Конгресс


2016 жылдың 8-11 қарашасы аралығында «Мәскеу болат және балқымалар институты» ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Шойын металлургиясы – ХХІ ғасыр белестері» атты домнашылардың VІІІ Халықаралық Конгресі болып өтті.

Конгрестің мақсаты –  домна өндірісі дамуының әлемдегі негізгі үрдістерімен, домнада балқыту мен темір кені шикізаттарын даярлаудың инновациялық технологияларымен, технологиялық үдерістерді бақылау мен басқарудың заманауи әдістерімен танысып, металлург мамандарды даярлау проблемаларын айқындау.

Конгрестің жұмысына Ресей, қазақстан, Германия, Қытай, Австрия, Финляндия, Чехия елдерінен келген ғалымдар және металлургия өндірісі мен менеджментінің өкілдері қатысты. Пленарлық отырыста МБжБИ президенті Ю.С.Карабасов, «Метпром» КТ президенті С.С.Лазуткин, «Русская Сталь» компаниясының вице-президенті Ю.П.Мишин, «НЛМК» АҚ-ның бас домнашысы И.Ф.Курунов және басқалар баяндама жасады.

Конгрестің аясында 9 сессия жұмыс істеп, барлығы 200-ден астам баяндама жасалды.

Қазақстан Республикасының атынан Конгреске Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының ғалымдары қатысты. Сессияда профессор, техника ғылымдарының докторы К.З.Сәрсекенов көпшілікті А.М.Ғазалиев, К.З.Сәрсекенов, А.А.Ақбердина бірігіп жазып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Домнада балқыту үдерісін компьютерлік модельдеу» атты жаңа оқулықпен таныстырды.

«Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының доценті С.С.Квон «Металлургия саласының мамандарын индустрияландырудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде даярлау тәжірибесі» деген тақырыпта баяндама жасады.

Конгресс барысында оған қатысушылар «Металл-Экспо» көрмесінде болып, металлургия және металл өңдеу зауыттарына арналған заманауи жабдықтармен танысты.

Қазақстандық ғалымдардың аталған Конгреске қатысуы біздегі ұлттық металлургия мектебінің мойындалуын және Қазақстан металлургиясының Еуразия экономикалық одағы үшін маңыздылығын, сондай-ақ, ҚарМТУ-дың «ГППИР-2» гранттық бағдарламасын жүзеге асыруға қомақты үлес қосып отырғанын байқатады.

Без рубрики