Инновациялық технологиялар колледжінде «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.


 

19 наурыз күні Инновациялық технологиялар колледжінде «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекені колледж директоры  Н.А.Смағұлова барша жиналғандарды құттықтау сөзімен ашты. Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері барлық ҚарМТУ ұжымын құттықтап, ұмытылмас мереке өткізді. Студенттер өлең оқыды, ән айтып, флешмоб биледі.  «Наурыз» әні салынды, қазақ биі биленді. 1 корпустың 1 қабатында колледж студенттері дастархан жайып, халыққа Наурыздың дәмін ұсынды. Әр топтың дастарханынан дәм татқан ҚарМТУ оқытушылары мен студенттері ұнаған дастарханға өз дауысын берді.

Колледж директоры Н.А.Смағұлова ҚарМТУ ұжымын құттықтап, колледжіміздің студенттерін «Берекелі дастархан» номинациясы бойынша арнайы мараппаттады.

Без рубрики