ҚарМТУ студенттер командалары IT-WEEKEND.KZ – 2018 студенттер арасындағы Хакатоннан жүлделі орындар алды

Қарағанды қаласында 2018 жылдың 16-20 қазан аралығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамдық қызығушылықтағы сандық технологиялар» — «IT-WEEKEND.KZ — 2018» халықаралық IT-форумы жаңа форматта өткізілді.

Іс-шара IT-кәсіпкерлікке арналды. Іс-шара міндетіне Қарағанды облысының проблемаларын шешуге қабілетті әлеуметтік және экономикалық жобаларды құру кірді.

Форумға үкімет өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ақпараттық технологиялар саласындағы әлемдік және қазақстандық мамандар, ғылым мен білім, жастар мен бизнестің өкілдері қатысты.

IT-Форум аясында IT-WEEKEND.KZ-2018 Хакатоны 2018 жылдың 16-18 қазан аралығында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында өткізілді. Жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.

Студенттік Хакатонда 26 команда қатысты.

ҚарМТУ АЕЖ кафедрасында оқитын студенттер командасы екінші орынды және 300 мың теңге ақшалай сыйлықты иеленді. Команданың жобасы: Азаматтық шағымдар мен бастамаларды тіркеу. Қалалық мәселелерді шешу үшін бейімделген веб-қосымша мен мобильді қосымша жасалды. Бұл өнім мемлекеттік органдар, жеке кәсіпорындар және азаматтар арасында интегратор ретінде жұмыс істейді.

Хакатонда қазылар алқасы үшінші орынды бір емес екі командаға берді, бірі — ҚаМТУ АТҚ кафедрасында оқитын студенттер командасы, бірі — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттер командасы. Әрбір команда 200 мың теңге ақшалай сыйлық алды.

 

Без рубрики