Халықаралық Terricone valley IT-WEEK.KZ 2019 форумының нәтижелері


2019 жылдың 24-27 қазан аралығында Қарағанды қаласында Халықаралық Terricone valley IT-WEEK.KZ 2019 форум өтті.

IT-WEEK.KZ 2019 міндеттері:

  • аймақтың IT қауымдастығын қалыптастыру;
  • тұрғындар арасына, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа өнімдері туралы ақпаратты тарату;
  • билік органдарымен электрондық өзара әрекеттесудің мүмкіндіктері туралы азаматтарды ақпараттандыру;
  • аймақтағы IT индустриясының дамуына ықпал ету;
  • ІТ-мамандықтардың тұсаукесері, жетекші компанияларда тағылымдамалар және оқу бағдарламалары.

Форум аясында жүлде қоры 1 000 000 теңге болатын хакатон өтті.

Хакатонның қорытындысы бойынша ҚарМТУ студенттері барлық 3 жүлделі орындарды жеңіп алды.

1 орын «Road Guard» командасына бұйырды , топ құрамында Казанцева Екатерина (ВТ-16-4), Ким Евгений (ВТ-16-4), Демченко Евгений (ВТ-16-4), Жолнеров Дмитрий (ИСМ-18-2), Жастлеков Данияр (ВТ-18-3), университетіміздің түлектері Нуртай Маргулан (ИСМ-17-2), Шафеев Даниил (ИСМ-17-2), Нургысан Темирлан (АиУ-15-3). Бас жүлде 500 000 теңге болды.

2 орын «Clean City»командасына бұйырды, топ құрамында Дипнер Борис (СИБ-19-4) және Давыдова Арина (ВТ-18-1), 300 000 теңге көлемінде сыйлық алды.

3 орын «Garbage Collector» командасына бұйырды, топ құрамында Столповский Никита (ВТ-16-4), Шорин Алихан (ВТ-16-4) болды. Жігіттер 200 000 теңге көлемінде сыйлық алды.

Құттықтаймыз! Сәттілік және жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики