IV жыл сайынғы ҚарМТУ ректорының балы

26 мамыр 2016 ж. сағ 18:00 «VOGUE» мейрамханасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығы және Қарағандыоблысының 80 жылдығына арналған IV жыл сайынғы ҚарМТУ ректорының балы өтті.

Іс-шара мақсаты студенттердің эстетикалық мәдени бос уақытын ұйымдастыру, ақсүйектік әдепті насихаттау, жастарды әлеуметтік белсенділікке ынталандыру, сонымен қатар оң мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға жағдайлар жасау.

Бұл- университет студенттеріне арналған дәстүрлі, мерекенің салтанатты бояулары, жарқын бейнелер, гормония мен көктемнің басталуын біріктіретін  би мерекесі.

Ұйымдастырушы- «Жас Орда» ҚарМТУстуденттерінің кәсіподағы. Іс- шараға үш ай бойы классикалық бимлерді үйренген, ҚарМТУ-дың 150 студенті қатысады.

Ректор балы төртінші рет өткізіліп отыр, және де Қарағанды ме,млекеттік техникалық университеті өміріндегі ең ауқымды, жарқын, күтілетін және есте қалатын іс-шара болып табылады.

Қонақ ретінде облыс және қала әкімшілігінің өкілдері, қоғамдық және жастар ұйымдарының жетекшілері, шығармашылық топ өкілдері шақырылды.

Соңында демеушілерден құнды сыйлықтармен марапатталған бал Ханы мен Ханшайымы таңдалды.

Аталмыш іс-шара ең алдымен рухани- өнегелік маңыздылыққа ие. Қазақстандықтардың қазіргі заманғы ұрпағы, жаңа Қазақстандық патриоттық рухтатәрбиеленген, саяси сауатты және мәждени ұлт болуы тиіс.

Без рубрики