Конференцияларға шақыру


2015 ж. 16 сәуір Аламатыда 3D басылымның және сканерлеудіғң алдыңғы қатарлы технологияларының 3D Print Conference ІІ конференциясы өтеді. Аталмыш іс-шара инновациялық технологияларды бизнесте тиімді пайдалануды көрсетудің  кәсіби алаңы ретінде белгеле. Алматы, Мәскеу және Киевте өткен іс-шаралар  бұған дәлел. Инновациялық технологиялар мүмкіндіктерін көрсету үшін Қазақстанда әлемнің әр түкпірінен осы саланың мамандары жиналады. ҚР БҒМ жанындағы технологияларды коммерциализациялау орталығы іс-шара серіктесі болап табылады және 2014 жылы қаржыландырылған соңғы жобалардың бірі- FDM және SLA баспасы технологиясы бар 3D принтернлерін жасауды ұсынады.

2015ж 8-12 шілдеде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Жібек жолының түйелері» ISOCARD IV Халықаралық конференциясы өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы ҚР БҒМ жанындағы технологияларды коммерциализациялау орталығының гранталушылары, 2011 жылдан бастап сапа мен дәмін тұрақты бақылау арқылы өндірістік көлемдегі қымыз және шұбат өндірісіне стартерлер жасау жобасын іске асырып келе жатқан  — «Антиген» компаниясы. www.isocardkz. сайтында конференцияға қатысуға өтініш беріп, толық ақпарат алуға болады.

«Болашақ энергися: С02 шығаруларын қысқарту» атты алғашқы халықаралық форум шеңберінде  2014 жылы 15 профильді және мемлекеттік емес мекемелер, соның ішінде технологияларды коммерциализациялау орталығы халықаралық «ONLINE ЕХРО-2017» жарысын ұйымдастыру және өткізу юойынша өзара түсінісушілік және ынтымақтастық меморандумын жасасты. Жарысты ұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық штаб құрылды. Жарыс туралы толық ақпарат www.online-expocom. сайтында. Өтініш беру мерзімі 2014 ж. 10 қарашасынан- 2015 ж. 30 шілдеге дейін. Жеңімпаздардың есімі 2015 жылы 20 -25 қазанда аталады.

Израиль Мемлекетінің СІМ жанындағы «МАШАВ» халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша И зраиль агенттігі 2015 ж. 24 мамыр- 18 маусым аралығында Иеруссалим қаласында «Education for Science and Technology and ICT in Education» атты ағылшын тіліндегі халықаралық білім беру курсын өткізеді.  Жарыс білім беру мекемелерінің жетекшілеріне және оқытушыларға арналған. Жарысқа қатысу үшін сәйкес жоғары білім, аталмыш саладағы кәсіби жұмыс тәжірибесі және ағылшын тіліь жоғары деңгейде болуы қажет. МАШАВ бағдарламасы қатысушылардың тұруын, тамағын, оқу ақысын, жарыс уақытындағы сақтандыруын және әуежайға бару/келу шығындарын өтейді.

Өтініш беру үлгісі және шарттары  http://embassies.gov.il/astana/ сайтында

Ақпараттық хат жүктеу

Без рубрики