Инженерлік педагогика орталығының директоры

Директор ЦИП

Смирнова Галина Михайловна

Лауазымы, қызмет орны: Инженерлік педагогика орталығының директоры

Туған жылы, айы, күні және ожері: 06.1960 ж., Қарағанды қ.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:  педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика доценті, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі.

 1984 ж. Қарағанды Қызыл Ту Орденді политехникалық институтының  «Машинажасау» мамандығы бойынша тәмамдап, машина жасау пәндерінің инженер-оқытушысы біліктілігін алды.

1988 ж. Қарағанды политехникалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы қызметін атқарды;

1989 ж. – Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы;

2004 ж. – «Жалпытехникалық пәндердің және еңбекке баулу пәндерінің әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі;

2003 ж. мамандығы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бойынша  диссертация қорғады.  13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы және әдістемесі; 2006 ж. – доцент ғылыми атағын алды;

2008 жылдан бастап, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Басқару методологиясы және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі;

 2009 ж. – Кәсіби-техникалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және техникалық және кәсіби білім беру педагог қызметкерлерінің салаларалық орталығының басшысы;

2014 ж. Инженерлік педагогика орталығының директоры  (ИПО).

 2012 ж. – Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі.

 2013 ж. – ҚР БжҒМ «ЖОО ең үздік оқытушысы –2013» атағының иегері;

 2013 ж.білім беру саласындағы көпжылғы еңбегі және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ҚРБжҒМ-нің мақтау грамотасымен марапатталған.

2015 ж. – Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының Эксперттік кеңесінің мүшесі;

Галина Михайловна ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде шұғылданып, үнемі халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға қатысып отырады.

Ғылыми потенциалы өте жоғары  –  2006 ж. кәсіби білім беру саласындағы мемлекеттік бюджеттік тақырыптарға ғылыми басшылық жасайды.

Төменгі тақырыптағы жобаларға басшылық жасаған:

  • «Кәсіби-техникалық кадрлардың біліктілігін жоғарылату жүйесі ғылыми-теориялық негіздерін жасау» «Гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы аясында экономика, социология және гуманитарлық салалар бойынша ірі ғылыми зерттеулер жасады; (2012-2014 жж.);
  • «Техникалық және қызмет көрсету кадрларының дайындығын әлеуметтік серіктестік негізінде арттыру» білім беру саласының қолданбалы ғылыми зерттеулерін жасады  (2009 -2011 жж.)

Білім беру саласының қолданбалы ғылыми зерттеулері аясында «Қазақстанның индустриалды дамуы үшін инженер-педагог кадрларды дайындаудың инновациялық әдістемесі» және «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы жағдайында жастарды кәсіби бағыттаудың инновациялық негіздері (2015-2017 жж.), «Техникалық және қызмет көрсету кадрларының қажеттілігін анықтау», «ТжКББ оқу ұйымдарының түлектерінің бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету» (2009 -2011 жж.), «ЖОО және жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік серіктестік моделі» (2006-2009 жж.).

100-ден астам жарияланымдары, оның ішінде  монография, оқу құралдары, авторлық куәліктер,  интеллектуалдық жекеменшік куәліктері бар

Г.М. Смирноаваның ғылыми-зерттеу жұмыстарының аясы  кәсіби білім беру, ТжКББ мамандарының біліктілігін арттыру, әлеуметтік серіктестік, дуалды оқыту бағыттарын қамтиды.

ТЕМПУС QUEECA халықаралық  ғылыми жобаларының қатысушысы – «Орталық Азиядағы инженерлік білім беру сапасы», Еуропа Білім беру қоры – «Орталық Азияда үздіксіз өмір бойы білім беру мектебін дамыту», «Халықаралық коммуникация және даму орталығы» (Болгария) – «Шексіз мамандық», Герман халықаралық даму қоғамы (GIZ) – «ҚР КжТББ қолдау көрсету»  және басқалар.

«Кәсіби оқыту, білім беру және бизнес кадрларын кәсібилендіру» іс-шараларында тәжірибе алмасуға қатысты.

Герман халықаралық даму қоғамы (GIZ) Кәсіби білім беруге қолдау көрсету, Техникалық әріптестік қорының (RKK, Норвегия, ж. Ставангер) жобалары аясында) кәсіби білім беру халықаралық тәжірибелерін зерттеу тобының мүшесі болды – «ҚР білім беруді реформалау процесін қолдау мақсатында қыздар және әйелдерге кәсіби білім беру».

 2011 ж. Г.М. Смирноваға Халықаралық Инженерлік Педагогика Қоғамының (IGIP)  Инженерлік пәндердің халықаралық оқытушысы атағы берілді.

2013 ж. Еуразиялық Одақтың ҚР арналған  DCI  бағдарламасында ұлттық эксперт ретінде баяндама жасады. Жоба:  GIZ/GOPA «ҚР кәсіби-техникалық білім беруге қолдау көрсету» — Компонент 6 «Тағылымдама».