Кәсіби бағыттау орталығының Абай қаласына үгіт-насихат сапары

2016 жылдың 6 желтоқсаны күні ҚарМТУ-дың Кәсіби бағыттау орталығы мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізу мақсатында Абай қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Іс-сапар барысында мектеп оқушылары ҚарМТУ жайлы мәліметтермен жан-жақты танысты. Мектеп түлектерін универститет жайлы  ақпараттармен төмендегі оқытушылар таныстырды:

1. Кызыров Кайрулла Бейсенбаевич – «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының профессоры;

2. Томилова Надежда Ивановна –  «Инновациялық технологиялар» факультетінің деканы;

3. Югай Вячеслав Викторович – «Байланыс жүйесінің технологиясы»–  кафедра меңгерушісі;

4. Рабатулы Мухамедрахым Рабатович – Тау-кен факультеті деканынің орынбасары;

5. Тусупова Гульзат Алиевна КБО директоры;

6. Калиев Нур Жомартович – «Жас Орда» студенттер және магистранттарының кәсіби одағының өкілі;

Іс-сапар барысында ҚарМТУ студенттерінің  шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары оқушыларға арнап концерт қойды.  Нығыжан Нұрдәулет  «Мен сені қаладым», «Любовь настала», және Ануарбеков Куанышбек сияқты студенттер «Седая ночь», «Комарово» сияқты әндерін орындады.

 

Без рубрики