермен дамитын пiкiрлестер ұжымы.

Бәсекелесе алатын мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз ету үшін ҚарМТУ ғылыми- педагогикалық әлуеті және шығаратын кафедралардың 40 филиалы жұмыс жасайтын Корпоративті Университет кәсіпорындарының заманға сай технологиялық базасын баурайды. Корпоративті Университет құрамына кіретін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен келіскен элективті пәндер тізімі Ғылыми Кеңеспен жыл сайын бекітіледі.

Түлектердің тәжірибелік дайындық деңгейін жоғарлату үшін Корпоративті Университет кәсіпорындарында практикалар ұйымдастырылған. Практиканы 1687 студент, олардың ішінде 614 студент жұмыс орындарында өтті. 2009 жылдың 2529 түлектерінің 98% жұмысқа орналасты, соның ішінде 539 адам Корпоративті Университет кәсіпорындарында жұмыс істейді. «Электроэнергетика», «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Автоматтандыру және басқару», «Тау- кен ісі», «Құрылыс», «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Машина жасау», «Есептеуіш техника және программалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша түлектерге сұраныс көп. Корпоративті Университетті құруға келісім шарт төңірегінде сәулет пен құрылыс Институтында материалдар, бұйымдарды және конструкцияларды сынау бойынша аттестатталған құрылыс зерханасы жұмыс істейді.

Братиславиялық технологиялық университетпен бірлесе машина жасау өнімдерін стандарттау мен сертификаттау халықаралық орталығы құрылған.

Корпоративті Университет кәсіпорнының 487 жұмысшысы ҚарМТУ жетекші кафедраларында IT-технологиялары, шетел тілдері, кәсіптік педагогика мен психология және арнайы пәндер бойынша біліктілікті жоғарлатты.

Корпоративті Университет төңірегінде ЖООға: АҚ «АрселорМиттал Теміртау» бас директоры доктор Франк Паннир, ЖШС «Корпорация «Казахмыс» вице-президенті А.Б. Юн; «ERSAI Caspian Contractor LLC» компаниясының бас директоры Камилло Череза бастаған делегациясы және т.б. жұмыс сапары бойынша келді. Нәтижесінде білім және ғылым салаларында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Без рубрики