ҚарМТУ Арыс қаласындағы оқ-дәрілер жарылысынан зардап шеккен 30 балаға арналған, «Политехник» демалыс аумағында жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырды


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, оқ-дәрілер жарылысы кезінде жарақат алған Түркістан облысы Арыс қаласының, 30 баласы үшін Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің көркем бұрышында орналасқан, «Политехник» демалыс аумағында жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырды.

 

Жазғы сауықтыру лагері бос уақытты тиімді пайдалану, оқу-дамытушылық ойындар, тренингтер, спорттық жарыстар мен жорықтар арқылы жазғы демалыста мектеп оқушыларына жақсы демалу мақсатында ұйымдастырылған.

Жазғы лагерьде Университеттің Жастар саясаты департаменті, «Жас Орда» жастар бірлестігінің директоры Бузяков Рустам Равильевичтің жетекшілігімен балаларды бақылайды.

Без рубрики