Байқау: ең үздік университет логотипі және ұраны


Корпоративті мәдениетті қалыптастыру және  университет студенттері мен қызметкерлерін ҚарМТУ брендін алға жылжыту жұмысына жұмылдыру мақсатында ең үздік университет логотипі және ұраны байқауы жарияланады.

Байқау комиссиясы университет ұранын төмендегі критерийлер бойынша таңдайды:

— ұранның жалпы қабылдану дәрежесі;

— өзге ұрандарға ұқсамайтвын сонылығы;

— нанымдылығы;

— сыйымдылығы;

— есте сақталуы.

Ұран университеттің қалыптасқан алдыңғы қатарлы дәстүрлерін нығайтып, оны дамыта түсетін, еліміз бен аймағымыздағы білім ордамыздың алатын орнын анықтап, ҚарМТУ-дың даму перспективасын көрсететіндей болуы тиіс.

Логотип таңдау кезінбе байқау комиссиясы мына критерийлерді ескереді:

  1. Стилі.
  2. Өзгешелігі.
  3. Тартымдылығы.
  4. Образдың дұрыс берілуі.
  5. Жақсы оқылатындығы.
  6. Креативтілігі.

Логотип және фирмалық стиль сондай-ақ университетке тән ерекшеліктерді көрсетуі тиіс. Тәжірибелік тұрғыдан логотип қарапайым көрінуі керек және ақ-қара түсті болғанда өз сапасын жоғалтпауы тиіс.

Байқауға қатысу үшін ЖОО-ның барлық білім алушылары, қызметкерлері және оқытушылары шақырылады!

Жоба жеңімпаздарына арнайы құнды сыйлықтар әзірленген! Ұран және логотип – университеттің халықаралық білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасалып жатқан ғаламат өзгерістердің сыртқы бейнесі болмақ.

Университеттер ұрандарына мысалдар:

  1. Стэндфорд университеті — Азаттық желі еседі! (The wind if freedom blows)
  2. Кембридж университеті — Осы жерден зейініміз кеңейіп, құнды білім алып шығамыз (лат.)
  3. Университет ИТМО — «Университеттен де артық» («It’s more than University»).
Без рубрики