Интернет олимпиада


Он бірінші сынып оқушыларының назарына!

Біздің Университетімізде 2013 ж. наурыз айының 6-нан бастап, 2013 ж. сәуір айының 4-не дейін Қарағанды және Қарағанды облысының ЖОО дейінгі оқу мекемелерінің 11 – сынып оқушыларына төрт пән: информатика, география, орыс және қазақ тілдері бойынша Интернет – Олимпиада өткізіледі.

Олимпиада кезеңдері:

I кезеңҚатысушыларды тіркеу.

Қатысушыларды тіркеу 2013ж. 12-ші ақпан күнінен  2013 ж. 25 ақпан күніне дейін ЖОО дейінгі оқу мекемесінің әкімшілігінен (мектеп, гимназия, лицей), ұжымдық сұраныс арқылы келесі үлгі бойынша өтеді:

 

Олимпиада қатысушысының аты-жөні
(толығымен)

Олимпиада пәні

Оқыту тілі

Қала, район

Мектеп №

Жауапты тұлға (аты-жөні телефон, e-mail)

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраныстар cmdo@kstu.kz e-mail-ге, тек MS EXCEL таблицасы түрінде қабылданады. 2013 ж., ақпан айының 25-нен кейні сұраныстар қабылданбайды.

Бір адам бір пән бойынша ғана Олимпиадаға қатыса алады!

 

II кезеңЛогин және пароль жіберу.

Онлайн тестілеуге порталға кіру үшін ЖОО дейінгі оқу мекемелерінің жауапты тұлғаларына олимпиада қатысушыларының пароль және логиндерін жіберу.

 

III кезең – Сырттай айналым (онлайн тестілеу).

Онлайн тестілеуге 2013ж. наурыз айының  6-нан  сағат 10.00 –нан 2013 ж. наурыз айының 12-сі,  сағат 15.00-ге дейін http://edu.kstu.kz/ Университет сайтында кіруге болады. Информатика, география пәндерінен – тестілеу, ал орыс және қазақ тілдерінен – шығарма (дайын жұмыстарды cmdo@kstu.kz e-mail-ге жіберу)

Шығарма бағалаудың белгілері

 

IV кезеңКүндізгі айналымның қатысушылар тізімін жариялау

Күндізгі айналымның қатысушылар тізімі  2013 ж. наурыз айының  19 күні www.kstu.kz Университет сайтында «Талапкерге» — «Оқушы назарына» http://www.kstu.kz/vnimanie-shkol-nik/ бөлімінде жарияланады.

 

V кезеңКүндізгі айналым.

Өткізу жері: Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 56. Күндізгі айналымның қатысушылары Интернет-олимпиаданың сырттай кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған алғашқы отыз қатысушы болады.

Өткізу мерзімдері:

4 сәуір 2013 ж.  сағат 9.00 –дан  11.00 –ге дейін  – Барлық пәндер бойынша Олимпиаданың күндізгі айналымын өткізу.

4 сәуір 2013 ж.  сағат 15.00 -де –Интернет-олимпиада жеңімпаздарын марапаттау.

Без рубрики