Кафедра тарихы


Экономикалық теория кафедрасы 1962 жылы марксизм- ленинизм кафедрасының бөлінуі нәтижесінде құрылды, 1953 жылдан бастап құрамында саяси экономия кафедрасының оқытушылары болған.Оны тәжірибелі басқарушы экономика ғылымдарының кандидаты Рахлис Лидия Абрамовна басқарды. Қысқа мерзім ішінде ол Алматыдан, Москвадан Қарағандыға қоныс аударған жас экономист ғалымдармен: Шуб И.И., Капустин Е.И.және т.б. кафедрны құрды. Олардың құрамында С. М. Киров атындағы Қаз МУ- дың саяси экономия кафедрасының аспирантурасының түлегі Кашиков Ш.К, 1965 жылы кафедраның меңгерушісі болып тағайындалған да болды.1984 жылы ол докторлық диссертацияны қорғады.

Кашиков Шагатай Кашикұлы кафедраны 1965 жылдан 1991 жылдарда басқарды. Осы уақыт аралығында кафедра «Саяси экономия» пәнін оқытуды ҚПТИ- дың күндізгі, кешкі және сырттай оқыту формаларындағы барлық факультетті қамтамасыз етті.Оның құрамында 19 адам, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагері экономика ғылымдарының кандидаты Легкопудов В. Н, тылда еңбек еткен экономика ғылымдарының кандидаты Лепехин В.Ф., экономика ғылымдарының кандидаты , доцент Иманғожин С. И., Игнатущенко Н.А (қазіргі кезеңде Москва қаласындағы ВТУЗ да экономика ғылымдарының докторы, профессор), Савкин В.А, Есентаева Р.Х., Жарылгапов Ш. М., Гордичев М.З., Надирова С.Г., аға оқытушылар Насырова А.У., Вылеток Г.Г., Шиляева Н.П., ассистент Алибеков Р.М.

Ректораттың көмегінің нәтижесінде республиканың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарына аспирантураға Иманғожин С. И, Савкин В.А, Жарылгапов Ш. М, Гордичев М.З. жіберілді және кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап , кафедраға жаңа деңгейде келді.

Колесникова Л.И. АХШИ да (қазіргі Рысқұлов атындағы ҚазЭУ). Легкопудов В.Н және Левицкая Л.Л.- Ломоносов атындағы ММУ диссертацияларын дайындап, қорғады

1992 жылы саяси экономия кафедрасы экономикалық теория кафедрасы болып аталды. Оқытылатын пәндердің саны екіден алтыға дейін өсті: экономическалық теория, экономическалық теория негіздері, менеджмента негіздері, маркетинг негіздері, менеджмент және маркетинг негіздері. 1995 жылы «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. 1991 – 1993 жылдар аралығында кафедраны техникалық мамандықтардағы студенттерге «Маркетинг негіздері», «Менеджмент негіздері», «Менеджмент және маркетинг негіздері» пәндерінен оқу- әдістемелік қамтамассыз етуге көптеген жаңа өзгерістер енгізген Лепихин В.Ф басқарды. 1993 жылы кафедраның меңгерушісі доцент Иманғожин С.И. болды. 1954 жылы семья жағдайына байланысты Қарағандыдан көшіп кетті. 1994 жылы кафедра меңгерушісі болып тағайындалған экономика ғылымдарының кандидаты доцент Колесникова Л.И кейіннен сайланды.

Экономикалық теория кафедрасын дамуына көп үлесін қосқан Ұлы Отан соғысына қатысқан, еңбек ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Кашиковтың есімін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында университет Кеңесінің шешімімен 2006 жылдың маусым айында Кашиков Ш.К аты берілді.

Без рубрики