ҚарМТУ Тәуелсіздік күнін атап өтті


2019 жылдың 13 желтоқсанында еліміздің басты мерекесі — Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде салтанатты іс-шара өтті. Оған университеттің акт залында жиналған 435 оқытушы, қызметкерлер, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Акт залында мерекелік және патриотизмге толы атмосфера болды.

Гүлнар Сантаевна жиналғандарға Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың университетіміздің ректоры техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА және Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Ибатов Марат Кеңесұлы мемлекеттік награда — «Құрмет» орденімен марапатталғанын хабарлады: «Кеше, Ақорданың резиденциясында (Нұр-Сұлтан қаласы) қазақстандықтарға республика алдындағы қызметі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті.

«Марат Кеңесұлы Ибатовты осы құрметті марапатымен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!» — деп сөзін жалғастырып Гүлнар Сантаевна, университет басшысын сахнаға шақырды.

Университет ректоры, «Құрмет» орденінің иегері М.К.Ибатов іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, былай деді:

Бұл марапатқа ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің жұмысымның ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұжымның және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттерінің, егеменді мемлекетіміздің гүлденуі үшін күн сайын жұмыс жасайтын әріптестерімнің жұмысына жасалған үлкен баға.

Марат Кеңесұлы сонымен бірге қазақ халқы үшін тарихи датаның — 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасында тәуелсіздік туралы конституциялық заң қабылданған кездегі маңыздылығын атап өтті. Ол Тәуелсіздік жылдарында елімізде тарихи маңызды өзгерістер жүзеге асырылғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлеуметтік дамудың әртүрлі бағыттары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Ректор сонымен қатар «Қарағанды политехникасы» өзінің жас елімен бірге дамып келе жатқанын атап өтті және барлық қатысушыларға мықты денсаулық, бақыт, жақсылық және барлық істер мен бастамаларда сіттілік тіледі.

Біздің университетте жақсы дәстүр бар — жыл соңында үздік кафедраларды, қызметкерлер мен студенттерді анықтау үшін конкурстарды қорытындылаймыз. Ректор барлық келгендерді мерекемен құттықтап қана қоймай, ерекше миссияны — 2019 жылғы конкурстарды келесі номинациялар бойынша марапаттау рәсімін жүргізді:

  • «Үздік факультет»;
  • «Үздік кафедра»;
  • «Жыл оқытушысы»;
  • «Үздік жас ғалым — жаңашыл»;
  • «Үздік департамент»;
  • «Ең үздік құрылымдық бөлімше».

«Үздік факультет» аталымында жеңімпаз атанды:

1 орын – Инновациялық технологиялар факультеті, жүлде қоры 640 мың теңге.
2 орын – Тау-кен факультеті, жүлде қоры 400 мың тенге.
3 орын – Жол-көлік факультеті, жүлде қоры 240 мың тенге.

«Үздік кафедра» аталымында жеңімпаз атанды:

1 орын – «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы, жүлде қоры 400 мың тенге.
2 орын – «Технологиялық жабдықтар, машинажасау және стандарттау» кафедрасы, жүлде қоры 240 мың тенге.
3 орын – «Жоғары матетатика» кафедрасы, жүлде қоры 160 мың тенге.

 

«Жыл оқытушысы» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Рахимов Мурат Аманжолович– «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доценті. Сертификат 160 мың теңге.
2 орын – Тимохина Татьяна Владимировна — «Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы. Сертификат 120 мың теңге.
3 орын – Чаусова Татьяна Анатольевна – «Кәсіптік оқыту және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы. Сертификат 90 мың теңге.

 

2019 жылғы «Үздік жас ғалым — жаңашыл» номинациясының жеңімпаздары:  

1 орын – Ибраев Марат Киримбаевич – «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессоры.  Сертификат 160 мың теңге.
2 орын – Нагибин Алексей Александрович — «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы. Сертификат 120 мың теңге.
3 орын – Щербакова Елена Петровна — «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы. Сертификат 90 мың теңге.

 

2019 жылдың үздік департаменттері анықталды:

1 орын – Сандық университетті дамыту департаменті жүлде қоры 400 мың теңге.
2 орын – Академиялық мәселелер департаменті жүлде қоры 260 мың теңге.
3 орын – Инфраструктураны дамыту департаменті жүлде қоры 180 мың теңге.

 

«Үздік құрылымдық бөлім» номинациясында жеңімпаз атанды:

1 орын – Мемлекеттік сатып алу және жабдықтау бөлімі. Сертификат 200 мың теңге.
2 орын – Қазақстандық қайта құру және даму көпсалалы институты.  Сертификат 130 мың теңге.
3 орын – Баспа және көшіру шеберханасы. Сертификат 90 мың теңге.

 

Сондай-ақ, ректор университет қызметкерлеріне білім мен ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі, адал жұмысы мен жоғары жетістіктері үшін грамоталар мен алғыс хаттарды табыстады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталғандардың қатарына, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шараға шақырылған келесі қызметкерлер кірді:

Көпжылдық жемісті жұмысы, ғылымның дамуына қосқан зор үлесі, Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» құрмет белгісі:

  1. Ожигин Сергей Георгиевич – ғылым жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі.

 

Көпжылдық жемісті жұмысы, жоғары білімнің дамуына қосқан зор үлесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы:

  1. Жетесов Сантай Сулейменович – техника ғылымдарының докторы, «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры. Қазақстан Республикасының құрметті машина жасаушысы.
  2. Томилова Надежда Ивановна – Қазақстан Республикасының құрметті машина жасаушысы., «Ақпараттық есептеу жүйелері» кафедрасының доценті.
  3. Моисеев Валерий Семенович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ғылым және инновациялар департаментінің бас сарапшысы.
  4. Драк Наталья Михайловна – «Триединство языков им. Ш. Кудайбердиева» орталығының аудармашысы.

 

Көпжылдық жемісті жұмысы, Жоғары білімнің дамуына үлкен үлес қосқан үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінен алғыс хат:

  1. Амиров Азамат Жанболатович – сандық университетті дамыту департаменті директоры, PhD докторы.
  2. Бейсембаева Баян Омаровна – кітапхана директоры.

 

Көпжылдық жемісті жұмысы, жоғары білімнің дамуына және жаңа буын мамандарын дайындауға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Университеттер қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медалімен:

  1. Исагулов Аристотель Зейнуллинович – бірінші проректор, т.ғ.д., профессор. 3 дәрежелі «Тау-кен Даңқы» төсбелгісінің иегері.

 

Ахмет Байтұрсынов атындағы күміс медаль, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы:

  1. Брейдо Иосиф Вульфович – өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, профессор, академик КазНАЕН, Международной академии информатизации. Қазақстандағы «DAAAM» автоматтандыру жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық ғылыми комитетінің президенті.
  2. Исин Даулет Калыкович – техника ғылымдарының кандидаты, «Нанотехнологии және металлургия» кафедрасының профессоры. Қазақстан Республикасының құрметті машина жасаушысы.

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ІІI дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен металлургия саласындағы білікті мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін марапатталды:

  1. Балбекова Бахыт Кабкеновна –«Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі, доцент.
  2. Кипнис Лев Семенович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент кафедры «Нанотехногии и металлургия». Құрметті өнертапқыш және Қазақстан Республикасының құрметті машина жасаушысы.
  3. Жукебаева Тулеша Жукебаевна –техника ғылымдарының кандидаты, «Нанотехногия және металлургия» кафедрасының доценті. Түсті металлургия саласындағы жоғары білікті маман. Еңбек сіңірген ҚарМТУ қызметкері.
  4. Боранбаева Багдат Мекетаевна –техника ғылымдарының кандидаты, «Нанотехногия және металлургия» кафедрасының доценті. Түсті металлургия саласындағы жоғары білікті маман.
  5. Альжанов Марат Кайдарович –техника ғылымдарының кандидаты, «Нанотехногия және металлургия» кафедрасының доценті. Түсті металлургия саласындағы жоғары білікті маман.
  6. Конунникова Светлана Гавриловна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Құю өндірісі саласындағы жоғары білікті маман.

 

Көпжылдық жемісті жұмысы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің дамуына қосқан зор үлесі, «ҚарМТУ еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді:

  1. Иманбаева Лидия Хамитовна — Физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Механика» кафедраның доценті. Теориялық механика саласындағы жоғары білікті маман.
  2. Әдільбек Нұрсағат Әдільбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Жоғары матеиатика» кафедрасының доценті.
  3. Фешин Борис Николаевич – техника ғылымдарының докторы, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедра профессоры. Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.
  4. Кадыров Адиль Суратович — техника ғылымдарының докторы, «Көлік техникасы, технологиялар және логистикалық жүйелер» кафедра профессоры. «Кұрметті авто-көлікші».
  5. Камаров Рымгали Кумашевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының доценті, ҚарМТУ біліктілікті арттыру институтының директоры. Үш дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісінің толық иегері. «Университеттің үздік оқытушысы-2012» атағының иегері.

 

Жұмысқа жауапкершілікті, кәсіби көзқарас үшін, ерекше жетістіктері үшін 2019 жылы ҚарМТУ ректорының алғыс хатымен марапатталады:

  1. Брейдо Иосиф Вульфович – «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор..
  2. Когай Галина Давыдовна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент кафедры «Информационно-вычислительных систем».
  3. Стефлюк Юрий Михайлович – РМПИ кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты.
  4. Жарылкасынова Ария Каргуловна – «Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедраның аға оқытушысы. Рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес мүшесі.
  5. Мустафина Лэззэтжан Мухамеджановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, жоғары математика кафедрасының доценті.
  6. Джантасова Дамира Дулатовна – Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Британ Кеңесінің сертификатталған жаттықтырушысы.
  7. Дивак Людмила Анатольевна – ҚМжТ кафедрасының аға оқытушысы.
  8. Кожанов Мурат Галиаскарович – СУДД инженері. Халықаралық және ұлттық программалық байқаулардың жеңімпазы;
  9. Бузяков Рустам Равильевич – ДМП маманы. «Жас көшбасшы» номинациясы бойынша Қарағанды қаласы әкімінің «Дарын» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының шәкіртақысының екі мәрте иегері.
  10. Ашимова Дана Естаевна – ғылым және инновациялар бөлімінің бастығы. Мемлекеттік бюджеттік жобалар бойынша есеп беру құжаттарын дайындауға, мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға арналған республикалық конкурстарды өткізуге белсенді қатысады.
  11. Макарова Елена Викторовна – академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің студенттік бөлімінің статистигі.
  12. Танатарова Румия Тимурлановна – академиялық мәселелер департаментінің оқу процесін ұйымдастыру бөлімінің әдіскері.
  13. Аринова Кустия Камитовна – №3 оқу ғимаратының әкімшісі өз жұмысына саналы түрде қарайды.
  14. Исмагулова Карлыгаш Туякбаевна – «Жастар Әлемі» жастар орталығының күзетшісі. Өз міндеттерін саналы түрде орындайды.

Салтанатты жиын университет студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Без рубрики