Интернет – олимпиада жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды


2017 жылдың 19 қаңтары күні  сағ 15:00 — 16:00 университеттің  бас корпусындағы акт залында   Интернет – олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі болып өтті.  

Қазақ және орыс тілдерінде 05.12.2016 ж. –19.01.2017 ж. аралығында өткен Интернет-олимпиадаға   Қарағанды облысы және Қарағанды қаласының оқушылары қатысты.  Білім сайысы мына пәндер бойынша өткізілді:

  1. Математика
  2. Физика
  3. География
  4. Қазақстан тарихы Химия
  5. Биология
  6. Қазақ тілі
  7. Орыс тілі

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, жеңімпаздар мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Іс-шара соңында оқушыларға арнап, ҚарМТУ-дың шығармашылық үйірмелерінің қатысушылары дайындаға шағын коцерттік бағдарлама ұсынылды.

Без рубрики