Исатаев Ермек

Исатаев Ермек Сакенұлы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенті, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының жүлдегерімін.

Менім конкурста қатысу шешімім бір күндік шешім болған жок. Мен ол үшін дайындалдым, ой өрісімді кенейттім, олимпиадаға қатыстым, оқу кезінде бүкіл уақытымды өз өзімді біліктірумен өткіздім.  Ешкандай күмәнсіз болашақта оқуда ғана емес, келешек мамандығына жақсы мүмкіндіктер  ашатын осы конкурста қатысуды шештім. Алдына қойылған мақсатына жету үшін бір салада білікті болу жеткілікті емес, менім ойымша, адам әр түрлі салада сауатты болу керек. Бұл әсіресе сенің ойын керек және пайдалы болып тұрса командада жұмыс істеуіне көмектеседі, сонымен қатар серіктестік сезімі бізді кез келген мәселені шешуге біріктіреді.

Ең бірінші алғысымды тәрбие және білім берген ата-анама, ҚТЛ оқыған кезімде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясынының конкурсына қатысқан кезімде қолдағандары үшін алғысымды білдіргім келеді. Білімнің негізін алған қазақ-түрік лицейіне өз мақсатыма жеткенім үшін үлкен алғыс білдіргім келеді. Мені жан-жақты тұлға ретінде және бүкіл жаңа нәрсеге қызығушылық туғызғандары үшін оқутышылар ұжымына алғысымды білдіргім келеді.

Ақпараттық және консультациялық көмек үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық Университетінің халықаралық бөлімінің қызметкері Б.Р.Жолмагамбетоваға алғысымды айтамын.

АҚШ елін таңтағанымның себебі, оның кең дамуы мен инновациялық технологияларды тез еңгізуі. Бұл оның осы жеңіл емес дағдарыс уақытында экономикалық жағдайын, тұрақтылығын күшейтуге көмектеседі.Оқу жағдайында маған оқушыға деген бірегей бап, әдістемелерінің сонылығы, студенттердің өздерін өздері басқаратындары, басқа ЖОО-лармен оқытудың бірізділігі мен байланысы, сонымен қатар түлектердің жоғары рейтингі ұнайды.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері өнеркәсіптің барлық салаларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Қоршаған ортаға қараңыз, адамның қолы мен ақыл-ойымен жасалған көптеген таңқаларлық нәрселерді көресіз: радио, телефон, автомашиналар, кемелер, ұшақтар, ракеталар… Бірақ адамдардың мүмкіншіліктері шексіз. Қазіргі өмірді жаңа технологияларсыз елестету қиын. Себебі онсыз ғылыми прогресс те, елдің индустриялық іргетасы да бола алмайды. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар мемлекет үшін өте маңызды, сондықтан мен таңдаған факультет маған заманауи ақпараттық технологияларды түсінуге, ақпараттың құрылымын, қасиеттерін танып, болашақта елдің индустриялық күш-қуатын дамытудың жалпы ісінде қолдануға көмектеседі.

ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы- бұл дарынды, қабілетті жас адамдарға олардың өз елдері үшін мықты тірек боламын деген ынталарын қолдайтын тамаша бағдарлама. Бұл олардың еңбектерінің әділетті бағасы және еліміздің гүлдеуінің кепілі. Барлық үміткерлеге сәттілік, жігерлілік, сабыр тілеймін, себебі ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын алу жеңіл болған жоқ. Сондықтан, менің ойымша бұл қасиеттері бар адам міндетті түрде өз мақсаттарына жетеді.

Без рубрики