Кафедра меңгерушісі Ахметов А.А. түйіндемесі


Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі

Ахметов Аманкелди Ахметович, медицина ғылымының кандидаты    (1975 ), доцент (1977 ).

1946 жылдың 8 наурызында Көкшетау облысы, Казгородок ауылында дүниеге келдi. 1969 жылы Қарағанды мемлекеттiк медициналық институтының емдiк факультетiн бiтiрiп, патологиялық физиологиясы кафедрасында ғылыми аға лаборант қызметінде қалдырылды. 1972 жылдан бері кафедра ассистентi. Медицина ғылымдарының кандидаты диссртациясын қорғағаннан кейін 1975 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомының нұсқауы бойынша Қарағанды педагогикалық дене шынықтыру институтына ауыстырылды. Алдымен аға оқытушы, доцент кейін спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы, оқу ісі проректоры және РУМЦ-тың оқу әдістемелік ісінің проректоры болып 1996 жылға дейін жұмыс істеді.

1996 жылы ҚарПИ мен ҚарМУ-ды біріктіргеннен кейін университеттің РУМЦ проректоры кейін дене шынықтыру және спорт факультетінің деканы қызметін атқарды.

2000-2010 жылдары Қазақстан – Ресей СГУ университетінде ұшқыштар орталығында бастапқыда декан болып, содан кейін психология және дефектология кафедрасының профессоры болып істеді.

2010 жылы 1 қыркүйектен бастап Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.

Кезінде Омск қаласында Сібір мемлекеттік дене тәрбиесі университетінде, ГЦОЛИФК-де Мәскеу қаласында, Тарту мемлекеттік университетінің спорттық медицина факультетінде (Эстония) ФПК курсын өтті. 40-қа жуық ғылыми жұмыстары жарық көрді. Студенттерге арналған бірнеше әдістемелік нұсқау шығарды. Әр түрлі оқулық бағдарламалар құруға атсалысты. Көптеген мамандықтарға ОӘК құрды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылыми министрлігінің ұйымдастыруымен Орал (1985), Қостанай (1987), Семей (1989), Өскемен (1990), Шымкент (1991), Қарағанды (1992), Павлодар (2006) қалаларында Ғылыми әдістемелік конференцияларға қатысты. Осы конференциялардың жұмыстарында автордың докладтары тезис  түрде шығарылды.

Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институтында және ҚарМУ-да жұмыс істеп жүрген кезінде жоғарғы дәрежелі спортшыларды кезінде Қазақстан, Совет одағы, Әлем чимпиондары атанған А. Жапаров, С. Алшынбаев, М. Маяузов, А. Ақшалов, В. Хакимов сияқты белгілі спортшыларды дайындауға көп уақыт жұмсап, өз үлесін қосты.

Ахметов А.А. кезінде еркін күреспен айналысып, кейін облысымызда, республикамызда осы күрестін дамуына  қызмет істеді. Ол облыстық біріншіліктен бастап, республикалық, СССР және халықаралық турнирлер ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Облыстық спорттық күрес федерациясының президенті болып сайланды, республикалық төрешілер коллегиясының мүшесі болып қабылданды. Еркін күрес бойынша ұлттық дәрежедегі төреші. Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтырудың құрметті қайраткері атағы берілді.

Жоғарғы оқу орындарында жұмыс істеген уақытында әр түрлі грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «СССР жоғарғы мектептерінде жоғарғы жетістіктері үшін» төс белгі иегері, КПСС орталық комитеті, Совет Министрлігімен ВЦСПС-тің мақтау қағазымен, СГУ-дің 15-жылдық мерей тойына арналған медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлінің құрметті қайраткері атағының иегері.

Без рубрики