Кәсіби бағыттау орталығының Қарағанды қаласының оқушыларымен өткізген кездесуі


2017 жылдың 31 қаңтары  күні ҚарМТУ-дың Кәсіби бағыттау орталығы ҚарМТУ-дың Бас корпусының акт залында мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізу мақсатында Қарағанды қаласының оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде алғашқы сөз алған ҚарМТУ-дың бірінші проректоры  А.З. Исагулов түлектерге Университетте оқытылатын мамандық түрлерімен кеңінен таныстырды. Ал «жас Орда» Студенттер ұйымдары асоцияциясы төрағасының орынбасары С. Иванов  ЖОО-нда  білім алып жатқан жастардың  бос уақытын тиімді өткізуі жайлы әңгіме қозғап, ҚарМТУ студенттерінің  өмірін бейнебаян  арқылы көрсетті.

Кездесу ҚарМТУ студенттерінің  шығармашылық үйірмелерінің қаысушыларының  оқушыларға арнап қойған  концертімен аяқталды.

 

Без рубрики