Кадедра тарихы

«Механика» кафедрасы 2006 жылы 1 қаңтарда «Теориялық механика» және «Қолданбалы механика» кафедраларының қосылуы негізінде құрылды. 2008 жылдан кафедраға «Сызба геометриясы және инженерлік графика» циклы қосылды.

Материалдар кедергісі кафедрасында әр уақытта жұмыс істеген оқытушылар:Үмбеталин С.Ү., Лысенко Н.И., Абилов Е.Е., Аманов А.С., Сыздыков Қ.С., Колоколов Б.С., Югай К.М., Рахимбекова З.М.,               Баттақов С.Б., Винярский П.П., Тұрсынов А.Т., Түсіпбаев М.Д.,                Атаманов В.Ф., Козлов А.М., Тұтанов С.Қ., Борунов В.Л., Акбасов Е.Н., Рахимов З.Р., Шамбер Э.А., Боженова К.Б., Жетпісов Т.Х., Ералин А.Н., Жайшібеков Н.Ж., Шалабеков С.Р., Боженов А.Ш., Мұратшин Ф.Ф., Елмұратов С.К., Жадрасынов Н.Т., Панькевич С.И.

Теориялық механика кафедрасының бірінші меңгерушісі физико-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Кан Ш. У. (1962-1968, 1971-1975) болды. Ол біздің оқу орнына 1953 жылы қыркүйек айында алынған бірінші оқытушы болды. 1938 жылы Кан Ш.У. Ленинградтың мемлекеттік университетін бітірген, оның кандидаттық диссертациясы кометалардың біреунің қозғалысын есептеуге арналған. 1968-1971 жылдары кафедраны техникалық ғылымының докторы, профессор Боженов А.Ш. меңгерді. 1976 жылдан 2003 жылға дейін кафедраны ҚазССР–ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ешуткин Дмитрий Никитович, ҚарПТИ-ның (1964) түлегі, 1969 жылы техника ғылымының кандидаты, 1979 жылы техника ғылымының докторы, басқарды. 1987 жылы оған (авторлармен бірігіп) өндірістің кен шығаратын және құрылыс салаларында пайдаланатын соққы күшінің әсерінен жұмыс істейтін гидравликалық машиналардың теориясын және жасауды дамытқаны үшін ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық берілді. 2003 жылдан 2006 жылға дейін кафедраны т.ғ.к., доцент Қожахметова А.Қ., т.ғ.д., профессор Тутанов С.Қ., т.ғ.д., профессор Жадрасынов Н.Т. – тар басқарды.

Теориялық механика кафедрасында әркезде жұмыс істеген оқытушылар:  Христенко Б.Г., Чертыковцев В.В., Мендікенова М.П., Мендікенов Қ.К., Григорчак В.С., Гогричиани Д.Г., Гейер Э.Н., Рысқұлов Қ.Р., Оразов Қ.О., Романенко З.А., Николаев Ю.А., Чжен А.Я.,  Тен В.К., Тен В.Р., Тен Г.С., Кобылянский В.Л., Исаев В.Л., Русаков Г.Д., Тұрсынов Қ.А., Ақашев Е.У., Ковтуненко В.В., Гофман Э.В., Мекк В.А.,  Елмұратова А.Ф., Смағұлов З.М., Қаржаспаев А.А., Кремер Ф.Ф., Пивень Г.Г., Смирнов Ю.М., Тұтанов С.Қ., Тұякбаев Ш., Тайманова Г.К., Палев П.П.

«Сызба геометрия және инженерлік графика» циклында жұмыс жасағандар:  Сихимбаев С.Р., Цой С.М., Абилгазин Б.И., Рамазанова Ж.З., Рахымбаева Г.Ж., Горчаков А.Я., Сенчуков Л.Я.

Кафедраның құрылғанынан бері 23 ғылым кандидаты, 6 ғылым докторлары (Ешуткин Д.Н., Палев П.П., Боженов А.Ш., Смирнов Ю.М., Жадрасынов Н.Т., Бакиров Ж.Б.) дайындалып шығарылды.

1998 жылы кафедра негізінде Қазақстан Республикасында бірінші рет 205240 – «Машиналардың динамикасы мен беріктігі» мамандығы ашылды.                    «Механика» кафедрасы құрылғаннан (2006) бастап, оның құрамында 19 оқытушылар бар, яғни 2 профессор: т.ғ.д. Бәкіров Ж.Б., т.ғ.к. Ахмедиев С.Қ., 8 доценттер: т.ғ.к. Жылқыбаев Н.Т., т.ғ.д. Старостин В.П., т.ғ.к. Даникина Т.С., ф.-м.ғ.к. Иманбаева Л.Х., т.ғ.к. Мұкұшева Г.М., т.ғ.к. Қожахметова А.Қ., т.ғ.к. Правдин О.Ю., т.ғ.к.  Филиппова Т.С., 3 аға оқытушылар: Үмбеталиева Ұ.Л., Орынтаева Г.Ж., т.ғ.к.  Бәкіров М.Ж., оқытушылар: Оразбекова А.А., Таңірбергенова А.А., Михайлов В.Ф., Ганюков А.А., Безкоровайный П.Г., Түсіпбаев Н.Б., 4 оқу процесіне көмектесетін персоналдар : Царук О.И., Қабиева Р.А., Бейжанов А.А., Рахимбекова  Л.Н.

Кафедра жалпы кәсіби және базалық пәндерден Механика циклынан оқытылу жүргізіледі: теориялық механика, материалдар кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, механика, қолданбалы механика, инженерлік механика — 1,2,3, сызба геометриясы және инженерлік графика.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты деформацияланатын қатты дене механикасы және машиналар динамикасы бойынша зерттеулер болып табылады және кейінгі жылдары осы бағытта 6 кандидиттық диссертация қорғалды. Кафедра жылдан жылға өзінің ғылыми байланыстары мен практикалық базаларын кеңейтуде: НГТУ (Новосибирск қ.), ВКГУ (Өскемен қ.), Букетов Е.А. атындағы  ҚарМУ-ің механика кафедрасы, ҚазҰТУ (Алматы қ.), ПМУ (Павлодар қ.), ТООНАН-ЛТД (Қарағанды қ.), ОАО Миттл Стил (Теміртау қ.), Қаргормаш (Қарағанды қ.), түрлі-түсті металл өңдейтін завод (Балқаш қ.).

Кафедраның лабораторияларында (I-100, I-132А) қазіргі уақытта сәйкес сынайтын құрал-жабдықтар (МИ-40У, СМ-1) орнатылған, кафедрада компьютерлік класс (I-102) құрылған. I-115 аудиториясында аудио- видеотехника пайдаланып сабақ өткізетін арнаулы класс құрылды.

Кафедра сонымен қоса 01.02.04 — «Деформацияланған қатты дене механикасы» және 01.02.06 — «Машиналардың, аспаптардың және аппараттардың динамикасы, беріктігі» мамандықтары бойынша ізденушілер мен аспиранттарды дайындайды.

«Механика» кафедрасының оқу зертханасында МИ-40-У универсалдық машинадағы студенттердің жұмысы

Без рубрики