ҚарМТУ тарихы


Мұражай экспозициясы, университет дамуының және қалыптасу тарихының 1953 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін тарих шежіресі.

Университет құруылуының тарихы Ұлы Отан Соғысының жылдарының кезіндегі уақыттан бастап пайда болды. Сол жылы қарағандыға көптеген ғылыми-зерттеу институттары, сонымен қатар Мәскеу тау-кен институты және Бүкілодақтық Көмір институты да көшірілген. Соғыстан кейін көп мамандар мен бітірушілер Қарағанды қаласында көмір бассейнін көтеруге қалды. Соғыстан кейінгі жылдары өндіріс қарқынды дамып, жоғары инженерлік білімі бар мамандарда өте үлкен қажеттілік болды.

1953 жылы КСРО Министрлер Одағы мен Мәдениет Министрлігі Қарағандыда Тау-кен институты ашылуы жөнінде бұйрық алады.

Институттың бірінші директоры болып Нұрмұхамедов Юнус Қадырбаевич, т.ғ.к. болды, ол институтты 1953 – 1955 жылдар арасында басшылық етті.

Дас тау-кен институтының қалыптасуына мемлекет көмектесті. Минералдар, химреактив, оқулықтар жиынтығын жіберді. Университет кітапханасының фондында әлі де И.В.Сталин атындағы Мәскеу тау-кен институтының, Днепропетровск тау-кен институтының, НКВД кітапханасы және тағы басқалардың мөртабандарымен ерекше басылымдары бар. Оқыту қызметіне Свердловск тау-кен институтының, Ленинград және Днепропетровск жоғары оқу орындарының мамандары жіберілді. Студенттер әр түрлі мекемелерде оқыды, бірақ 1954 жылы

Бейбітшілік бульвары, 22 мекен-жайы бойынша ғимарат бөлінді.

Біріншіден Тау-кен институтында 2 мамандық ашылды: «Пайдалы қазбалар кен орындарын дамыту» және «Тау-кен электромеханикасы». Бірінші қабылдау 200 студенттен тұрды. Бірінші болып бітіргендердің студенттері инженерлер формасын киіп, онымен мақтан тұтты. Мұражайда біздің студент, Чуркин А.Н., бірінші үздік студенттің фотосы әлі де сақталған, оған № 1 деп тіркелген үздік дипломы берілді. Чуркин А.Н. ұлы мұражайға өзінің әксінің дипломының түпнұсқасын сыйға берді.

1955 жылы Нұрмұхамедов Ю.К. Мәскеуге кетіп, институт ректоры болып Абылқас Сағынұлы Сағынов тағайындалды. Мұражайда оның ректор болып тағайындалу жөнінде бұйрық ұсынылған. А.С.Сағынов өмірі мен қызметі жөнінде біздің мұражайда жеке стендтер арналған.

1955-1958 жж.бастап біздің институтте А.А.Ермеков қызмет атқарды. Мемлекеттік қызметкер, «Алашорда» үкімет мүшесі, математиканың бірінші қазақ профессоры, қазақ тілінде математика бірінші оқулығының авторы, оқулық фрагменті біздің мұражайымызда ұсынылған, түпнұсқасын автор Қарағандының өлкетану мұражайына тапсырды, біздің мұражайда А.А.Ермековке жеке стенд арналған.

1958 жылдың наурыз айының 31-і Қарағанды тау-кен институты Қарағанды политехникалық институтқа өзгертілді. Бұл Қазақстандағы бірінші Политехникалық институт болды.

Сол жылы Қарағандыда Қазақ ССР-дің бірінші шығу сессиясы өтті. Институтқа академик К.И.Сатпаев келді. К.И.Сатпаевтың институт студенттерімен кездесу өтті. Бұл оқиға «За политехнические знания» №3 газетінде жазылды. Біздің мұражайымызда К.И.Сатпаевқа жеке стенд арналған.

1958 жылы институтте  5 факультет жұмыс істеп, 15 мамандық бойынша даярлық жүргізілді. Осы жылы бірінші 157 инженер-кеншілер оқуын бітірді, олардың көбісі ақырында ұлы ғалымдар болды. Мұражайда сіздер бірінші оқытушылар және бітірушілер, диплом қорғаудың бірінші фотографиясы, комсомол ұйымның бірінші хатшысы Климов Б-ның мадақтау қағазы, Галиев Ж.В. студент –активистке мақтау қағазын көре аласыңдар. 1953 жылы институтте профессорлық-оқытушылар құрамы шағын болды, тек бірнеше ғылым кандидаттары. Ғылыми-педагогикалық кадрлар мәселені шешу жолдарын іздеу керек болды. А.С.Сағыноы бұл мәселені нысаналы аспирантура жағы бойынша мамандарды дайындау арқылы шешті. Оның ұйымдастыру қабілеті мен адамдармен жұмыс істеу біліктілігіне байланысты аспирантураға 40 адам жіберілді.

1962 жылы қазақ айының 1-і институтте 28 кафедра, 326 оқытушы, 2 ғылым профессорлары, 40 доцент және т.ғ.к. жұмыс істеді. 60 ж.аяғында бұл мәселе шешілді. 1966 жылы институтте кандидаттық диссертация қорғау бойынша біріккен кеңес құрылды. Алғаш техника ғылымдарының кандидаты – Д.А.Аманбаев, ҚПТИ бітірушісі болды. Кеңес құрамының деңгейі жоғары болды, бұл докторлық диссертация қорғауды қабылдау жөнінде сұрақ туғызды. 1993 жылы ҚР ЖАК докторлық аттестация қорғау бойынша арнайы кеңес құрамын бекітті. Университет басшылығымен 33 жыл ішінде 400 жыл диссертация қорғалды, оның ішінде 3-і докторлық. Институт жұмысы кезінде 50 адам докторлық диссертацияларын қорғады. 80 жылдардың аяғына қарай ғылым докторлармен мәселе шешілді.

60 жылдар институттың қарқынды дамуымен байланысты. Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Целиноград қалаларында филиалдар ашылды. Келісімдер бойынша 150 мың рубльге 15 ғылыми-зерттеу тақырыптары жүргізіліп, 10 мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізді.

Материалдық база жақсарды. 1953 жылы тек бір ғимарат қана болды, ал қазір Техникалық университеттің ғимарат кешені тлық ықшам ауданы алып тұр. 1963 жылы бас ғимарат зертханалармен, спорт залымен, оқу аудиторияларымен, 3 жатақханамен пайдалануға жаратылды. Бас ғимараттың құрылысында студенттер белсене қатысты. Ол кірпіш салып, паркет еденін төсеп, кітапхана кітап қоймасындағы сөрелерді өз қолдарымен пісірді. 2 мәселе және 5 салалық зертхана ашылды. Бұл зертханаларда студенттердің құралдар, макет үлгілерін жасауға мүмкіндік болды, сосын оларды бірнеше рет халық шаруашылығының жетістіктер көрмесіне қойып, мақтау қағаздары мен дипломдармен марапатталды. 1972 жылы бірінші оқу корпусы пайдалануға жаратылды. Студенттердің күштерімен корпус жаңында алаңдар жасалды. 10-15 жж. ішінде студенттер тұрғын үймен толық қамтамасыз етілді. 1961-1963 жылдары Қарқаралыда демалуға жазғы лагерь ұйымдастырылды, кейін ол студенттер мен оқытушылардың демалыс базасына айналды. Топар су қоймасының жағасына спорт базасын салды. Бұл барлық құрылыстарда студенттер мен оқытушылар белсенді қатысты. Құрылыстардың жобалық бөлігін студенттік жоба-құрылымдық бюросы Н.М.Коротченко және В.Ф.Архипов доценттерімен жүзеге асырды. Құрылысты институт проректорлары А.Ф.Кичигин, А.Г.Лазуткин басқарды. Сорпт базасын кеңейту  мақсатында жеңіл атлетика манежі салынды. Бұл манеж қазіргі уақытқа дейін де пайдаланылады.

Біздің университеттің мақтанышы бұл ҚарМТУ-ҚР Тұнғыш Президентінің білім ордасы болғаны. 1962-1965 жж.-ҚПТИ-да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқу жылдары. Біздің мұражайда осығ мәліметке стенд арналған.  Бұл стендте сіз еңбек кітапшасынан көшірмені көре аласыз, ол Н.Ә.Назарбаев өз еңбек қызметін банкте қарапайым күзетші болып жұмыс істегені жөнінде, кейін үздік бағалармен бітірген Днепропетровск техникалық училищесі, Қарағанды тау-кен институты, түсушінің жеке карточкасы, автобиография, Н.Назарбаевты бірінші курсқа қабылдау жөнінде бұйрық, студент Назарбаев Н.-ның сынақ кітпшасының көшірмесі, Втуз зауытының 5 курсына ауысу жөнінде өтініш, Н.А.Назарбаевтың домен пешінің жұмыскер формасындағы фото, А.Смолькин. т.ғ.к., Президент құрбысының еске түсіруі.

1962 жылы «Тау жыныстарының күйзеліске ұшырауы» атты алғашқы Бүкілодақтық ғылыми-техникалық конференция өтті. ҚПТИ 25 баяндама ұсынды, 19-ы ең үздік болып аталды.

Сол жылы тың жерлерде институттың «Политехник» студент отряды өзінің бірінші еңбек семестрін өткізді. Құрылыс отряды бірінші Мемлекеттік награда- ҚазССР КП ОК және ҚазССР Министрлерінің Естелік жалауын 10 тың жерлердің өнімін жинаған сәттілік үшін, Қазақстан ЛКСМ ОК және Ауылшаруашылық Министрлігімен ерен еңбек үшін Естелік жалаумен марапатталды. Бұл жалаулар біздің мұражайымызда ұсынылған. ҚПТИ  14 жалауды әлеуметтік жарыстарда жеңіс үшін сонымен қатар студенттік құрылыс отрядымен үздік нәтижеге жеткені үшін ие болды.

1972 жылы көлік-жол және инженерлік-құрылыс факультеттеріне жаңа зертханалық ғимарат енгізілді, мұнда жаңа автомобильдер, тракторлар, қозғалтқыштар, машина және механизмдердің модельдері мен механизмдері, зертханалық құрылғылары орнатылды. Бұл жерде студенттер тәжірибені өтіп, құрылысшы студенттер ғимарат және құрылыс құрылымдарының элементтерін зерттеді.

1972 жылы Қарағанды политехникалық институты КПСС ОК және КСРО ЖК Президиумы, КСРО Министрлер кеңесінің және ВЦСПС «Мерейтойлық құрмет белгісімен» КСРО білімнің 50 жылдығына қарсы Бүкілодақтық жарыста ең жоғары нәтижеге жеткені үшін марапатталды. Бұл жарыста Кеңес Одағының  870 ЖОО-лары қатысты, бірақ жеңімпаз болып тек екі университет – мемлекеттегі ең ескі – Ломоносов атындағы ММУ және ҚПТИ.

1973 жылы шетел тілдерінің кафедрасының негізінде студенттік аударма бюросы жұмыс істейді. Бұл бюродағы студенттер шетел тілі саласында өз тілдерін жақсартып қана қоймай, өз мамандықтары бойынша білімдерін жетілдірді, себебі олар ағылшын, неміс, француз тілдерінен техникалық әдебиетті аударды. Сол жылдары біздің 60 студенттеріміз өз дипломдық жобаларын шетел тілдерінде аударды.

70 ж.ортасында КСРО Жоғары және орта арнайы білімнің Министрліктің шешімімен техникалық ЖОО-ларда жалпы инженерлік факультеттер ашылды. Оларға екі оқу залы бар оқу кітапханасы, жаратылыс ғылымдары және білім беру жалпы техникалық пәндер бойынша оқу әдебиеттің 150 мың экземплярымен фонд абонементтері ашылды, бұл жерде оқырман –бірінші курс студенттерімен жұмыстың жетекші әдістері енгізіліп, жаппай іс-шаралар өткізіліп, «Жасқанат» клубы жұмыс істеді.

1976 жылы ҚПТИ теледидарының бірінші хабарламасы өтті. Телестудия бірінші ғимаратта орналасып, жаңа техникамен жабдықталды. Оператор және жүргізушілер біздің студенттер болды. Келесі хабарламаны бүкіл институт тосты.

Сол жылы КСР Жоғары Кеңестің Президиумы ҚПТИ-ды ауылшаруашылыққа мамандықтарды дайындаудағы табыстар үшін және 9-шы бес жылдықта ғылыми зерттеулерді орындағаны үшін еңбек Қызыл Жалаумен марапатталды. Сол жылы ҚПТИ Қазақ ССР Құрмет Алтын кітап және Қарағанды облысының Құрмет Тақтасына енгізілді. Бүкіл тарих бойынша ҚПТИ ҚазССР құрмет Алтын Кітабына (1976ж. және 1981 ж.)  және Қарағанды облысының Құмет тақтасына үш рет енгізілді.  Әрбір институт осындай жоғары марапатқа ие бола бермейді.

1970 – 1991 жылдар аралығында ҚПТИ-да Құрмет кітабы жүргізілді, оған Университет тарихына үлес қосқан оқытушылар мен студенттердің аттары мен фамилиялары енгізілді, қазір университетпен ҚарМТУ Құрмет алтын кітабы жүргізіледі. 1974 жылы «Құрметті қонақтар» кітабы бекітілді. Құрметті қонақтар, Чехослорвакия, Польша, Болгария, Германия және т.б.досшыл мемлекеттерден делегациялар, ғалымдар, министрлер, композиторлар, артисттерн, жазушылар және суретшілер ҚПТИ-ға келгені туралы өз мемлекетінің тілінде жазулар қалдырады. Кітап әлі де өз функцияларын атқарып, мұражайда орналасқан.

1983 жылы институт өзінің 30-жылдығын тойлады. 28 мың инженерлер оқуын бітірді. Институтте оқу-зертханалық ғимараттар және ғылыми-зерттеу зертханалары жақсы жабдықталған. Қарқаралы  мен Топар су қоймасының жағасында демалыс зоналары жұмыс істейді.и Қыс және жаз кезіде осы жерде  900-ге дейін адам демалады (фото).

Кәсіпорын бұйрығы бойынша орындалатын шаруашылық келісімді ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқында дамып, олардың қржыландыру көлемі 1983 жылы 5 млн.рубльге дейін өсті.

Бір шаруашылық келісімді жұмыстың орташа жылдық бағасы  1975 жылы 14 мың рубльден 1983 жылы 32 мың рубльге дейін өсті. Жұмыс өзектілігі де өсті. Маңызды тақырыптың көлемі 70% дейін өсті(1975 – 33,5%).

Институт  КСРо Мемлекеттік жобасы және техника мен ғылым бойынша КСРО мемлекеттік комитетпен бекітілген маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу бойынша 11 нысаналы және кешенді бағдарламаларды іске асыруға қатысады. ЖОО-ның көп кафедралары ірі зерттеулерді жүргізіп, КСРО ҒА және Қазақ ССР ҒАұйымдарымен тығыз байланыста болды. КСРО ҒА үйлестірімді жобалары бойынша 11 тақырып, Қазақ ССР Ға бойынша 21 тақырып жүргізіледі.

Институттың өндірістік кәсіапорындары мен сала министрліктердің ғылыми зерттеу және жобалау-құрастырушы институттармен байланыстар өсіп, нығайды. 1982 жылы ғылыми-техникалық қызметтестік жөнінде 55 келісім бойынша біріккен зерттеулер жүргізілді, олардың көбісі кешенді болды. П/О Қарағанды көмір – КНИУИ – ҚПТИ, ҚПТИ – П/О «Каргормаш», «ҚПТИ – НИИРП — КЗРТИ», «ҚПТИ – КФ Каздорпроект – Обл — шосдор» оқу-ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылып, сәтті жұмыстарын атқарады.

Кәсіпорындар мен сала министрліктерімен жиі тығыз байланыс өндіріске ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тез енуін іске асырады.  5 жыл ішінде ЖОО ғалымдарымен халық шаруашылығына  343 жұмыс енгізілді. Экономикалық әсер 45,9 млн. рубль болды. 1976-1982 жыл ішінде институт КСРО ашылым мен ойлап табу жөніндегі Мемлекеттік комитетке  990 сұраныс жіберді, 375 авторлық куәлі алынды.

Өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафедрасының ғалымы Е.Н.Протасов ВДНХ қола медалімен «Аглошахта-М» цифрлық есеп машинасын әзірлегені үшін марапатталды.

Студент И.А.Шнайдер (АИС тобы) НТО Бүкілодақтық кеңес дипломымен «Техникалық кибернетика, есесптеуіш  микропроцессорлық техника және информатика» бөлімі бойынша марапатталды.

Институтте «Студент және ғылыми-техникалық прогресс» атты Бүкілодақтық олимпиаданың республикалық айналымы өтті. ҚарПТИ студенттері барлық үш бөлімде  1 орынға ие болып, Қарағанды обком комсомол мадақтау қағаздарымен марапатталды.

1987 жылы соққы әрекет беретін гидравликалық машиналарын теориясын құру мен жасау үшін ғалымдардың авторлық ұжымына – Сағынов А.С., Лазуткин А.Г., Янцен И., Ешуткин Д.-ға Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Сол жылы кітапхана екінші рет Қазақстан ЖОО кітапханаларына республикалық семинар өткізді. Қатысушылардың арасында  49 ЖОО-дан , 17 облыстан және біздің республикамыздың қалаларынан 110 маман қатысты.

Институт қызықты шығармашылық өмір сүрді. Оқытушылар мен қызметкерлер шығармашылық өнерпаздық ұжымдарын құрды. Орыс халық хорға Э.Д.Кейль басшылық етті. С.М.Поляков (жылу техникасы кафедрасының аға оқытушысы) облыста жалғыз  орыс және қазақ халық инструменттердің оркестрін ұйымдастырды. Кәсіби деңгейде кеңінен танымал композиторлардың мелодия үні естіліп,авторы С.М.Поляков болған  вальс орындалды.

Л.Г.Будник (шетел тілдерінің аға оқытушысы) аудару клубының студенттерінен тұрған хорды ағылшын тілінде ұйымдастырды. Р.Т.Серебрянник (жоғары математика кафедрасының аға оқытушысы) тапқыр, көңілді және сөз тапқыш студенттерді «ВИВ» театрландырылған клубқа тарта білді. Өлеңдер мен юморескаларда жалқау және салақ студенттердің кейпілері көрсетілді.

В.А.Кичигина (кафдр бөлімінің бастығы) оқытушылар мен қызметкерлердің хорын ұйымдастырды, оның құрамында 60 әнші болды. Шығармашылық топтар Құрмет грамоталары мен дипломдармен марапатталды. 1982 жылы ҚПТИ халық өлең хоры «Халық» атағына ие болды, және келесі жылдары да осы атақты бірнеше рет дәлелдеді.

1988 жылы ҚПТИ ректоры болып ҚазССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Г.Лазуткин тағайындалды, ол ғылым жұмысы жөніндегі проректор болып 16 жыл жұмыс істеді.

Оқу үдерісі 7 факультетте орындалып, 23 мамандық бойынша кешкі және сырттай бөлімдерде жүргізілді.

1989 жылы алғаш рет 5 мамандық бойынша мемлекеттік тілде оқу басталды. 2000 жылға дейін ҚарПТИ-да қазақ тілін дамыту бағдарламасы құрылды. Институтта проблемалық зертхана және ғылыми-зерттеу секторы базасында ғылыми-зерттеу бөлімі құрылды. Оның құрылымына ғылыми-зерттеу зертханалары, үйлестіру, басқару қызметтері , ұйымдар, ғылыми жұмыстар кірді.

«Казантикор» тот басудан сақтау үшін мекемеаралық ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды, оның жетекшісі – кафедра меңгерушісі В.Э.Абсиметов болды.

1991 жылы ҚарПТИ №ПР-1918/34 сырттай экономикалық байланыстың Мемлекеттік реестр қатысушыларына енгізілді.

Машина мен жабдық, халық тұтынудың тауарлары бойынша операциялар, экспорттық операциялар орындалады.

Ғылыми зерттеудегі табыстар үшін С.С.Квон және Т.Е.Ермеков КСРО Минвуз сыйлығының лауреаттары болды.

Карьер еністерінің тұрақтылығын басқару бойынша жұмыс циклі үшін ғылым және техника саласында Қазақ ССР Мнвуз Министрлер Кеңесінің премия Лауреаттарының дипломдарына И.Попов, Р.Окатов, П.Шпаков, Г.Поклад, Ф.Низаметдинов ие болды. Гидроэлеваторлық құрылғыларды әзірлеу және енгізу үшін Н.Безуглов, А.Горчаков, Н.Им, Г.Ларцев, А.Синчуковқа ғылым және техника саласында ҚазССР Министрлер Кеңесінің премия лауреаттарының атағы берілді.

1993 жылы ҚарПТИ өз 40 жылдығын тойлады. 40 жыл ішінде институт 42 мыңнн астам жоғары білікті мамандарды даярлады, олар қазіргі уақытта өндіріс, басқару құрылымдары мен ҚР ғылым және мәдениет салалаларында табысты қызмет атқарады.

Компьютерлерді тәжірибелік жұмыстарда қолдану мақсатымен 1993 оқу жылынан бастап негізгі компьютерлік дайындық төрт семестрге дейін көбейтілді. 1994 жылы геоэкологиялық факультет ашылды. Сол уақыттан бастап ол экологтарды өндіріске дайындайды.

90 жылдары ЖОО тарихында өте ауыр және үрейлі болды. Сол уақытта нарық экономиканың жаңа жағдайларына бейімделу адаптация жүрді. Оқу жобалары түзетіліп, оқытудың жаңа формалары енгізілді. Қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіліп, әр үрлі салаларда, сонымен қатар білім жүйесінде де демократизациялау үдерістері басталды.

1994 жылдан бастап Қарағанды политехникалық институтты Білім министрлігімен тағайындалған ҚПТИ бітірушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, МАН ЖМ және МАИ, ҚР Инженерлік академиясының, ҚР Жаратылыс ғылымдарының Академиясының академигі Г.Г.Пивень болды.

1996 жылы  № 573  7 мамыр 1996 жылдан ҚР Министрлер Кабинетінің Жарғысымен ҚПТИ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке қайта құрылды (ҚарМТУ).

Г.Г.Пивень университеттің материалдық-техникалық базасын, ғылыми-педагогикалық потенциалын сақтап, техникалық университетті жаңа деңгейге көтерді. Сол жылдары бірінші проректор болып талантты ғалым М.Р.Нұрғұжинов болды. Оның қатысуымен ректорат тмашина жасау және электромеханикалық факультеттерінің негізінде ақпараттық технологиялар факультетін құрды.

Бұл бағыттағы бірінші қадамдар ҚарМТУ РИВЦ құруы, жеке компьютерлерге өту, ҚарМТУ ИНТРАНЕТ автоматтандырылған ақпараттық жүйе және жергілікті есптеу жүйесін Интернет әлемдік компьютер желісіне шығумен әзірлеу және енгізу болды.

1996 жылы Қазақстанда алғаш рет ҚарМТУ-да бірінші техникалық лицей (фото), ақпарат технологияларының колледжі, (фото) оқытудың қысқартылған мерзімімен факультеті , өзекті білім факультеті, балалар компьютерлік мектебі «Байт» (фото), «Мұрагер» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты (фото). «Қарағанды жүйелік техника және бизнес институты», «Экономика және менеджмент факультеті», «Кәсіпкерлік және басқару факультеті» құрылды.

Профессорлық-оқыту құрамында 429 ғылым болды, оның ішінде 236 ғылым докторлары мен кандидаттары, оның  26 академиктер және әр түрлі академиялардың мүше-корреспонденттері.

ҚарМТУ құрушысы болған «Автоматика. Информатика» атты ғылыми-техникалық журнал басылымға шықты.

Ең алғаш рет бакалаврлар мен магистрлердің дайындығы басталды. ЦКТТ құрылымында серік және цифрлық теледидардың зертханасы құрылды.

Құрамына студенттіктің активистері кірген Жастар ісі бойынша Комитет құрылды.

Қазақ тілі және мәдениет кафедрасында мемлекеттік тілін оқыту бойынша Орталық ашылды. «За политехнические знания» көп тиражды газетте ҚР мемлекеттік символикасымен таныстыратын «Елім-ай» рубрикасы ашылды.

Сол жылдары ҚарМТУ «Пісіру өндірісінің жаюдығы және технологиясы», «Метрология және метрологиялық қамсыздандыру», «Ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиясы» мамандықтары бойынша инженерлік кадрларды даярлайтын жалғыз ЖОО болды.

ҒЗИ бойынша шаруашылық келісімді жұмыстардың көлемі 25,9 млн. теңге болды, оны орындауға 160 адам тартылды.

Университет базасында Жаратылыс ылымдарының Академиясының, Инженерлік академия және Халықаралық ақпараттанудың академиясының Орталық-Қазақстан бөлімшесімен бірге «Ғылым және білім- «Қазақстан–2030» стратегиясының жетекші факторы»Халықаралық ғылыми конференциясы жыл сайын өтеді.

Біздің университетімізде құрылған «Ғимарат пен құрылыстардың кешенді зерттеу мен реконструкциясы» Қазақ мемлекеттік ғылыми-зерттеу жоба-құрылымдық өндірістік зертханасы ҚР сәулет-құрылыс қызметін жүргізуге Мемлекеттік лицензясын алды. Бұл Қазақстанда МИРР ғылыми-зерттеу институтына өзгерген жалғыз зертхана болды.

Ғылыми бағыттар, сонымен қатар машина жасау бойынша университет Республикада жетекші болып танылды. (ҚарПТИ-дың Қарағанды мемлекеттік техникалық университетке қайта ұйымдастыру туралы жарғы, «Ғылым және білім- «Қазақстан–2030» стратегиясының жетекші факторы»Халықаралық ғылыми конференциялардың жинақтары, журнал және газет материалдары, дипломдар, грамоталар, фотолар).

2002 жылы қарағанды мемлекеттік университет1989 жылдан бастап Балтия және ТМД мемлекеттерінің ұйымдар мен кәсіпорындар арасында өткізілетін  «Өндіріс қызметтестігің бірлестігінің алтын медалі» Халықаралық бағдарламасының лауреаты атағына конкурс жеңімпазы болды. ҚарМТУ Алтын медальмен қарқынды даму мен жоғары сапа үшін, ао ректор Г.Г. Пивень диплом және Өндіріс қызметтестігінің бірлестігінің Құрмет кеуде белгісімен тиімді басқару мен шығармашылық көзқарасы үшін марапатталды.

Қазіргі Гуманитарлық университет дәрістерінің тікелей трансляциясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін серік теледидардың оқу каналы ұйымдастырылды (СМУ, Мәскеу қаласы).

ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2002 жылдың тамыз айынан бұйрықпен ҚарМТУ-да  2 оқу-әдістемелік бірлестік ашылды, оған байланысты 27 мамандық және даярлау бағыттары бойынша университет негізгі (бас) болып танылды. Бұл – біздің университетіміздің еңбегін тану және республикадағы инженерлік білім дамуының маңызды сұрақтарын шешуде жауапкершіліктің жоғары шарасы болып табылады.

ҚарМТУ Ғылым Жоғары мектебінің Халықаралық академиясының (ҒЖМ ХА), Автоматтандырылған анализ саласында инженер-аналитиктердің Бірлестігінің ұжымдық мүшесі (NAFEMS, Ұлыбритания) болып табылады.

2003 жылы – ҚарМТУ 50-жылдық мерейтойын тойлады. Оқу  14 факультет  56 мамандық бойынша жүргізіледі. Профессорлық-оқыту құрылымы 700 адам қамтиды, сонымен қатар 50-ден аса ғылым докторлары мен профессорлары, 300-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттері. ҚарМТУуниверситеттің  50жылдық қалыптасу тарихы мен дамуы жөнінде  өзінің бірінші энциклопедиясын жариялады: қарағанды тау-кен және политехникалық институттан мемлекеттік техникалық университетке дейін (фото, мерейтойлық құттықтаулар, телеграммалар).

ҚарМТУ техникалық ЖОО арасында қашықтық білім игеруде пионер болды. Студенттер бірінші болып, оқуын бітірді.

2003 жылы ҚарМТУ Қазақстанның «Электронды Университет» статусқа ие болған алты жоғары оқу орындардың құрамына кірді.

2004 жылы экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет және ілім салаларында мемлекет Президентінің бұйрығымен уинверситет ректоры Г.Г. Пивень «Құрмет» орденімен марапатталды.

2004 жылы университет Қазақстанда бірінші болып IQО 9001:2000халықаралық стандартының талаптарына сапа менеджмент жүйесі сәйкестілігіне сертификаттау аудитін өтіп, «Русский регистр» және  IQ NET, ҚарМТУ-ға 32 әлем дамыған мемлекеттерде ҚарМТУ СМЖ танылатын сертификаттарын берді. (фото)

2005 жылы іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа жөніндегі Халықаралық Фонды (Швейцария, Женева)   ҚарМТУ-ды алтын медалімен жас мамандардың сапалы оқытуы, қарқынды дамуы үшін, инновациялық саясат, қазіргі жоғары технологиялар мен білікті ұжым пайдаланғаны үшін марапатталды.

ҚарМТУ  2004 жылғы Жаңа Классификатор бойынша 32 техникалық мамандықтардың ішінен 7 бойынша негізгі ЖОО болып бекітілді.

2 ҚР Инновациялық конгресте ҚарМТУ «Ең үздік ЖОО» номинациясында дипломмен марапатталды.

2005 жылы университет инженерлік бейінді зерттеу зертханасын құруға грант ұтып алды.

Университет – 2006 жылдың қазан айында Мәскеуде өткен Халықаралық Саммитте «2006 Ұлттық экономика көшбасшысы» құрмет белгісінің Халықаралық премиясының иегері болды.

ҚР БҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығым ен  ЖОО-лардың тәуелсіз рейтинг нәтижелері бойынша ҚарМТУ 3 орынға ие болды.

«Ең үздік оқытушы» атағына 2005-2007 жж. И.В. Брейдо, Д.О. Байджанов, В.В. Яворский, Г.Д. Даненова, В.И. Цой, О.А. Шарая, Ф.К. Низаметдинов, Г.С. Жетесова, Д.К. Исин, С.С. Жетесов, В.Ф. Дёмин ие болды.

2006 жылы «Ақниет» студенттік қамқорлық ұйымы ұйымдастырылды, ол жетім балалар, инвалид және зейнеткерлер өмірлерін жақсартуға бар күшін салады.

ҚарМТУ делегациясы Г.Г. Пивень ректордың басшылығымен Луизиана, Вирджиния, Марман техникалық университтерін жұмыс тәжірибесімен алмасуға іссапармен барды (біздің делегациямыздың фотосы, Луизиана техникалық жұмысының эмблемасы).

2008 жылы ақпан айында ҚарМТУ ректоры болып, ҚР Мемлекеттік премиясының Лауреаты, ҚР ҒҰА академигі Ғазалиев А.М. тағайындалды.

Университет дамуының  2008 жылға Кешенді бағдарламасы қабылданды, осы бағдарламаға байланысты  2008 жыл педагогикалық іскерліктің жылы болып аталды.

ҚР Бірінші Президенті атындағы Оқытудың электрондық технология орталығы құрылды, оның мақсаты оқу үдерісіне қазіргі ақпараттық білім технологияларын белсенді енгізу болып табылады.

Шәкәрім Құдайбердиев атындағы «Тілдер үштұғырлығы» тілдік орталығы ашылды, бұл жерде әр адам оқытудың жаңа құралдар көмегімен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйрене алады.

2008 жылдың 19 маусым күні ҚарМТУ базасында Қазақстандағы бірінші «Корпоративті Университет» құрылды, оның мүшелері Қазақстан және Ресейдің ғылыми және өндірістік кәсіпорындары болды.

Маркетинг және келісім қатынастардың орталығы құрылып, кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімділігін қамтамасыз етті. Ең алғаш рет Университет   1038 грант иегері болып, қала және облыс ЖОО-лары бойынша көшбасшы болды.

«Биотехнология», «Информатика», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Математикалық және компьютерлік модельдеу» және «Алғашқы әскери дайындығы» жаңа 5 мамандықтары ашылды.

100 компьютерлік орынға жаңа электрондық оқу залы құрылды.

2 сәуір күні «Президент және жастар – Қазақстан жолының шегі ретінде» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2008 жылы қазан айының  17-сі ҚарМТУ базасында «Қазақстандық патриотизм: ахуалы, қалыптасу жолдары мен мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

«Алтына Сапа» Республикалық конкурс-көрмесінде белсенді қатысу мен білім қызметінің жоғары сапасы үшін Университет 2008 жылдың қараша айында ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі А.Е.Мусиннің алғысымен аталып кетті.

Докторлық диссертация қорғау бойынша  2 диссертациялық кеңес ашылған. «Қарағанды-инвест-2008» Халықаралық форумда Университет ғалымдарының 11 жобасы, ҒЗИ Республикалық конкурста 137 студенттік жұмыс, студенттік конференцияларға біздің студенттеріміздің 575 баяндамасы ұсынылды. ҒЗИ қаржыландырудың көлемі 250 млн.теңге құрды.

Шетелде аналогы жоқ ҚарМТУ ғалымдарының ғылыми зерттеулері ұсынылған А.С.Сағынов атындағы «Білім және ғылымдағы инновациялар» орталығы ашылған.

Шетел ЖОО тарихында алғаш рет «Тау-кен машиналарының құрылым және есептеу машинасын жетілдіру» ғылыми жұмыстардың циклі үшін академик К.И.Сатпаев атындағы бірінші премиясы ПТ кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Малыбаев С.К., ПТ кафедрасының доценті, т.ғ.к. Н.А.Данияров, С.Мадекенов (қайтыс болғаннан кейін), А.Н.Данияров (қайтыс болғаннан кейін).

2008 ж., желтоқсан айының  18-і 55-жылдық мерейтойын тойлау күндері ҚарМТУ-дың 2 энциклопедиясы жарияланып, және А.С.Сағынов басшылығымен жұмыс істеген  қызметкерлердің, оқытушылардың мақала, еске түсіру жиынтығы болып табылатын «Академик А.С.Сағынов портретіне штрихтар» ұлы оқытушының естелігіне кітап жарияланды.

Сонымен қатар сол күндері білім және ғылым қызметкерлерін мәңгі есте қалдыру мақсатымен кафедра, аудиториялар А.С.Сағынов, Н.Ф.Гращенков, Е.И.Шевцов, И.И.Попов, М.А.Ермеков, А.Н.Данияров, С.С-Г.Квон, Р.П.Окатов, В.Ф. Бырька, Ш.К.Кашык аттарымен аталды, олардың естелігіне оқу корпустарында мемориалды тақталар орнатылған.

1 млн.теңге фондымен «Ең үздік оқытушысы», «Ең үздік куратор», «Ең үздік құрылымдық бөлімше», «Ең үздік кафедра», «Ең үздік факультет» атағына конкурстар ұйымдастырылды. Студенттер және жас оқытушылар ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясын алуға қатысты. Бұл бағдарлама бойынша 93 талапкерлерден 50 адам оқиды.

Белсенді студенттік жастарын ынталандыру үшін планетарлық көлемде көрнекті адамдардың атымен аталған (Абай Құнанбаев, В.И. Вернадский, К.И. Сатпаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Е.А. Бөкетов, М.О. Әуэзов, С. Сейфуллин, А.Л. Чижевский, Д.А. Қонаев, А.С. Сағынов), университет дамуына үлес қосқан профессорлар (В.Ф. Бырька, А.Е. Ермеков, И.И. Попов, А.Н. Данияров, Р.П. Окатов, Е.И. Шевцов, Н.Ф. Гращенков, М.А. Ермеков, С.С. Квон, Ш.К. Кашык, Г.К. Кущанов) 21 ректорлық стипендиясы белгіленді.

ҚарМТУ INSAM Бизнес және Басқару Жоғары мектебі (Швейцария), Technomic Consultant (Франция) Консалтингілік компаниямен бекітілген «Золотой Феникс» Халықаралық сыйлығының лауреаты болды.

Ғылым, білім және бизнес саласындағы халықаралық қатынасты нығайтудағы қосқан үлес үшін Еуропалық бизнес Ассамблеясының Ұлттық комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания 2008 ж.) ҚарМТУ ректорына А.М.Ғазалиевке Вена қаласының Халықаралық Университетінің Құрметті профессордың атағы беріліп, ал қарағанды мемлекеттік техникалық университет халықаралық бағдарламаларды іске асыру мен оқытушылар құрамының жоғары кәсіпқойлығы үшін «Еуропалық сапа» Халықаралық сыйлықпен марапатталды.

2008 жылдың қазан айында «XXI жүзжылдықтың көшбасшылары» Халықаралық имидж бағдарламасы (Ресей) ҚарМТУ-ды «Мыңжылдық марапаты» — «Адамзат алдындағы еңбек үшін» халықаралық марапатымен, ал ректор А.М.Ғазалиевті жоғары кәсіпқойлық жетістіктер мен қазіргі қоғамның зияткерлік дамуына үлес қосқаны үшін «Ұлт зияты»  құрметті марапаты берілді.

Мұражайда А.С.Сағыновтың үй кабинетінің интерьері жаңадан жасалды, бұл жерде келушілер жазу үстелін, ғалымның сүйікті креслосын, Днепропетровск тау-кен институтының студенті Сағынов Әбілдің 1934 ж. дәптерін, көрнекті адамдардың айтқан сөздерімен, А.С.Сағыновтың «О пройденном пути» кітабы, «Штрихи к портрету», «Академик Әбілқас Сағынов» В.Могильницкийдің кітаптарын көре алады. Оның награда көшірмелері ұсынылған.

 

 

Без рубрики