Коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру туралы конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы


«Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» ММ атынан, Оператор – «Ғылым қоры» АҚ, конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты, 2016 жылға ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нəтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру туралы конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімінің 2016 жылдың 27 қазаны күнін қосқандағы мерзімге  дейін ұзартылғандығын хабарлайды.

Өзгерістер енгізілген конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитетінің сайтында: sc.edu.gov.kz және  edu.gov.kz  жарияланған.

Өтінімдер конкурстық құжаттамаға сәйкес  2016 жылдың 27 қазанына дейін қабылданады.

Конкурстық құжаттама — 27.09.2016

Конкурстық құжаттамаға қосымша — 27.09.2016

Нақтырақ мәліметті Ғылым департаментінде алуға болады

(Бас корпус, каб. 226,  тел. 56-68-22, ішкі нөмір 2226)

 

Без рубрики