Кәсіби бағдарлау жұмысы орталығы


Кәсіби бағдарлау жұмысы орталығы және  ПОҚ кафедралары 7 пән бойынша  (Қазақстан тарихы, физика, математика, биология, химия, қазақ тілі, орыс тілі) Интернет — олимпиада өткізді.

Интернет — олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

—  ЖОО- ға дейінгі оқу орындарының оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін және физика,химия, қазақ және орыс тілдеріне деген қызығушылықтарын анықтау және дамыту;

— ғылыми білімдерді насихаттау;

— Интернет — технологияларды оқу үрдісінде қолдану, сондай-ақ әлеуетті студенттерді ҚарМТУ-да оқуға тарту.

Олимпиада Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының 11-ші сынып оқушылары арасында алдын-ала іріктеусіз, олардың дайындық деңгейіе қарамастан өтті.

40 –тан астам мектептен сырттай кезеңге қатысуға 202 өтініш келді.

Интернет — олимпиаданың сырттай кезеңі қашықтықтан 14.12.2015- 02.02.2016 ж.ж. аралығында: оқу орындарының немесе оқушылардың жее компьютерлері арқылы өтті.

Сырттай кезең нәтижелері бойынша 2016 ж. 11 ақпанда Университет территориясында 30 мектептен 100 оқушы қатысуымен  өткен күндізгі кезең қатысушылары анықталды.

Күндізгі кезеңге қатысушылардың тізімі ҚарМТУ сайтына салынды және мектептерге таратылды. Олимпиада жеңімпаздары диплом және сыйлықтармен,ал қатысушылар мен пән мұғалімдері сертификаттармен марапатталды.

Без рубрики