«Көркем» қыздар клубы

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап ҚарМТУ – да «Көркем» қыздар клубы жұмыс істеп келе жатыр. Клубтың мақсаты – қыздарды салт – дәстүр мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеу. Қазақ қыздарына сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктер үйрету көзделуде. Бүгінгі күні клуб құрамын «Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша оқитын 30 бұрала басқан бойжеткендер құрайды. Қыздармен түрлі сырласу кештері, дөңгелек үстелдер, әр түрлі кездесулер өтіп жатыр. Соның бірі 2016 жылдың 19 ақпанында «бет терісіне қалай күтім жасау керек?», «дұрыс макияж – әдемі суреттің кепілі» атты тақыптар төңірегінде қажетті ақпарат алу үшін Қарағанды облысының косметолог – визажист маманы Бегежанова Данамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында өз ісінің маманы қыздарға біраз қажетті ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді.

Без рубрики