ҚарМТУ ең үздік үш техникалық ЖОО-дары қатарына кірді


2019 жылдың 23 мамырында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA-Ranking) — 2019 жылдын Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының рейтингісінің нәтижелерін ұсынды, бұл рейтинг 2008 жылдан бастап он бірінші жыл қатарынан жарияланып, жоғары оқу орындарының рейтингін халықаралық стандарттарға негізделген.

Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті НАОКО — ның бағалауы бойынша «Ғаламтор кеңістігінде Университетті алға жылжытуда көшбасшы» номинациясында бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның ең үздік техникалық ЖОО-2019 ұлттық рейтингісінде үшінші орынға ие болды.

Жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылығының маңызды факторы — білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтардағы беделі. Бүгінгі таңда рейтингтер әлемдік білім беру нарығының негізгі барометрлерінің және әлеуметтік артықшылықтарды қалыптастыру құралдарының біріне айналды.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің көпвекторлы рейтингісі жоғары оқы орындарының түрлі салаларын қамти отырып, оларды одан әрі дамытудың әлеуеті, ресурстары және басымдықтары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға, сондай-ақ білім беру мекемелерінің беделін және танымалдығын арттыруға жол ашады. Мұның бәрі түлектерге — оқу орнын таңдаудың, ал ата-аналарға, жұмыс берушілерге және қоғамға — жоғары сенімнің іргелі факторы.

Көш басындағы алғашқы үштікті мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша максималды көрсеткіштерге қол жеткізген ЖОО-лар алды.

Институционалдық  рейтингті есептеу әдіснамасы үш құраушыға негізделеді: бірінші құраушы (№ 1 сауалнама) — жоғары оқу орнының академиялық ресурстарын бағалау, оған жалпы баллдар санының 70% бөлінеді; екінші құраушы (№ 2 сауалнама) — бұл жоғары оқу орындары қызметінің сапасын сараптамалық бағалау (15%); үшінші құраушы (№ 3 сауалнама) — бұл жұмыс берушілерге және мемлекеттік органдарға социологиялық сауалнама жүргізу негізінде жоғары оқу орындарының қызметін бағалау (15%).

 

Қазақстанның ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі-2019
Орын ЖОО атауы Ұпай, %
1 Сәтбаев университеті (Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) 95,78
2 Қазақстан-Британ техникалық университеті 91,90
3 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 89,37
4 Қазақ ұлттық аграрлық университеті 76,35
5 Алматы энергетика және байланыс университеті 70,78
6 Алматы технологиялық университеті 64,82
7 М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы 59,66
Халықаралық ақпараттық технологиялар университет 59,66
9 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 58,81
10 Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті 47,79

 

Без рубрики