Келесі курсқа көшіру және қайта оқыту


Студенттің таңдау бағдарламасы (кредит санының оқудың ағымдық кезіндегі пән бойынша жинаған кредиттер санының нақты сандық баламасына сәйкес келуі) бойынша қол жеткізген жетістіктерінің деңгейін ескере отырып келесі курсқа көшіретін GPA (Grade Point Average) балы мына формула бойынша есептеледі:

ондағы И1 – емтихан болатын пән бойынша алынған қорытынды баға;
ИК2 – тек қана курстық жоба қорғалатын пән бойынша алынған қорытынды баға;
ИС3 – емтихан мен курстық жоба қорғалатын пән бойынша алынған қорытынды баға.
К1 … Кn – оқу жылы бойынша оқылған пәндер мен практикалардың кредит бойынша берілген көлемі;
n – оқу жылы бойынша оқылған пәндер мен практикалар саны.
Оқу жылы бойынша оқылған пәндер мен практикалар бойынша болып қалған академиялық қарыздар студенттің курстан курсқа, мамандықтан мамандыққа, ЖОО-дан басқа ЖОО-ға көшіру барысында GPA-сын есептеу кезінде нөл болып есептеледі (И=0).
Университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне қойылатын көшіру балы 2016-2017 оқу жылына Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітіліп, сырттай бөлім студенттері үшін мынаны құрайды: 1 курс -1,8; 2 курс – 2,0; 3, 4 курс – 2,2.

Бекітілген көшіру балын жинай алмаған студент ректордың бұйрығы бойынша келесі жылға пәндерді жазғы семестрде оқуға рұқсатсыз ақылы негізде оқуға қалдырылады.
Келесі жылы қайтадан оқу курсына қалдырылған студент алдында қабылданған оқу жоспарын әрі қарай орындай алады немесе жаңадан құруы да ықтимал.
Келесі курсқа ауыстырылған, алайда академиялық қарызы бар студенттер оны жою үшін ақылы негізде қайта оқып қорытынды аттестацияға дейін тапсыра алады.
Пәндер ағымдық, аралық бақылау мен емтиханды қамтитын сағаттар көлеміндегі лекциялар, практикалық, семинар сабақтары түрінде оқытылады. Пән бойынша жиналатын кредиттер қанағаттанарлық баға алған кезде есепке алынады.
Практика түрлері бойынша академиялық қарыз бағдарламаға сәйкес ақылы негізде жойылады.
Академиялық қарызды жою мақсатымен ақылы негізде қайта оқу мына жайттар бойынша жүзеге асады:
— студент сессия аяқталған соң 3 күн ішінде институт директорының атына академиялық қарызды жою туралы өтініш жазады;
— директор өтінішпен танысып, рұқсат берген жағдайда, студент ҚОББ-ға барып ақылы қызмет көрсету туралы келісім шартты толтырады (каб.309б, бас ғим.);
— төлемақы пән кредиттері бойынша банк бөлімшесінде төленеді де, төлеу туралы түбіртек төлем бөліміне тіркелу үшін (каб.221, бас ғим.).
— академиялық қарызды жою мақсатымен оқу Тіркеу Бөлімі Университет бойынша әзірлеген бұйрық негізінде ұйымдастырылады.
Пәнді қосымша оқу кезінде:
— аталмыш пәндерді меңгеру мақсаты қойылады;
— пән бойынша рейтингті анықтау мақсатымен барлық оқу тапсырмалары орындалады;
-емтихнды жақсы бағаға тапсыруға мүмкіндік болады.
Мамандықтың оқу жоспары бойынша қосымша меңгерілген пәндер нәтижелері GPA-ға енгізіледі.

 

Аралық бақылау мен аралық аттестацияны өткізу

Келесі курсқа көшіру және студенттер қатарына қайта қабылдау емтихан сессиясы басталмай тұрып 10 күн бұрын аяқталады.

сырттай бөлім студенттері оқу жоспарына сәйкес бақылау, курстық жұмыстар мен жобаларды орындауға міндетті..

Орындалған бақылау, курстық жұмыстар мен жобалар міндетті түрде кафедрада тіркеледі. СҚОИ студенттері оларды кафедраға сессияға дейін 10 бұрын тапсыру керек.

Бақылау, курстық жұмыстар мен жобаларды қорғамаған студент сол пән бойынша емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Cырттай бөлім студенттеріне арнайы жүргізілетін аралық бақылау зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының нәтижелері мен бақылау жұмыстарын қорғау бойынша емтихан сессиясы алдында семестріне бір рет өтеді.

СҚОИ студенттері мына жағдайларда сессияға жіберілмейді:

—         оқу ақысын төлемесе;

—         өткен сессиясы бойынша академиялық қарызы болса.

Пәндер бойынша емтихандар кесте сәйкес қатаң түрде тек жазбаша не тест түрінде жүргізіледі.

Студенттердің аралық бақылау мен емтихан сессиясы бойынша алған бағалары мен қол жеткізген жетістіктері балдық-рейтингтік жүйе арқылы электронды ведомостерге қойылады.

Емтихан алатын оқытушы емтиханға дейін ведомоспен танысып, студенттерге емтихан тапсыруға жіберілуі не жіберілмеуі туралы мәлімдеуге міндетті.

Егер де студенттер себепсіз емтихан тапсыруға келмесе, онда емтихан ведомосінде академиялық қарыз болып табылатын « келмеді» деген белгі қойылады.

Емтиханнан кейінгі екі сағат ішінде оқытушы емтихан бағаларын электронды ведомоске енгізеді. Одан соң қорытынды ведомость беріліп, оқытушы қорытынды бағаларды сынақ кітапшаларына қояды да ведомості СҚОИ-ға тапсырады.

Сессияны ұзартуға рұқсаты немесе сессияны тапсырурудың жеке кестесі бар студенттің емтихан қорытындылары мен курстық жобаларының нәтижелері директордың қолы қойылған жеке емтихан ведомосіне енгізіледі. Жеке емтихан ведомосі берілгенінен бастап үш күн бойы күшке ие, студент оны СҚОИ-ға осы мерзім ішінде өткізуге тиіс. Уақытында тапсырылмаған жеке емтихан ведомостері өндеуге алынбайды.

Бағаны жоғарлату мақсатымен емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Емтихандар мен курстық жобаларын сәтті тапсырып шыққан сырттай бөлім студенттеріне сессия аяқталысымен келесі емтихан сессиясына шақыру анықтамасы беріледі.

 

Қорытынды бағаларды есептеу

Сырттай бөлім студенттері оқитын пән бойынша емтихан кезінде қойылатын қорытынды:

И=А2 ´ 0,6 + Э ´ 0,4 , (1)

формула бойынша, ондағы  А2 – емтиханға дейінгі болатын және емтихан, сонымен қатар электронды ведомоске енгізілетін аралық бақылау бағасы.

Э – емтихан бағасы;

0,6; 0,4 – аралық бақылау мен емтихан  коэффициенттері.

Сырттай бөлім студенттері курстық жоба (жұмыс) тапсыратын пән бойынша GPA-ны есептейтін қорытынды баға:

ИК= А2 ´ 0,6 + ЗК ´ 0,4 . (2)

формуласы бойынша қойылады, ондағы ЗК – қорғалған жоба ұшін қойылған баға;

Сырттай бөлім студенттері курстық жоба мен емтихан тапсыратын пән бойынша қорытынды баға:


формуласы бойынша шығарылады.

Без рубрики