IV«ПОВОЛЖЬЕ» ЖАСТАР БИЗНЕС- ФОРУМЫ


2014 жылдың 25- ші тамызынан 29- шы тамызы аралығында Нижегород обл. Губернаторы  В.П.Шанцевтың басқаруымен Федеральді «Сен- кәсіпкерсің»  бағдарламасының  аясында  IV «ПОВОЛЖЬЕ» жастар бизнес- форумы өтеді. Форумды ұйымдастырушылар:  «Росмолодежь» жастар ісі жөніндегі федеральді агенттігі, Нижегород облысының шағын кәсіпкерлікті, тұтынушы рыногі мен қызметін қолдау және дамыту  Министрлігі, «Колесо» жастар бизнес- қозғалысы және «Жастар Инновациялық орталығы» бизнес- акселераторы.

«ПОВОЛЖЬЕ» жастар бизнес- форумы- бұл жастардың мансаптық және тұлғалық өсуіне, сонымен қатар, кәсіпкерлер ұрпағының белсенді және дарынды өкілдерінің дамуы  мен  алға жылжуына арналған жергілікті ашық алаң. Алғаш рет бизнес- форум 2011 жылы өтті және аймақтың  жыл сайын өтетін ең ауқымды жастар бизнес- оқиғасына айналды. Жыл сайын ол 500 қатысушысын жинайды. Олар өз күштеріне сенімді, нені қалайтындарын жақсы біледі, дұрыс сұрақтар қояды, өз шешімдеріне жауапкершілікті ала біледі. Олар- өз істерінің мамандары, алға қойған мақсаттарына жетіп, жаңа пайдалы танысулар жүргізе алады. Олар- студенттер, жас кәсіпкерлер немесе  өз бизнес- жобалары бар адамдар.

2014 жылы «ПОВОЛЖЬЕ» жастар бизнес- форумына қатысушылар төрт санат бойынша біріктіріледі: «жаңадан  келуші» ( бизнеске қызығушылығы бар), «start-up» (өз бизнесі бар), «кәсіпкер» (жұмыс жасап жатқан бизнесі бар), «инновациялық жоба». Әр санат үшін белгілі бір деңгейдің қиындығына және сол деңгейде қажет білімнің ерекшелігіне сәйкес жеке білім беру бағдарламасы жасалған. Білім беру бағдарламаларынан басқа сараптау алаңдары, networking және «ашық микрофон» ( сарапшылар алдында өз жобасын ұсыну және 1 жылға тәлімгер алу мүмкіндігі)  алаңдары жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, «ПОВОЛЖЬЕ» жастар бизнес- форумының өзгермейтін бос уақытты өткізуге арналған мазмұнды бағдарламасы білім беру бөлімімен қосылып жыл сайын зияткерлік пен драйвтің толқыны болады.

Бірнеше жыл бойы Ресейдің  60 аймағында өтіп жүрген «Ресейдің Жас кәсіпкері»  атты Жалпыресейлік жарыстың  аймақтық  кезеңі  «ПОВОЛЖЬЕ» форумының ең басты оқиғасына айналмақ. Нижний Новгородта бұл алғашқы рет өтеді. Жарыстың көпжылдық тарихында алғаш рет Мәскеу қаласында өтетін Финалда «ПОВОЛЖЬЕ» форумында таңдалған Нижегород облысының кәсіпкерлері қатысады. Нижнийдің жас миллионерлерін қатысуға шақырамыз, біз барша елге Нижегород тұрғындарының сәтті жобалары жайлы айтуға дайынбыз!

«Инновациялық жоба» санатының аясында «Жоғары технологиялар саласындағы технопарктер ассоциациясының» қолдауымен қатысушылар жобаларын «буып- түюге» бағытталған  «Жастар инновациялық орталығы» бизнес-акселераторының білім беру бағдарламасы өтеді. Осылайша, қатысушылар бизнес- жоспарларды толықтыру жөнінде, сонымен қатар, 2014 жылдың 10 қыркүйегінде  Investor Demo Day аясында Нижний Новгородта өтетін инвесторлармен кездесуге дайындық бойынша   жетекшілердің ұсыныстарын  алу мүмкіндігіне ие болады.

Бизнес-форумның ашылу күнінде «Буревестник» пансионатының  жанында  «Даналық қабырғасы» және «Пікірлер орындығы» құрылады. Құттықтау сөзінен кейін  «Поволжьенің» негізгі спикерлері  «Даналық қабырғасында» жас инноваторларға өз тілектерін қалдырады. Ұрпақтар тәжірибесі- жастардың игілігіне!

Дәл осы күні негізгі спикерлер «Пікірлер орындығының» айналасына бір-бір алма ағашын отырғызып, «Кәсіпкерлер аллеясын» ашады.  «Пікірлер орындығының» жарқын дизайны- жаңашылдық пен жаңа батыл шешімдердің нышаны.  «Кәсіпкерлер аллеясына» әрбір, мақсатын жүзеге асыруды армандайтын  адам  шабыт іздеп келе алады- жас Ньютонның  басына  қандай  ой келетінін кім білсін?

Егер Сіз серіктес  және пікірлес  адам іздеген болсаңыз, егер тобыңызға  оттай жанған көздер мен бизнесті ұлғайту мен кеңейтуге жаңа білім қажет болса, егер 5 күн бойы осы өмірден аларлары көп, жұмыс істей білетін, күндіз білім алып, кешке Горьков теңізінің жағасында көңілді демалатын  адамдармен  бірге белсенді  оқу  және бос уақытты өткізу форматында  болғыңыз келсе- IV «ПОВОЛЖЬЕ» жастар бизнес- форумының қатысушысы болуға шақырамыз!

«Жаңадан  келуші», «Start-up», «Кәсіпкер» деңгейлеріне тіркелу – Осында

«Инноватор» деңгейіне  тіркелу үшін жаңалық табушының сауалнамасын және инновациялық жобаны ұсыну формасын толтырып, info@mictp.ru. поштасына жіберу қажет.

Жаңалық табушының сауалнамасы

А үлгісі- науқан сатысы

В үлгісі- start- up сатысы

Қатысу ақысы:

«StartUP»-қа қатысу — Іздеу — 2014», 30.07.2014 дейін өтініш бергендерге қатысу ТЕГІН!

Толық ақпарат +7 (495)739-79-75 нөмірі бойынша

Жастар инновациялық орталығының сайтынан

 

Без рубрики